Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

Жастар орталығында Бос орындар жәрмеңкесі өтті

 

2017 жылдың 13 маусым күні сағат 11:00-де Жастар Орталығында жұмыссыздарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған қаламыздағы 14 пен 29 жас аралығындағы жұмыс іздеуші қатысты.

Жұмыс іздеушілерге бірнеше жұмыс берушілер толымды жалақы ұсына білді. Мысалы «Подорожник» фастуфут тағам өнімдерін сататын дүңгіршек жұмыскерлеріне күндік табыстың 8 % ұсынамыз деп отыр. Одан бөлек 50.000 теңгеден жоғары жалақыны 14-29 жас аралығындағы жастар «Жасыл ел» жасағына қосылу арқылы таба алады.

Ал «Билайн» компаниясы өздеріне сауда өкілдері мен операторлаарды іздейді. Сонымен бірге, 14-15 маусым күні Жастар Орталығында мемлекеттік қызметтер үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

 
0
0
538

Қала әкімінің бастамасымен «Жастар – Таза қала үшін!» акциясы басталды

Ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап қаламызда «Жастар – Таза қала үшін»! – «Молодежь за чистый город»! атты әлеуметтік патруль  акциясы басталатын болады. Осыған орай Жастар Орталығында жиын өтіп, Аталған акциядағы еріктілердің жұмысын үшін еріктілер қызметін дамыту орталығының жетекшісі Айгүл Серікқызы Кенжетаева толыққанды түсіндірді.

Әлеуметтік акцияны қолға алған еріктілер тарату қоршаған рпта мен табиғатты қорғау туралы ақпарат енгізілген қағаздары мен буклеттер дайындап, қоғамдық орындар, кафе, дүкендерде кездескен адамдарға таратты.

«Жастар – Таза қала үшін»! – «Молодежь за чистый город»! атты әлеуметтік патруль  акциясы Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің бастамасымен жүзеге асқан болатын. Әлеуметтік патрульдің негізгі мақсаты қаланың әлеуметтік мәселелерін анықтап, уақытылы қоқыстан тазарту, шағын сәулет құрылыстарының жөндеу жұмыстары, маңдайшалар мен ілмелердің кеткен қателіктерін және т.б түзету болып табылады.

Алтынбек Мақсатхан

0
0
723

Павлодарлықтар ҚР Рәміздерінің 25-жылдығын бар сән-салтанатымен атап өтті

Биыл Елдігіміздің тұтқасы, Егемендігіміздің нышаны саналатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Осыған Орай Орталық жағажайда мыңдаған адамдардың қатысуымен үлкен іс-шара болып өтті. Бұл күні сонымен бірге, Жастардың жазғы Арбаты да өз тұсауын кесіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.

Әнші-биші, суретші, автосүйерлер, табиғат қорғаушылары, зергерлер, спортсүйерлер және басқа да Павлодардың талантты жастары бір сәтте Орталық алаңға жиналып өз өнерлерін паш етті. Жылда жастар Арбаты Ленин немесе Гагарин саябағында өтсе, биылғы жылы қалалықтардың сүйікті орны саналатын Орталық жағажайда өтуінің өзі шараның ауқымдылығын білдірсе керек.

Кеш облыстық  Тумен сап түзеу топтары арасындағы байқау жеңімпазы 21 мектеп оқушыларының Туды салтанатты түрде енгізумен басталып, кішкентай бүлдіршіндердің әнұранды шырқауымен жиналған жұрттың рухын көтерумен есте қалды.

Жалпы бұл кеште тек үздіктер өнер көрсетті десек қателеспегеніміз. Әсіресе, облыстық «Студент көктем» байқауының жеңімпазы  Рыбалко Юрийдің орындауындағы «Атамекен» әні кештің сәнін кіргізді десе болады. Одан бөлек сахна төрінде көптеген би топтары өкілдері өнер көрсетіп, кешті жандандыра түст. Сонымен қатар, бұл күні Орталықтың бойтұмары  «ЖасMan» қалың көпшілік назарына таныстырылып, қалың жұртпен бірден дос болып кетті. Келсіде іс-шаралардың бірінде «ЖасMan»-ді көріп қалсаңыз, бұл іс-шарын Жатсар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырып жатқанын біліңіз!

Ертіс жағасында өтетін іс-шарада қала қонақтары мен тұрғындары спорттық, әдеби-көркем, мәдени және т.б іс-шаралардың куәсі бола алады. Барлығы ұйымдастырушылар 11 түрлі форматтағы алаңдар дайындаған болатын. Ашық аспан астында өзіңізді суретші ретінде байқап көруге, күшіңізді сынап, спорттық қабілетіңізді жетілдіруге, түрлі дәмді тамқатардан дәм татып, орта ғасырлық жауынгерлердің шайқасын тамашалап, қолыңызға қынамен өрнек салдыруға, ерекше жануарлардың түрімен суретке түсіп, зергерлердің бұйымдарына баға бергісі келгендерге таптырмас мүмкіндік болғандай.

