«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компания өкілдері еріктілер үшін семинар-тренинг өткізді
Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Жастарға қызмет көрсету орталығында Павлодар облысы волонтерлер үшін"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық Компаниясының өкілдерінің қатысуымен, "ЭКСПО-2017" мамандандырылған халықаралық көрме туралы алғаш рет семинар-тренинг өтті.Оқытушылар ретінде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық Компания еріктілер штаб басшысының орынбасары Жолдасбаев Дәурен Сайденұлы және "Астана ЭКСПО-2017" волонтерлік қозғалыс тобының жобалау көшбасшысы Шаржау Анара Русланқызы сөз сөйледі. Кездесу барысында еріктілер топтарының көшбасшылар көрмеге қонақтар үшін жоғары деңгейде жергілікті еріктілер дайындығы айтылды және командада жұмыс дағдылары туралы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

"Астана ЭКСПО-2017" республикалық штабында көрмеде жұмыс істейтін Павлодар облысында квота 150 адамға анықталғанын, естеріңізге сала кетейік. еріктілерді көрмеде жұмыс күндері Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 маусым мен 2 шілде аралығында өтеді.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, бүгінгі күнде еріктілерді даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
150 үздік еріктілерді іріктеуден алды, олар "ЭКСПО-2017" көрмеге қатысу үшін Астанаға баруға асыға дайын.
Сондай-ақ, айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 сәуірде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық Компаниясы онлайн вебинар іске қосылды, ол 10 сабақтан тұратын барлық елдің еріктілері үшін "ЭКСПО-2017" бойынша сабақтар курсы өтеді.
Жастарға қызмет көрсету орталығында апта сайын еріктілер үшін қазақ және ағылшын тілдері бойынша тегін курстар, сондай-ақ қазақ және қытай тілдері бойынша сөйлесу бойынша сабақтар, Қазақстан тарихы және Астана қаласы бойынша сабақтар өткізіледі. Көшбасшылық қасиеттерді және командалық рухты дамыту үшін психологпен тренингтер ұйымдастырылады.

Бекітілген кестеге сәйкес, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, "ЭКСПО-2017" еріктілері сәуір, мамыр айлар бойы әр түрлі іс-шаралар және Павлодар облысы "ЭКСПО-2017" насихаттауға бағытталған флешмобтар ұйымдастырады.
Бұл іс-шаралар мыналар:
- "EXPO-2017" символикасы бар ең үздік фото" байқауын өткізу;
- әлеуметтік желілерде "Сен "Expo-2017" туралы не білесін? Викторина өткізу;
- флешмобтар, креативті іс-шаралар өткізу және т.б..
