Универсиадаға 100 күн
Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.

Алдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадасына орай Қазақстан Республикасының оқу орындарында атақты спортшылардың қатысуымен оқушылар, студенттер арасында таңғы жаттығулар өтеді. Бүгін, дүйсенбінің таңында аталған іс-шара Павлодар қаласында Инновациялық Еуразия Университетінің студенттерімен өткізілді.

2016 жылғы Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиада да еркін күрестен қазақ елінің намысын қорғаған Мамед Ибрагимов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Қасамбаев Ерсайын таңғы жаттығуды көпшілікпен бірге жасады.
Осындай іс-шаралар жастар спортының имиджін көтеруге ықпал етеді және Қазақстанның заманауи спортын дамытудағы маңызды кең болып табылады.