Сонымен қатар, ашық аспан астында мобилді ЖҚКО (жастарға қызмет көрсету орталығы) жұмыс жасады. Ол жерден әр адам тұрғын-үй, кәсіпкерлік, жұмысқа орналасу сияқты сұрақтарға жауап ала алады. Одан бөлек бизнес-цех және Start-up жобаларын мен «Жасыл ел» жұмыстарымен жақын танысуға мүмкіндік алды.

- Жастар жазғы арбаты жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара. Жаз бойы жастар ән салып, спорттық ойындарға қатысады және өздерінің қолөнерлік жұмыстарынқа қалың жұртқа ұсына алады. Бұдан кейін арбат аптаның сенбі және жексенбі күндері қала тұрғындарымен жаз айының соңына дейін кездесіп тұратын болады. Мұнда білім беру, мәдениет, спорт басқармалары өздерінің талантты өкілдерін жібереді. Биылғы жылы алғаш рет жас кәсіпкерлер сауда жасауда, - дейді жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Айгүл Садықова.

.

Алтынбек Мақсатхан

 
0
0
902

Павлодарлық шығармашылық ұжымдар мен музыкалық ансамбльдердің мерекелік шеруі өтті

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Павлодар қаласының Орталық жағажайында Павлодарлық шығармашылық ұжымдар мен музыкалық ансамбльдердің мерекелік шеруі өтті. Оған облысымыздың қалалары мен аудандарындағы өнер және шығармашылық мектептерінің оқушылары қатысып,  салтанатты түрде сап түзеп, Орталық жағажайдың алаңымен жүріп өтті.

Шерудің мақсаты – бұл шеруді қолдау және дамыту, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретіндегі оқушылар мен студенттердің көше-фестиваль шеруі.

Шеруді ұйымдастыруға және өткізуге жергілікті бюджеттен 65,1 млн. теңге бөлінсе, «Samruk-Kazyna Trust» компаниясы 49 млн. 950 мың теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсеткен.

Павлодар облысы Білім беру басқармасы басшысыынң орынбасары Ернұр Дәуенұлы аталған іс-шараға 4500 баланың қатысып 45 бағанаға бөлініп өнер көрсеткенін жеткізді. Олардың 34-і қорап – үрмелі оркестрлер ұжымы, қазақтың, орыстың ұлттық ішекті аспаптары, барабаншылар, маржорет, черлидер бағаны, би және хор ұжымдары 34 көркемдік би шығармаларын орындады.

Шеруге қатысқан музыкалық ұжымының әрқайсысы үшін – көркемдік-эстетикалық дамыту нысаны, балалар, педагогтар және ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсететін таптырмас мүмкіндік болғанын айта кету керек. Көздің жауын алған парадқа қатысушылардың киімі арнайы тапсырыспен алдын-ала тіктірілген. Айта кетерлігі бұндай шара өңірімзде бірінші рет ұйымдастырылуда.  Айта кетерлігі аталған шеру Рспубликамыздың барлық өңірінде ұйымдатсырылып оған жалпы саны 40 мыңанан астам қатысуда.

Музыкалық және шығармашылық ұжымдар шеруінің соңы театрландырылған көрініс және концерттік бағдарламамен жалғасты.

   

0
0
2024

Встреча студентов «Серпін» с заместителем акима Южно-Казахстанской и Кызылординской области

Встреча со студентами, обучающимися по программе «Серпін», прошла на базе Павлодарского государственного педагогического института с заместителем акима Южно-Казахстанской области  и замакима Кызылординской области.

В коворкинг-центре ПГПИ 25 участников программы «Серпін», в основном студенты-первокурсники, поделились своими впечатлениями о Павлодаре, рассказали о студенческой жизни в общежитии, обсудили дальнейшие планы по реализации госпрограммы «Серпін-2050».

Во время встречи заместитель акима Южно-Казахстанской области Ербол Садыр отметил, что Павлодар – это город возможностей, т.к. здесь студенты по окончанию учебного заведения смогут трудоустроиться на  промышленные предприятия, и применить навыки, полученные за время обучения в любой сфере.

Сотрудник Центра развития молодежных инициатив Габит Хафиз, подчеркнул, что Центр молодежи всегда идет навстречу молодым людям, приехавшим из разных городов. Так,  в 2016 году, была организована экскурсия «Серпіннің Серпілісі» для студентов-Серпін, чтобы показать достопримечательности Прииртышья.

