Еріктілер «ЭКСПО-2017» арналған флешмоб ұйымдастырды
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде қазтұтыну одағының "Батыр Мол"сауда-ойын-сауық орталығында, "ЭКСПО-2017" еріктілер Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, "ЭКСПО-2017" "халықаралық мамандандырылған көрмеге арналған флешмоб ұйымдастырды. Осы іс-шара өткізу кезінде ойын-сауық орталығының келушілеріне "ЭКСПО-2017" туралы ақпараттық буклеттер берілді. Сондай-ақ, "ЭКСПО-2017" еріктілер билеттерді қалай және қайда сатып алуға болатын түсіндірді.

Сол уақытта, "ЭКСПО-2017" еріктілердің басқа бөлігі "ЭКСПО-2017 туралы не білесін?" сұхбат түрінде акция өткізді. Қаланың түрлі аудандарында еріктілер қала тұрғындарына көрме туралы әр түрлі сұрақтар қойды. Еріктілер атап өткендей, көрме туралы сауалнама барысында көптеген сұхбат берген жүргіншілер қысылмай жауап берді және өздерінің жақсы білімдерін көрсетті. Үздік жауап бергендерге еріктілер "ЭКСПО-2017" логотипі бар жол сөмкелерін силады, онымен астанадағы көрмеге батыл баруға болады. Ал көрме туралы ақпаратты меңгермегендерге шағын "ЭКСПО-2017"көрме атты презентация өтті.

Осы іс-шаралардың мақсаты "ЭКСПО-2017" насихаттау болып табылады, сондай-ақ құрметті қала және облыс тұрғындары көрмеге шақыру.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 маусымында Астана қаласында орасан зор, ауқымды және көптен күткен іс-шаралардың бірі басталады. Бұл-"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі. Бұл күні Астана әлемнің 100 елі және 10 халықаралық ұйымға есік ашады.
"ЭКСПО-2017" негізгі тақырыбы– "болашақ энергиясы" - энергия тұтыну халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылық проблемасы,ол планетаға үлкен әсер көрсетеді деп атап айтады.
