Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

Жастарға Орталық қызметі туралы ақпарат берілді

Бүгін Павлодар қаласындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан 6679 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Шараға облысымыздың әр аумағындағы мекетептердің жоғарғы сынып оқушылары және колледж студенттері қатысты. Мақсаты – мектеп бітірушілерді әскери салаға  қызықтыру, болашақ Отан қорғаушыларды әскер өмірінен хабардар ету.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының іске асуына жәрдемдесу мақсатында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі аталған әскери бөлімге заңгерлік кеңес, жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық-кеңес берулер, мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларын түсіндіру жұмыстары бойынша мобилді Жастарға қызмет көрсету орталығын (ЖҚКО) ұйымдастырды.

-Әскери билеттері бар азаматтарға ІІД ЖПҚ-да (жергілікті полиция қызметі) 66 бос жұмыс орындары бар. Орталықта сонымен қатар, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлінген. Жақында, «StudentFest» жобасының аясында, Студенттік көктем байқау өтеді, -деді Орталық инспекторы Оразбек Бақытхан.

Шараның соңында оқушыларға Орталық қызметі жайында толық ақпараттар берілген брошюралар таратылды.

 

 

 

 

                             
0
0
1104

БАЙҚАУ! EXPO-2017 көрмесіне билет ұтып ал!

"Әлеуметтік-волонтерлік орталығы" ЖҚБ Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен "Сен EXPO-2017 туралы білесін?" викторинасы іске қосылғаны туралы  жариялайды,  викторина 2017 ж.11-14 сәуір аралығында  жалғасады.

Викторина қатысушыларына қағидаларды оқу және барлық 6 сұраққа жауап беру қажет болады.

Жауаптарды  [email protected] электондық поштаға жіберіңіздер.

Сонымен қатар, Сізге байланыс деректерін қалдыру туралы хабарлаймыз.

Сұрақтардың  жауаптары ағымдағы жылдың 14 сәуірі сағат 20.00-ге дейін қабылданады.

Викторинаны қорытындылау ағымдағы жылдың 15 сәуірінде сағат 17.00-де Жастарға қызмет көрсету орталығында өткізіледі. Ең жарқын және толыққанды жауап берген  жеңімпаз "EXPO-2017" тегін билет алады.

 

Викторина сұрақтары:

1. EXPO  алғаш рет ұсынылған ең танымал өнертабысты  атаңыз, және олар адамзаттың дамуына қалай әсер етті?

2. Халықаралық Көрмелер бюросының құрылуы  туралы және осы бюро орындайтын функциясы туралы айтып беріңіз.

3. Сіз үшін "жасыл" технологиялар фразасы не білдіреді. ЕХРО-2017 тақырыбы туралы толығырақ айтып беріңіз.

4. Как ЕХРО связано с культурой и её развитием?

5. ЕХРО-2017 үшін неге Астана қаласы таңдалды?

6.  ЕХРО-2017  талисманы  не болып табылады? Неге?

 

Контакттық телефондар:

87051396540 - Кайдарова Торгын ("Әлеуметтік-волонтерлік орталығы" ЖҚБ үйлестірушісі  )

87711981158 - Курманова Аяжан ("Әлеуметтік-волонтерлік орталығы" ЖҚБ үйлестірушісі  )

   
0
0
1214

«Алдаспан» ақындар клубы Алаш сыйлығының иегерімен кездесу өткізді

Бүгін Павлодар облысы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі және «Алдаспан» жас ақындар клубының мұрындық болуымен шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, қазақ поэзиясына өзгеше рең, өшпес бояу беріп, тірі аңызға айналған ақын, Алаш Халықаралық сыйлығының иегері Арман Қани Бақтанұлына арналған «Егіз дүние»  атты жыр кеші өтті.

Әдеби кешке өңірдің әдебиет майталмандары, Арман Бақтанұлы оқыған Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия шәкітттері, ЖОО және колледж студенттері қатысты.

Арман Қани Бақтанұлы жақында Кереку өлкесінің әдебиет өкілдерінің арасында тұңғыш болып «Сен және мен» кітабы үшін Халықаралық Алащ әдеби сыйлығын алған болатын.

