«Павлодар облысы студент жастарының арасындағы облыстық дебаттық турнир»
«Павлодар облысы жастар саясатының мәселелерінің басқармасы» ММ қолдауымен 22-23 ақпанда «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты аясында Павлодар қаласының колледж және жоғары оқу орны студенттерінің арасында парламенттік дебаттар бойынша дебаттық турнир өткізді. Дебаттың тақырыбы қазіргі жастар мәселесіне сай «Жастар елінің болашағына бүгін жауапты» тақырыбында өтті.

Турнирдің мақсаты Павлодар облысындағы зияткер жастарының консолидациясы, әлеуетті, жауапкершілігі мол, азаматтық позициясы мықты, шығармашыл және сын тұрғыдан ойлау қабілеті жоғары жастарды тәрбиелеу; дебат қозғалысын дамыту болып табылады.

Турнирдің тақырыбы турнирдің мақсатына дәлме-дәл болған іспетті. Олар «Бұл палата мемлекеттің гүлденуі тек жастардың қолында деп есептейді», «Бұл палата жастар үшін жаңа білім беру жүйесін ұсынады», «Бұл палата «латын әліпбиіне» тез арада көшуді жөн көріп отыр», «Бұл палата отбасын ерте құру мәселесі мемлекет гүлденуінің кепілібі болады деп есептейді».

Турнирдің бас төрешілері ретінде қз жоғары оқу орындарында дебаттық қозғалыстың дамуына – жыл бойы зор үлес қосқан ПМПИ және ИнЕУ оратор клубтарының төрағалары Асхан Сүйіншалиев және Эрик Беккер болды. – күн ішінде 10 команданы әділ бағалады. Турнирдің форматы 4 іріктеу ойындарынан, - жартылай финал және финалдар тұрды, сондай-ақ соңында Линкольн-Дуглас форматында «Ең үздік спикер», және «Ең үздік идея» номинациясын ойын жүргізді.

Дебаттық турнирдің қорытындысы ретінде төмендегідей нәтижелер болды: 3 орын – Ярослав Миронов және Алимова Томирис, 2 орын – Ролан Мухамет және Балгожинов Сұлтан, 1 орын Елдос муслим және Санат Совет. «Ең үздік спикер» номинациясын Ярослав Миронов жеңіп алды.

Өткен дебаттық турнир 2017 жылға жоспарлап қойылған 4 турнирдің алғашқысы болды. Келесі турнир қызмткер жастар арасында мамыр айында болып өтпек.
«Тәлімгер» ЖҚБ
пресс-орталығы
