Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

Серпіндік студенттер арасында «Аламан» фестивалі өтуде

«Мәңгілік ел жастары- индустрияға»- «Серпін 2050 » мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысында білім алушы жастар арасында облыстық «Аламан» фестивалі өтуде. Фестиваль мақсаты- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар белсенділігін арттыру, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен шығармашылық қабілетін арттыру, олардың әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау. 24 қазан күні Павлодар химия-механикалық колледжінде «Аламан» фестивалінің «Мамандығым мақтанышым» байқауы өтті. Байқауға әр қатысушы өзінің жазып әкелген эссесің оқып, қорғады. Агрономия саласы, мал шаруашылығы, заманауи техникадағы түрлі-түрлі өзекті тақырыптар қозғалды. Іс-шара қортындысы: І орынды Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Өміржанова Талшын қанжығасына бай…

0
0
1031

Универсиадаға 100 күн

Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету. Алдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадасына орай Қазақстан Республикасының оқу орындарында атақты спортшылардың қатысуымен оқушылар, студенттер арасында таңғы жаттығулар өтеді. Бүгін, дүйсенбінің таңында аталған іс-шара Павлодар қаласында Инновациялық Еуразия Университетінің студе…

0
0
836

Студенттер бір күнде 20 тонна көкөніс жинады

"Серпін" бағдарламасы бойынша оқып жүрген 20 студент Павлодар ауданының Черноярка ауылында фермерлерге күзгі өнімді жинауға көмектесуде. Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенті,серпіндіктер арасында бизнес және жастарды жұмысқа орналастыру жөніңдегі сардар Оразалы Байманов белсенділік танытты. Оразылы өзінің қатарластарын жұмысқа шақырып, демалыс күндерінде бірге еңбектенді. Ауарайының жауын-шашынды болуына байланысты жастар шаруа қожалықтарына өз көмектерін ұсынған. Фермерлер студенттерге тиісті еңбекақы төлейді. Айта кетерлігі, Павлодар ауданының фермерлеріне күзгі өнімді дер кезінде жинау үшін жұмысшылар саны жеткіліксіз болған. Осыған орай, студенттер екінші апта демалыс күндері тыңбай еңбектенуде. Жастар бастамаларын дамыту орталығы ақпараттық техникалық бөлімінің же…

0
0
1681

Жастар орталығы марапатталды!

Қайырлы күн АЛАШ жұрты! Аптаның алғашқы күнінен бастап Жастар бастамаларын дамыту орталығында тағы бір жеңіс! Осы жолы ұжым LEADER OF THE BRANCH 2016 («Сала қөшбасшысы 2016») қабырға медалімен марапатталды. Бұл марапат рейтингтік зерттеулер нәтижесінде анықталған экономика көшбасшыларына тапсырылатын халықаралық марапат. Медаль орталықтың экономикалық көрсеткіштері және көшбасшылық мәртебесінің растауы болып табылады. Сондай-ақ Жастар бастамаларын дамыту орталығының ақпараттық кеңестік бөлімінің жетекші Айтбаев Төлеген Жұмабекұлы мүлтіксіз ресми беделі, бастамашылдығы және міндеттерді орындаудағы тиімділігі, ұжымдық құндылықтарды ұстанғаны үшін BENE MERENTI DE PROFESSIONE («Кәсіби қызметі үшін») медалімен марапатталды. Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жас…

0
0
1451

Бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдардың әлеуметтенулеріне және бейімделулеріне бағытталған жобаның қорытындылары

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша іске асырылған бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдардың әлеуметтенулеріне және бейімделулеріне бағытталған жоба шеңберінде «TANDAU» қоғамдық қоры Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-нің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Борис Гаврилюктің бақылауымен Павлодар облысының түзеу мекемелерінде (АП 162/2, АП 162/3 және АП 162/4) іс-шаралар топтамасын өткізді. Түзеу мекемелерінен босатылғаннан кейін сотталғанның бейімделу мәселесі қылмыстық жазаны өтеуден кейінгі кезеңдегі оның қайта әлеуметтенуімен тығыз байланысты, себебі, қайта әлеуметтену сотталғанменқоғамның толық мүшесінің тиісті функцияларын ақырында қалпына келтіру үшін қажетті және жеткіліктінормаларды, құнды…