Шара «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі директоры орынбасары С.Б.Жүсіпбаевтың құттықтау сөзімен басталып, Орталық атынан шағын сый-сыяпат жасалынды. Бұдан кейін ақын өмірі жайлы деректі фильм көрсетілді.

Кеш  шымылдығы Мизан Жұмәлінің орындауындағы «Бұлбұлым» әнімен ашылып, ПМПИ студенттері Алтынбек пен Бердіқожа ақыннның «Интернатты еске алу» өлеңімен оқуымен жалғасты. Алмас Ақтасов та«Мұзжарған» деп аталатын арнау өлеңімен көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе «Мұрагер» шығармашылық бірлестігінің мүшелері Ақерке мен Нұрсұлтанның орындауындағы «Сырласу» қойылымы жиылған жұртты тәнті етіп, көздеірне жас үйірді. Қойылым ақ параққа қалам сыздырып, қазақтың киелі домбырасымен сырлас болған ақын қызымыз Алмагүл Жүгінісқызының «Мұңдасу» өлеңі мен Арман ағамыздың «Сыр ашу» өлеңінің желісімен құрылған.

Арман аға, бәрі сізді күрескер ақын ретінде таниды ғой! Сізді, мен Керекудің Қайрат Рысқұлбегі дер едім! Гимназия қабырғасында оқығаныңызда «Жас Ұлан» ұйымын құрдыңыз! Тіпті, осы үшін сізді оқудан шығарды! Мақсаттарыңыз не еді? Жасұланның соңы немен аяқталды? деген сауалға: -Павлодар қаласында 30-дан артық мектеп болды, соның 2-і ғана қазақша болды.Тіл мәселесіне келгенде тепіріш көре бастадық. Осының бәрі әсер ете бастады. Алаш қайраткерлерінің еңбектерін оқыдық. Содан солардың ізімен осы ұйымды құрған едік, -деп өткен күндерді ерекше толғаныспен еске алды.

Шара соңында Арман ағамызға «Алаш қайраткерлерінің білім ордасы» атты кітап тарту етіліп, ескерткіш қолтаңбасы алынды. Қара өлеңін оқитын ел аманда мына сиқыры мен сыры мол ғаламды өзінің құндағында тербетер құдіретті жырларының өз халқымен, өз даласымен бірге ғұмыр кешері ақиқат!

0
0
2041

«Батырлар жолымен – Дорогой славы» экспедициясының пресс-конференциясы өтті

5 сәуірі күні Жастар бастамаларын дамыту орталығының ғимаратында «Батырлар жолымен – Дорогой славы» экспедициясының қатысушыларның       пресс-конференциясы өтті.

Еуразиялық Одақтың (ERG) «Батырлар жолымен – Дорогой славы» халықаралық патриоттық жобасының аясында «Майдан жолы» ғылыми-ізденуші тобы былтыр іске асқан болатын, экспедицияның биылғы бағыты Ресей Федерациясының Новгород облысына аттанады.

-Бүгінгі кезеңге дейін Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен екі жақты келісімдер сәтті жүзеге асты, жоба іздеу жұмыстарының негізгі бөлігі өтетін Староруского ауданының қалалық әкімшілігінен де қолдау тапты, -дейді эспедиция жетекшісі Алексендр Шитов.

ERG-дің халықаралық патроттық жобасының аясында іске асатын іздеу экспедициясының Новгород облысына ат басын бұруы, алғашында 316-шы атқыштар дивизясы болып құрылып, кейін И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардия болып өзгерген дивизия жауынгерлерінің ерліктерін зерттеуді жалғастыруды мақсат етеді.