- В этом году мы планируем отравиться по значимым городам Казахстана, в рамках региональной экспедиции «Серпіннің Серпілісі». Мы вместе со студентами отправимся, предположительно по следующему маршруту: Павлодар – Караганда- Кокшетау- Петропавловск-Костанай -  Рудный – Астана, чтобы студенты узнали  лучше друг друга, не делились по городам и областям, а объединились, - подчеркнул при обращении к студентам Габит Хафиз сотрудник Центра развития молодежных инициатив.

Встреча прошла плодотворно, заместитель акима Южно-Казахстанской области  и заместитель акима Кызылординской области убедились и увидели своими глазами, что жители их областей, приехав в Павлодар, получают хорошие знания, выпускаются квалифицированными специалистами, интересно и продуктивно проводят время, а также жители Прииртышья принимают студентов из других городов, как своих.

0
0
711

Екі облыстың әкімдер орынбасарлары «Серпін» студенттерімен кездесті.

Павлодар мемлекеттік педагогиклық институтында Оңтүстік аймақ басшылары «Серпін» студенттерімен кездесті.

Аталмыш кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Садыр Ербол мен Қызылорда облысының әкімі орынбасары Искаков Қуанышбек қатысты. Кездесуді ПМПИ ректоры Алтынбек Нұхұлы бастап студенттердің тұрмыс-тіршілігін, бөлмелерін барлап, бос уақыттаына арналған жаттығу залдары басқа да жасалған жағдайлармен таныстырып өтті. Жатақхана өмірін көргеннен соң осы аймақтыан келген жастармен жолықты. Басшылық пен студенттер арасындағы әңгіме бір жарым сағатқа жалғасты.

Еркін сұхбат студенттерге ашылып әңгімелесуге мүмкіндік берді. Ербол Абілқайырұлы өз сөзінде жастарға оқу бітірісімен мүмкіндігінше Павлодарда қалуға тырысып, осы жақта қызметке тұруға кеңес берді.

Ал Қуанышбек Досмаилұлы болса ортақ үйіміз Қазақстан, оның қай жерінде болмасақ та аянбай еңбек етіп, өз мамандықтарыңның шебері болыңдар деп тапсырды. Сонымен қатар кездесуге Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы мен Жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандары қатысты. «Серпін» студенттеріне жауапты Ғабит Хафиз «Өңір басшыларының бұл кездесуге келуі үлкен аймақаралық ынтымақтастықтың нышаны, әрі Елбасы саясатының жүзеге асып жатқан айқын тұсы»,- деп өз ойын білдірді.

 
0
0
641

Павлодар жастары кино түсіруге кіріспек

2016 жылдың 22 желтоқсаны павлодарлық жас түсіру тобы қалың көпшіліктің назарына комедия жанрындағы «Ради тебя, зачет!» фильмін ұсынған болатын.

Алғашқы жұмыста жеткен жетістік пен жаңа бастамаларға қол жеткізген жас сценаристтер мен режиссерлар Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-мен бірлесіп жұмыстық атауы  «В активном поиске» атты жаңа фильмді түсіруге кіріспек.

Аталмыш кино-туындыға да түсірілім тобы кастинг жариялаған болатын. Фильмнің сценарийі бойынша атақты дизайнер болуды армандаған қыз, осы жолда түрлі күтпеген тосын жағдайлар мен шытырман оқиғаларға тап болады. Бүгін 20 мамыр күні Жастар Орталығында кастингтің бірінші туры өтуде. Негізгі актерлар құрамы студенттер қатарынан алынады, сонымен бірге ересек адамдарға да бұл фильмнен рөл табылады.

Егер сіздер қалаған рөлдеріңізге өтпесеңіздер, екінші пландағы актерларға өте аласыздар, тіпті оған да өтпей жатсаңыздар массаовка да өздеріңізді таныта аласыздар. Бұл да болашақ актерлер үшін үлкен мүмкіндік санаймын деді.

Туынды осы жазда Павлодар қаласында түсірілетін болады. Жалпы түсірілім тобына 100-деген актер тартылады деп жоспарлануда.

Алтынбек Мақсатхан

 
1
0
732

Мемлекеттік қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің "100 нақты қадам" ұлт жоспарын алғашқы 15 қадамын орындау аясында "Жастарға қызмет көрсету орталығында атты " Бітірушілер үшін мемлекеттік қызметке келгісі келгендерге бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара барысында келесі мәселелер тыңдалды. мемлекеттік қызметке бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға түлектерді орналасу туралы заңды тәртіппен қабылданған туралы Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі департаментінің мемлекеттік қызмет басқарма басшысы - Смаилова Гүлмира Байбалтаровна сөз сөйледі.