0
0
322

«Алдаспан» ақындары Алаштың ақынымен кездесті

11 қазан күні ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлымен «Алдаспан» жас ақындар клубы кездесу өткізді. Кездесуге С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің және Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенттері ақынмен кездесуге қатысып, еркін әңгіме құрды.Кештің мақсаты – Ертай Айтқалиұлының шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге, өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу, шығармаларынан өзіндік ой түюге бағытталды. Алғашқы сөзді «Қазақстан-ZAMAN» газетінің павлодар өңірлік тілшісі Жарқынбек Амантайұлы алып, Ертай Айтқалиұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті. Ақын өзінің соңғы жарық көрген «Мен Саған ғашықпын» роман…

1
0
1559

Еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдарды ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар

2016 жылы Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен өзара ынтымақтасу туралы меморандумы шеңберінде «TANDAU» қоғамдық қоры бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдардың әлеуметтенуіне және бейімделуіне бағытталған іс-шаралар топтамасын өткізеді. Психологиялық бейімделу және оңалту, репродуктивті денсаулық бойынша өткізілген 10 тәжірибелік семинарлардан басқа, тамыздың 2-ші он күндігінде жұмыспен қамту орталығының мамандарымен еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша 3 консультациялық семинар өткізілді. Семинарларды өткізген кезде жас адамдар жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және әлеуметтік көмек түрлері бойынша қолданыстағы бағдарламалар туралы жалпы ақпарат алды:…

0
0
507

Көркем сөз шеберлерінің сайысы өтті

Павлодар Мемлекеттік Педогогикалық Институтының белсенді студенттерінің бастамасымен, Жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім » атты көркем сөз шеберлерінің сайысы өтті. Берілген ереже бойынша әр қатысушы белгілі бір автордың немесе өз туындысын мәнерлеп, көркемдеп оқып қана қоймай, сахналық көрініс және бейне клиптарды қолдану арқылы әсерлі жеткізуіне де шектеу қойылмады. Байқаудың шарттары мен талаптарына сәйкес, қаламыздың барлық оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысуға мүмкіндік алды.Көркемсөз оқу шеберлері прозалық, драмалық шығармалардан үзінді оқу мен мәнерлеп өлең оқу тапсырмалары бойынша үздіктер анықталды. Байқау қатысушыларының өнерлерін білікті мамандардан құр…

0
0
2598

Конкурс чтецов «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім»

К 25-летию Независимости РК Центр развития молодежных инициатив провел конкурс «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім», в котором приняли участие и показали свой талант чтения наизусть студенты Павлодарского государственного педагогического института и технического колледжа. По всему залу звучали стихи на государственном языке, наполненные любовью к своей родине, в стихотворных строках, отражалась история казахского народа, становление независимости Казахстана. При чтении произведений классиков казахской литературы на заднем фоне звучали мелодии домбры и кобыза. А некоторые участники, чтобы придать эффектность своему выступлению, надели национальный костюм. Оценивало выступление компетентное жюри, в составе которого был импровизатор, победитель Республиканских айтысов, журналист –…

0
0
809

Заңгерлік дөңгелек үстел

«Қазақстан Республикасының жастар саясатының іске асырылуы жастарға және азаматтарға заңгерлік кеңестің берілуі» атты дөңгелек үстел өтті. Жастар бастамаларын дамыту орталығы бүгінгі дөңгелек үстелге жастардың заңгерлік біліктерін арттыруды мақсат етті. Облыстағы құқық саласындағы колледждер мен ЖОО-ның студенттері қатысты. Аталған іс-шарада студенттер мен білікті мамандар арасында еркін әңгіме өрбіп, сұрақтарға жауаптар алынды. Арнай шақырылған қонақтардың ішінде Павлодар қаласының әкімшілік соты Мәлік Алмазұлы және Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің жектекшісі Мирхан Аманжолұлы, Қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық сот кеңсесінің басшысы Хасен Сейсенбайұлы, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің Құқықтану кафедрасының профессоры Серік Қайырбекұлы, Пав…

0
0
538