Старая Русса қаласы 1942 жылдың 7 қаңтары мен 20 мамыр аралығындағы Демян басқыншылық операциясының алғашқы нүктесі болып табылады. И.В.Панфилов ат. 8-ші гвардиялық дивизя әскерлері жауды алғаш болып қарсы алды. Фашист басқыншылығына өз өмірінің құнымен тойтарыс бергендердің арасында Төлеген Тоқтаровта болды. Ерлігі мен батыл шешімдерінің арқасында Төлеген Тоқтаров өз артынан жауынгерлерді ерте білді. 1942 жылдың 7 ақпанында Бородино ауылы үшін болған шайқаста Төлеген Тоқтаров жау отырған үйге басып кіріп, бес бірдей  жау әскерін қырып салады. Төлеген Тоқтаров 1942 жылы 10 ақпанда ерлікпен қаза табады. Бұл күні ол отырған окопқа гитлершілердің тұтас взводы шабуыл жасаған болатын.Ұрыс кезінде ержүрек батыр жарақат алғанымен, жауға қарсы шабуылды тоқтатпады. Оқ таусылды. Күші сарқылған гвардейцке фашист офицері қарсы жүгіреді. Тоқтаровта соңғы күшін жинап тізесінен тік тұрып жауға қарсы ұмтылды. Ақыры фашист офицерін қаруының сабымен ұрып құлатқанымен, басқа фашист әскерінің оғынан ажал құшты.

Ержүрек гвардияшы Новгород облысының Старорусского ауданының Бракловицы ауылында жер қойнына тапсырылған. КСРО Жоғары Президиумының Кеңесінің шешімімен 1943 жылыдң 30 қаңтары күні майдан алаңындағы соғыс ұрыстарында көрсеткен көрегенділігі, неміс-фашист басқыншыларына қарсы көрсеткен ерлігі мен көрсеткен қарсылығы үшін Төлеген Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

«Батырлар жолы» жобасының басты шараларының бірі Ресей Федерациясы Новгород облысының Старая Русса ауылын жау әскерінен азат ету кезінде 1942 жылдың 10 ақпанында ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровқа ескерткіш-бюсттың ашылуы болып табылады.

Экспедицияға кез-келген ниет білдіруші қатыса алады. Толық ақпарат: 87015268286, Александр Шитов, командир.

   
0
0
1069

ПМПИ студенті «WorldSkills Kazahstan Pavlodar – 2017» байқауының жеңімпазы атанды

«WorldSkills Kazahstan Pavlodar – 2017» аймақтық жұмыс мамандықтарының соңғы байқауы мәресіне жетті.

Осы жылы байқау 15 бағыт, оның ішінде алғаш рет «Дизайн және модельдеу» бағыттары бойынша өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ПГПИ студенті Нуркина Айымгүл байқау жеңімпазы болып танылды.

Іс-шараны Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы өткізді.

«WorldSkills Kazahstan Pavlodar – 2017» жұмыс мамандықтаырының аймақтық бәйгесінің жабылу салтанаты 2017 жылдың 7 сәуірінде саағат 11:00-де Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.М.Бегентаевтың қатысуымен Достық концерт залында өтеді.

Анықтама тел: 8 (7182) 66 09 57, +8747 311 21 93, e-mail: [email protected]

0
0
1205

Павлодарда «Generation Next» Республикалық журналының таныстырылуы өтті

31 наурыз күні «Жастар бастамларын дамыту орталығы» КММ-де жастар мен студенттерге арналған «Generation Next» Республикалық жастар журналының өңіріміздегі таныстырылуы өтті. Жобаның басты мақсаты – білім мен ғылым, спорт, қайырымдылық саласындағы өзекеті жаңалықтармен бөлісудің онлайын-платформасын құру.

Жобаны құрастырушылар Алилия мен Амина Нарықбаева атты мектеп оқушылары. Әрбір 10 және 19 жас араылығындағы қазақстандық қызықты жаңалықатарымен бөлісе отыра, журналдың тілшісі атана алады.

Павлодар өңірі әрқашан жас таланттарымен танылған. Бізде сіздерден жаңа материалдар мен жаңалықтар күтеміз! Жаңалықтарды үш тілде жариялаймыз, - деді журналдың шығарушы редакторы  Сайран Кильдибекова.

Айта кетерлігі, 18 наурызда Астанада тұсауы кесілген басылым, өңірлер арасында алғаш болып Павлодар облысында таныстырылды. Журналдың келесі тұсаукесерлері Шымкент, Тараз сияқты қалаларда өтетін болады.

 

Алтынбек Мақсатхан

0
0
874

Павлодарда ІІМ Қарағанды Академиясының кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті

Ішкі істер органдарындағы қызмет –бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Жауапкершілігі мол, қауіп пен қатерге толы жұмыс болса да, абыройлы міндет.

