Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Заңгерлік дөңгелек үстел

«Қазақстан Республикасының жастар саясатының іске асырылуы жастарға және азаматтарға заңгерлік кеңестің берілуі» атты дөңгелек үстел өтті. Жастар бастамаларын дамыту орталығы бүгінгі дөңгелек үстелге жастардың заңгерлік біліктерін арттыруды  мақсат етті. Облыстағы құқық саласындағы колледждер мен ЖОО-ның студенттері қатысты. Аталған іс-шарада студенттер мен білікті мамандар арасында еркін әңгіме өрбіп, сұрақтарға жауаптар алынды.

Арнай шақырылған қонақтардың ішінде  Павлодар қаласының әкімшілік соты Мәлік Алмазұлы және  Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің  жектекшісі Мирхан Аманжолұлы, Қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық  сот кеңсесінің басшысы  Хасен Сейсенбайұлы, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің Құқықтану кафедрасының профессоры  Серік Қайырбекұлы,  Павлодар облысының Ішкі саясат бөлімінің өкілі Тантакова Жания өткен замаңмен қазіргі қоғамдағы заң жүйесіне тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде заңгерлік қызмет нарығындағы жұмыстарды оңтайландырудың өзекті мәселелері талқыланды.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша талқыланған мәселелер жөнінде ұсынымдар сараланды.

 
0
0
539

Осы тақырып бойынша

Заңгерлік дөңгелек үстел - Yvision.kz