Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

«Менің жетістігім- Елімнің жетістігі» облыстық байқауының іріктеуі кезеңі өтті.

Жыл сайын Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  КММ-сі облыстық «Менің жетістігім- Елімнің жетістігі» байқауын ұйымдастырады. Биыл да бұл байқау жалғасын тауып, үздіктерді марапаттайды. Іріктеуге 33 ке жуық қатысушылар қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрады: І кезең- қатысушылар түйіндемелерін, жетістіктерін, белгілі тақырыптарға  эссе жазып , ұйымдастыру алқасына апсыруға тиіс. ІІ кезең-шығармашылық презентациясы. ІІІ кезең- марапаттау.

Арнайы шақырылтылған әділқазыларға  байқауға қатысушылар өздерінің жұмыстарын таныстырды. Әділқазылар алқасында «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  КММ директоры- А.А Садықова, М.М. Катаев атындағы Оқушалар сарайының маманы -А.Ж. Оразбаева,«Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  КММ директорының орынбасары -С.Ж. Тұрарова, Облыстық мәслихат депутаты -Э.С. Паули, «Спорт басқармасы» ММ жетекшісі-А.Ш. Рысмағанбетова, Павлодар облысының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының маманы- Т.Н. Жакашева. Қазыларға үздіктерді анықтау оңайға түспеді. Қатысушылар бар өнерлерін салып, бір-бірлерінен ерекшеленіп отырды. Дегенмен, 33 қатысушыдан тек 25 үздік деген қатысушы ғана мараппатталатын болады.

-Аталмыш іс-шара жыл сайын өткізіледі. Жылда қатысушылар саны 30 дан асады. І кезең талаптарына сәйкес қатысушылар өздерінің түйіндемелерін қалдырады, ал әділқазылар саралайды. Қатысушылардың түйіндемелерінде жетістіктері бірінен-бірі асады. 25 үздіктерді 10 желтоқсанда марапаттау жоспарланып отыр- дейді ұйымдастыру алқасының төрағасы Орақпаева Зарина Өмірзаққызы.

   
0
0
1219

XII Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары оралды

Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында XXII Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздарымен пресс- брифингі өтті.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  1-5 қараша күндері Степногорск қаласында  ХІІ ұлттық дельфи ойындары өтті.  Дельфи ойындары – талай жас талантарды бір арнаға тоғыстырып, классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын байқау.  Байқау мақсат – талантты жастарды насихат­тау, мәдени әлеуетті сақтап, дамыту, мәдениет пен өнердің озық үлгілерінде тәрбиелеу, жастар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейлерін арттыру. Аталмыш жарысқа  жастар 19 аталым бойынша сынға түскен. Олар: Фортепиано, Скрипка, Баян/ Аккордеон, Ұлттық аспаптар (Домбыра, Прима-қобыз, қыл-қобыз), академиялық ән айту, дәстүрлі ән айту, халық биі, заманауи би, фотосурет, тележурналистика, қысқаметражды кино-бейнероликтер, өнертапқыш, киім дизайны, сәндік-қолданбалы өнер, ыммен ән орындау шеберлігі, ди-джей.

Дельфийлік ойындар біздің эрамызға дейін, 582 жылы  Овидия және Плутарха заманында басталған. Бұл ежелгі ұлы антикалық бәйгелердің шығу тегі мен дамуына анық жауап жоқ. Дегенмен, 1600 жыл бұрын бұл ойынның өткізілуіне тыйым салынған. Жүздеген жылдарды артқа тастап қана ежелгі дәстүр жаңарып ойын қайта Грекия мемлекетінде өте бастады.

Дельфий ойындарының Жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфилік кеңес құрылған кезде басталды. 19 елдің өкілдері штаб – пәтері Берлинде орналасқан, халықаралық үкіметтік емес ұйым ашуды шешті. Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде ұлттық Дельфиилік кеңестер құрылды.  Ал, 2000 жылы 27 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен Мәскеу қаласында бірінші Бүкіләлемдік  Дельфий ойындары өтті. Ол ойында 18 аталым бойынша 938 адам  бағын сынады. 2005  жылдың маусым айында Қазақстанның Дельфиилік комитеті заңды тіркеуден өтті.