2017 жылдың 30 наурызы күні Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-де ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының колледж түлектеріне арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті. Оған Павлодар қаласы колледждерінен 160-қа жуық студент қатысты.

Кездесу барысында ҚР ІІМ Қарағанды академиясының мамандары Лия Бейсенова Н.Ахметжанова келген студентерге оқу орны жайлы, түсу талаптары сияқты маңызды тақырыптар бойынша ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 1969 жылы құрылды. Қазіргі уақытта ЖОО-ның құрамында төрт институт, он үш кафедра, екі оқу орталығы және адам саудасына қарсы күрес бойынша мамандарды даярлау жөніндегі орталығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша мамандарды даярлау жөніндегі ведмствоаралық оқу орталығы бар.

Шара барысыда келген студенттерге аталмыш оқу орны жайлы бейнеролик пен Қарағанды академиясы шәкірттерінің патриоттық бағыттағы флешмобы көрсетілді. Жиналғандар арасында оқуға түсу мәселесі, оқу түрі, жатақхана, шәкіртақы сияқты сұрақтар көптеп қойылды.

-Біздің оқу орнында барлық мамандықтар тегін түрде, бірақ оған тиісті емтихандарды тапсырып өтесіз. Ол үшін ең бірінші жергілікті жердің ІІД жүгінесіз. Ал студент оқудан, яки, жұмыстан шығып қалса оның оқуына жұмсалған қаражатты мемлекеттке қайтаруға мәжбүр болады , - деді күндізгі оқу бөлімінің басшысының орынбасары Лия Бейсенова.  Сөз соңында Қарағанды академиясының мамандарды жиналғандарды болашақта біздің оқу орнының қабырғасынан көреміз, әрі мемлекеттке қалтқысыз қызмет етеді деген сенімдерін білдірді.

Алтынбек Мақсатхан

0
0
1497

Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды

2017 жылдың 28 наурызы сағат 11:00-де Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ-де жұмыссыздарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтті. 320 бос жұмыс орны ұсынылған жәрмеңкеге, 44 жұмыс іздеуші қатысты.

Шара басында сөз алған Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Кәшкенова Хелуа Қазымқызы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы туралы түсіндірді.

Бұл бағдарлама бойынша табысы төмен қазақстандықтарға, өз шаруасын бастау үшін мемлекеттік қолдау жасалады. Негізгі мақсат - халыққа өз табысын арттыруға мүмкіндік беру.  Сонымен қатар, Хелуа Қазымқызы жұмыс іздеушілерге педагогикалық мамандықтар бойынша әсіресе ауылдық жерлерде бос жұмыс орындары мол екенідігін тілге айтты.

Шара барысында Жұмыспен қамту орталығының қызмет тиімділігін арттыру мақсатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, оған 44 адам қатысты.

Жұмыс берушілер ретінде 18 ұйым қатысты. Олардың ішінде: «Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ, «Кастинг» ЖШС сынды техникалық сала өкілдері бар. Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясыда электромонтердің 11, инженердің 2 бос жұмыс орнындары ұсынылса, «Кастинг» ЖШС-да электромонтерлердің 2, слесарь-дәнекерлеушілердің 5 жұмыс орны ұсынылған.

Сонымен қатар аталған жәрмеңкеде  Цеснабанк, Халық банк, Казкоммерцбанк, Павлодар обылсы ІІД, Асқар ЖШС, «ВолсПроект Строй» ЖШС, «Half to half» ЖШС, «Оразалин» ЖШС, «М-Ломбард» ЖШС, «Led Инстустрия» ЖК, «Чаплинская» ЖШС және т.б. кәсіпорындар бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 9 адам тұрақты жұмысқа шақырылды.

Алтынбек Мақсатхан

 
0
0
858

Жастарды қолдау мақсатында 21 миллион доллар бөлінді

27 наурыз күні «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдар, мекемелер, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орындарының, Павлодар өңірі бойынша жастар ресурстық орталықтарының, өкілдері үшін, жастар корпусын дамыту Жобасын іске асыруын, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қолдауымен гранттық бағдарламаның және конкурсқа қабылдаушы ұйымдардың шартын түсіндіру бойынша ақпараттық кездесу өтті.