Жастар үшін жарқын үлгісі ретінде облыстық білім беру басқармасының басшысының орынбасары, жас мемлекеттік қызметкерлер облыстық Кеңесінің төрағасы, жас басшылардың бірі Дауенов Ернұр Нұрланұлы. Ол тәжірибесімен бөлісті, мемлекеттік лауазымдардағы өз жұмысының негізгі ерекшеліктері туралы және мемлекеттік қызметте жұмыс жасауда қорықпауға жастарды шақырды. Сондай-ақ, кездесуге облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Нургазинова Әсел Габдулмуратовна қатысты.

Күн тәртібінде "Жастардауысы" жас басшылар мектебінің қатысушылардың презентациялары тыңдалды.

Жұмыс берушілердің ретінде облыстық басқармалар кадр қызметінің басшылары, қалалар және аудандардың әкімдерінің аппараттары, облыстық ішкі істер департаменті қатысты. Барлық баяндамалар қорытындысы бойынша, жоғары оқу орындарының түлектері кадр қызметтерінің олардың одан әрі жұмысқа орналастыру туралы кеңестерін алуға мүмкіндік алды. Кадр қызметтері 80 түйіндеме қабылданды, олар жақын арада қаралатын болады.

0
0
848

Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті

Міне, биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 25 жыл. Жиырма төрт жылын артқа тастаған еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды алды. Бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Өсті, өркендеді, осылайша, бүгінгі келбетіне жетті. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл 72 жыл толып отыр.Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды.Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.

Бүгін, 04 мамыр күні Павлодар қаласының Орталық жағажайында осы мерейлі даталарға арналған мектеп оқушылары арасындағы әскер сап түзеу және әскери әндер байқауы өтті. Ауқымды іс-шараға барлығы 450 мектеп оқушысы қатысты.  Олар: Павлодар қаласының әскери мамандандырылған кадет мектебі, Павлодар қаласының 1,2 құрамды командалары, Екібастұз, Ақсу, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Лебяжі, Қашыр, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарының  командалары. Барлық командалардың киім үлгілері талапқа сай, арнайы тапсырыспен тігілген.

Шараның басты ең мақсаты болашақ Отан қорғаушыларымыздың отансүйгіштік, патриоттық рухын арттыру, жасөспірімдердің әскери дайындығын пысықтау.

-Қадірменді қауым! Халқымызда «Темірдей тәртіп болмаған жерден, тегеурінді іс күтпе» деген көрегенді сөз бар. Бұндай шаралар жас сарбаздарды Отан алдында үлкен жауапкершілікке, нағыз азамат тұлғасының қалыптасуына шақырады, деді Павлодар облысы Білім беру басқармасының орынбасары Ернұр Дәуенұлы.

Жалпы байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – Сап түзеудің сыртқы көрінісі мен теориялық білімді сынау болса, 2 кезең – Салтанатты түрдегі парадтық жүріс, 3 кезең – Ән айту арқылы салтанатты түрде парадтық жүріс! Байқауға Аймақтық алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі оқу-тәжірибелік орталығының орынбасары Аленов Темірболат Мұсабекұлы, Павлодар облысы Қорғаныс департаментінің орынбасары, подполковник Буксман Дмитрий Александрович, Павлодар облысы және Павлодар қ. Ауған соғысының ардагерлері және мүгедектері қоғамдық қорының директоры Майқатов Байғабыл нұртайұлы қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша қалалар арасында 1 орынға - Павлодар қаласының №1 командасы, 2 орынға - Павлодар қаласының №2 командасы, 3 орынға - Екібастұз қаласының командасы қол жеткізсе,аудандар арасында 1 орынға - Павлодар ауданы, 2 орынға  - Железин ауданы, 3 орынға - Баянауыл аудандары қол жеткізді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен және дипломдармен марапатталды.

0
0
1582

Творческий вечер «Домбырасыз ән қайда?» прошел в реабилитационном центре

Служба пробации совместно с Центром развития молодежных инициатив организовали в реабилитационном центре для людей, освободившихся из мест лишения свободы досрочно, небольшую концертную программу.

Но по закону подлости, на начало выступления артистов, отключилось электричество. Однако, для юных акынов это не стало помехой, и вооружившись звонким инструментом, по всему исправительному учреждению была слышна мелодия домбры.

Другим исполнителям, пришлось также исполнять песни вживую, отчего творческий вечер «Домбырасыз ән қайда?» в реабилитационном центре для лиц освободившихся из мест лишения свободы получился по-настоящему искренним, и раскрыл дарования молодых исполнителей.

0
0
501