Павлодар өңірінен қатысқан өнерпаздар екі алтын бір қолаға қол жеткізді. Олар: Тұрсынбаева Сая «Қобыз» номинациясында алтынды қанжығасына байласа,  «Баян/аккордеон» номинациясында  Абай Мадияр тағы бір алтынға қол жеткізді.  «Джем» заманауи би тобы болса қола медалдерге қол жеткізді.


     
0
0
1001

Серпіндік студенттер арасында дебат сайыстары өтті

Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында "Мəңгілік ел жастары-индустрияға" "Серпін2050" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Аламан" өңірлік дебат сайысы өтті. Аталған шараға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодармемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар техникалық колледжі және де Ақсудан "Жаяу Мұса" оқу орнынан келген топтар қатысып, бақ сынасты.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Республикалық Аламан фестиваліне Облыстың ең мықты фракцияларын анықтау және пікірталас технологиясы арқылы тіл дағдыларын дамыта отырып жеке көзқарастарын қалыптастыру.Сайыстың барысында ПМПИ атынан шыққан дебатшылар өз сөз шеберліктерімен ерекше көзге түссе, ПМУ қарсыластық əдісімен төрешілерді таң қалдыра білді.

Сайыста қарсыластық болса да оқу орындары арасындағы достық бұрынғыдан да нығайып, арадағы байланыс күшейе түсті деген сенімдеміз.

Аталмыш іс-шараның қортындысын Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы, Павлодар облысының Серпін студенттерінің жетекшісі, өткізілген байқаулардың әділқазы төрағасы Ғабит Хафиз мәлімдеді.

-Сайыс қорытындысы бойынша ПМПИ қанжығасына I орынды байлап, республикалық сайысқа жолдама алса, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті II және де Павлодар техникалық колледжі III орындарды иеленді-деді Ғабит Хафиз.

 
1
0
1819

Қала тұрғындарына бос қызмет жәрмеңкесі өткізілді

Жас келсе, іске! Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» бүгін қала тұрғындарына кезекті бос қызмет жәрмеңкесін өткізді. 26- ға жуық жұмыс беруші кәсіпорындар мен ірі ЖШС өкілдері, АҚ мүшелері түрлі бос қызмет орындарын ұсынды.

Бүгінгі жәрмеңкеге «ПРЭК»АҚ-сі, «Гелиос» ЖШС,  «Казпочта» АҚ,  «Күзет» АҚ,  «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС,  «Смак-ПВ» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ,  «KSP Still» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ,  «Кастинг» ЖШС, «Трамвайное управление» АҚ, «Рубиком» ЖШС т.б. қатысты.

Сан түрлі мамандықтан өз қызметін табуды көздеп келген жастардың қарасы көп болды. Жұмыс іздегендерге 270 тен аса қызмет орындары ұсынылды. Олар түйіндемелерін қалдырып, жұмыс берушімен сұхбаттасып, кеңес алды.

 
0
0
414

Мәскеу қаласындағы беделді компанияның президенті біздің өңірге келді

Жастар бастамаларын дамыту орталығында "Ертіс Инвест-2016" халықаралық форумы аясында  «Инвестицияны тартудың халықаралық табысты тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды алғашқы сөзімен аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы Бақауов кешегі өткен Ертіс Инвест-2016" халықаралық форумының нәтижесімен бөлісіп, семинар оқытушысы Идрисов Александр Борисовичпен таныстырды. Аталған іс-шараға облысымыздың кәсіпкерлері, қала әкімдері мен аудан әкімдері қатысты.

Идрисов Александр Борисович Мәскеу қаласындағы беделді Strategy Partners Group  компаниясының президенті. Ол өзінің сан жылдаған тәжірибесімен бөлісіп, жиналған кәсіпкерлерге кәсіби сабақ берді. Өткізілген семинар біздің кәсіпкерлерге тағы бір мүмкіндік, тағы бір сатыға көтерілу. Шараны ұйымдастыруға Жастар бастамаларын дамыту орталығымен қоса Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы өз үлестерін қосты.