Аталған жоба ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің бірлескен жобасы. Кездесуге үйлестіру агенттігінің екі өкілі қатысты, бағдарламалық бөлімі бойынша орынбасары Алена Баянбекова мен гранттар жөніндегі маманы Карибаева Инара. Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен, Жастар корпусы дамыту жобасының бастамашылары Үйлестіру агенттігі болып табылады.

Жобаның мақсаты – жастардың, оның ішінде әлеуметтік әлсіз топтарының қоғамның өміріне және өмірлік қажеті бар дағдыларды дамытуға қоғамдық-пайдалы әрекеттер бағдарламалары  арқылы қатыстырылуын ынталандыру.

  • оқудан өнімді жұмысбастылыққа өтуге қажетті дағдыларды дамыту;
  • жастарда бастамашылдықты, қоғамдық-пайдалы әрекеттерді дамыту;
  • жастардың қоғамдық өмірге бірігуінің деңгейін арттыру;
  • жастармен жұмыс бойынша білікті мамандарды даярлау.

Жиын барысында барысында Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін 21 млн. 763 мың доллары мөлшерінде грант бөлінгендігі жеткізілді.

Жалпы жоба үш компоненттен тұрады.

1-ші компонент. Қоғамдық-пайдалы әрекеттер дағдыларын оқыту бағдарламасын қолдау. Компоненттің жалпы соммасы – 20 млн АҚШ доллары.

2-ші компонент. Жастар саясатын іске асырудың институционалды дамуын қолдау. Компоненттің жалпы соммасы – 763 мың АҚШ доллары.

3-ші компонент. Жобаны басқару, бағалау және оның мониторингі. Жалпы соммасы – 1 млн АҚШ доллары.

Бұдан өзге, жоба аясында жастар жобалық басқару, қаржы сауаттылығы негіздері, маркетинг және сәйкес есеп берулер жасау бойынша оқытудан өтеді – дейді, Координационного агенттіктің жетекшісі орынбасары А.В. Баянбекова.

Әзірге 2017 жылы Павлода, Алматы, Қарағанды және Оңтүстік Қазақсатн облыстарында жобаның пилоттық нұсқасы іске асады.

Кездесу соңында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала білді.

0
0
615

«Селтеткізер» дәстүрін Павлодарда ұмыт қалдырған емес

Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың - наурыз Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Күн мен түннің теңелген шағы, көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды.

Дәл осы 22 наурыз Күн мен Түннің теңелген уақытында Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен «Серпін» студенттері Ертіс жағасына келіп, қазақша жыл санау бойынша жылдың соңғы кешін шығарып салды.

Көктем келді дегенше, махаббатқа бөленетін шақ келді дегейсің. Шаттық пен қуанышқа бөлейтін Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурызбен бірге ғашықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін білдіретін, жүректердің лүпілін сездіретін ерекше мүмкіндік келеді. Жас жігіт сүйіктісіне "селтеткізер" жасайтын, қыздар да көңілі қалаған жігітіне «ұйқыашар» тарту ететін сәт туады.

22 наурыз күні, күн мен түн теңескен уақытта, жұрт ұйықтап қалмауы үшін жас келіншектер, қыздар "ұйқыашар" деп аталатын дәм тағайындап, өздері ұнатқан жігіттерге апарып береді. Ұйқыашардың қарымтасына жiгiттер селт еткендіктен "селтеткiзер" рәсiмiн жасайды. Сыйлықтар да сол кезеңге сай, айна, тарақ сияқты бұйымдар болған. Осы күні дәстүрімізді жалғастырып, 22 наурызда сүйген қызыңыз «ұйқыашармен» қуантса, селт еткен жүрегіңізді тарту етіп, "селтеткiзер" сыйлаңыз. Кереку жастары да қазақтың осы бір әдемі дәстүрін ұмыт қалдырмай шара барысныда бір-бірлеріне «ұйқы ашар» мен «селтеткізер» сыйлаудан тайсалған жоқ.

 
0
0
1359