Павлодарда 5000-нан астам адам флешмобқа қатысты
Нашақорлық-бұл қоғамды улаған індет болып табылады.Қанша жерден бұл туралы ащы шындықтар айтылып жатса да,қоғамымыз әлі де бұл кеселден арылмай отыр.Нашақорлықтың зардабы өте көп.Ол әсіресе жас жеткіншектердің өміріне балта шабады,яғни адам өміріне кері әсерін тигізеді.

2016 жылы маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары отырысы кезінде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына сәйкес «Есірткісіз әлем» атты халықаралық акциясын өткізуді жоспарлаған болатын.

Ос ретте, Павлодар жастары да 19 сәуір халықаралық есірткіге қарсы күрес күні үнсіз қалғанды жөн санамады. Павлодар облысының ІІД-нің Нашақорлыққа қарсы күрес департаменті мен «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі бірлесіп, Орталық стадионда алып флешмоб ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Ертіс пен Қайрат матчы басталардан 1 сағат бұрын жинала бастаған көрермендер, төртбұрыш қағаздардан «Есірткісіз әлем» сөзін құрастырды. Павлодар қаласының ЖОО мен колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысқан шараның ауқымы 5000 адамнан асып жығылды.Айта кетерлігі аталған шара республиканың түкпір-түкпірінде өтуде.