 
0
0
527

Серпіндік студенттер арасында «Аламан» фестивалінің кезекті байқауы өтті

«Жалынды сардар» осы атаумен Красноармейка аграрлы-техникалық колледжінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» - "Серпін 2050" жобасының " студенттері арасында «Аламан» фестивалінің кезекті байқауы өтті. Студенттер алдарына жан салмай үздік деген өнерлерін көрсетті. Сайыс қортындысы бойынша І орынға Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенті Рахман Құрманғалиев ие болды.

Айта кетерлігі осы аптада Ақсу қаласы Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің «Серпін -2050» Мәңгілік ел жастары грант иегерлері арасында «Аламан» Фестивалінің  «Жайдарман» атты сайысы болып өтті.
Сайыс барысында 8- оқу орыны қатысты . Атап өтсек:
1. Павлодар Мемлекеттік Университеті
2. Павлодар Мемлекеттік Педогогикалық Институты
3. Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі
4. Павлодар МемлекеттікТехнологиялық колледжі
5. Павлодар Мемлекеттік Бизнес колледжі
6. Красноармейка Агротехникалық колледжі
7. Павлодар Көлік Комуникациялық Транспорт колледжі
8. Павлодар Мемлекеттік Химика Механика колледжі.

Сайыс қызықты әрі тартысты түрде өтті. Өмірде дос сайыста қарсылас Серпіндіктер сайыста жақсы әсер ала білді. Нәтижесінде «Жайдарман» сайысының кубогы, бас жүлде Павлодар көлік және коммуникациялар колледж студенттеріне  бұйырды. І орын - Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, ІІІ орын - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздарды Павлодар облысының Серпін студенттерінің жетекшісі, әділқазы төрағасы Ғабит Хафиз дипломдар және жүлделермен марапаттады.

0
0
1561

Бизнес- цех бірінші жетістігін көрсетті

Естеріңізде болса, Жастар бастамаларын дамыту орталығының жанынан бір жыл бұрын «Жас кәсіпкерлер мектебі» ашылып, өз жұмысын атқарып келеді. Бүгінде бизнес-цехтің жемісін жастар көруде. "Ертіс Инвест-2016" халықаралық форумы аясында үздік Startap жобаларының аукционы өтті.

18 жоба тәжірибелі инвесторларға таныстырылып, ұсынылды. Қорғалған жобалардың жетеуі осы «Жас кәсіпкерлер мектебі» мүшелерінің жұмысы. Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Жас кәсіпкерлер мектебінің» үш жобасы грантқа ие болды.

Қайыржанова Диананың жобасы «DressRent_pvl» көйлектерді жалға беретін салонына  аталған гранты қанжығасына байласа, Мамықанов Азаттың «Torrent mobile» жобасы және Аужанова Әсел мен Ұлықпан Аиданың «Тэбая» жобасы да қалыс қалмады.

Аман Абайдың жобасы  Startap жобаларының  үздік үштігіне кірді. Абайдың жобасын кәсіпорын палатасы қаржыландыратын болады. Біз жеңімпаздарды құттықтап, биік белестерді тілейміз! Жастар бастамаларын дамыту орталығының есігі сіз үшін әркез ашық. Жас кәсіпкерлер мектебінен сіз бастамаңызға қолдау табасыз.

   
0
0
430

Павлодарлық ақын Қызылордада өткен айтыстан көлік мінді

Павлодардың ақыны Аспанбек Шұғатаев Қызылорда облысы, Қазалы ауданында өткен республикалық ақындар айтысынан көлік мініп қайтты.

Айтыс «Бабалар ерлігі - Тәуелсіздік тірегі» деп аталады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған аламанда 10 ақын өнер көрсеткен. Сөз мәйегін терген жыр жүйріктері Сыр өңірінің тарихи тұлғалары Бегім ананың, Жалаңтөс батырдың және 1930 жылдары орын алған «Қазалы көтерілісі» құрбандарының ерлігін дәріптеп, есімдерін тағы бір мәрте еске түсірді.

Сөз аламанына айтыс өнерінің саңлақтары Аманжол Әлтаев, Мэлс Қосымбаев бастаған өнер және мәдениет қайраткерлері төрелік етті.

Айтыстың қорытындысы бойынша қызылордалық Мұхтар Ниязов бірінші орынды, астаналық Сырым Әділбеков екінші орынды еншіледі. Жамбыл облысы, Тараз қаласынан барған Рай Дөңбай үшінші жүлдені қанағат тұтты. Оларға ұйымдастырушы тарап 500 мың, 300 мың және 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берді.

Ал, айтыстың бас жүлдесін жеңіп алған Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы Аспанбек Шұғатаевқа аламанға тігілген жеңіл көліктің кілті табысталды.

16 қазан күні Қостанай облысы, Амангелді ауданында Әбдісадық Нұржановтың 90-жылдығына орай республикалық айтыс өтті. Жерлесіміз, азулы ақын ол айтыста екінші орынды қанжығасына байлады.

Еске сала кетейік, Аспанбек былтыр Алматыда Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздікке тағзым» деп аталатын ақындар айтысында «Алтын домбыраны» жеңіп алған болатын.

Ақынды Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығының жанынан ашылған «Алдаспан» ақындар клубы шын жүректен құттықтайды.

Дерекекөз: pavlodarnews.kz

   
0
0
862

«Бала дауысы» атты Ұлттық балалар ән байқауының финалы өтеді

2016 жылдың 13 қараша күні Алматы қаласында "Бала дауысы" атты Ұлттық балалар ән байқауының финалы өтеді. Павлодар облысынан Затварская Мария мен Жылқыбаев Мерхат өз өнерін ұсынады. Конкурстың жеңімпазы SMS- дауыс беру арқылы анықталатын болады. Жерлестерімізді бірге қолдайық!

0
0
1226

Павлодар облысының жастары облыс әкімімен кездесті

Павлодар облысында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 7 жылдың ішінде 4345 жас маман жұмысқа орналасқан. Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың жастармен кездесуі барысында "Жастар бастамаларын дамыту орталығының" директорының орынбасары Саят Жүсіпбаев мәлім етті.

- «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы елімізде 2009 жылдан бері іске асырылуда. Осы жеті жылдың ішінде облыс ауылдарына жас мамандар білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларына жұмысқа орналасқан. 2016 жылы аталмыш мемлекеттік бағдарлама арқылы 240 жас маманға ауылға қызметтік жолдама беріліп, бұл бағытқа мемлекеттік бюджеттен 636 млн. 455 мың теңге бөлінген, - дейді Саят Жүсіпбаев.

Кездесу барысында облысымыздың түкпір-түкпірінде ауылдың гүлденуіне өз үлестерін қосып жүрген белсенді жастар өз аудандары мен ауылдарында туындаған түйткілді мәселелерді ортаға салды. Мәселен, Павлодар ауданындағы «Нәби» шаруа қожалығының фермері Нұрлан Сүлейменов жастар бос уақытта бас қосатын мәдениет үйін ашу туралы өтініш білдірді.

- Павлодар ауданында 7 мыңнан астам жастар бар. Ағымдағы жылы 1-қарашаға дейін жастар бастамаларын дамыту орталығын ашу жоспарланған. Сіздің ұсынысыңыз бойынша, аудан әкіміне тапсырма беріледі, - деді аймақ басшысы.

Шара соңында облыс әкімі Болат Бақауов ауылдық елді мекендерде үш жылдан көп уақыт жұмыс істеп, ауыл әлеуметінің өрлеуіне өз үлестерін қосып жүрген жеті жас маманды марапаттады.

pavlodarnews.kz тілшісі ,Тілеуберді Сахаба

 
0
0
648