Мазмұнға өту
Beibit_Sarybai

Бейбіт Сарыбай

@Beibit_Sarybai

Сайтта 2018 ж. 16 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

78

пікірлер

0

тіркелуші

70

жазылымдар

0

Нарынқолдықтар үн қосты (12.09.2017)

Бір қызығы бұлардың ешқайсысы да филолог мамандар емес,-деп хабарлайды Күлімхан-Қизат. Ғылыми емес конференция күтпеген жерден басталды. Жырық Жұманның үйіне «черный кассаға» жиналған достар ет жеп болғаннан кейін, шай дастарханы дайын болғанға дейін әңгіме қылайық деп, әрқайсысы бір-бір жастық жастанып, теледидар тамға жантая кеткен. Дәл осы сәтте күнделікті жаңалықтар тізбегінің де уақыты болған екен. Жаңалық жаршысы күннің басты оқиғаларының бірі, "латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылғанын" кеңінен толғап берді. Сол сол-ақ екен, жиылған қонақтар бірден осы тақырыпты талқылап ала жөнелді. "Латын қарпіне ауысқанымыз дұрыс па, әлде осы орыс әрібінде қала бергеніміз жөн бе?" деген сұрақ төңірегінде өз ойларын ортаға салды. - Ақыр оқып, жазып жатқанымыз чамалы, бізге бұның қатысы аздау,-деп,…

0
0
376

Әбіржіген

Мен де сол бірдеңеден үмітті адам ретінде ұсынылған нұсқаның жақсы жағын іздеп көрдім. Ақыры таптым. Біздің ауылда зәйбис деген бір сөз бар. Жақсы, өте жақсы, супер, керемет нәрселерді зәйбис екен дейміз. Ешалай машина алып келсе, ары-бері қарап тұрып, бағамыз бен ризашылығымызды бір ғана сөзбен жеткіземіз. Зәйбис екен дей саламыз. Чинанай-Ардаққа қалың қалай десең де «зәйбис» деп, қысқа қайыра салады. Енді мына ұсынылған нұсқаны таңдасақ, сауатсыздығымыз жойылады екен. Зәйбісіңізді қалай бар, солай жазып, солай оқиды екенбіз. Ә іріпін ае еріптерінің бірігуімен жазамыз. Зәйбис – Заебис. О, достар бұйыртса заебис болайын деп тұр ғой.

Ақпарат көзі

0
0
265

Сәкеңнің айтпаған қиссасы

Мына бала-шаға сұрайды, Беке дейді, осы арқаға барып тоқтаған Нұр ағамыздың кемесінің қиссасы қайдан шықты дейді. Әлқисса, бұның баяны сонааау 1991 жылдан басталады. Ел егемендігін алып, етегін жапқаннан кейін Нұрағамыз Алатаудың өрінде, Алматының төрінде отырып, астананы көшірсем қалай болар екен деп ойлаған екен дейді. Алматыда жаман емес, былай қарасаң өзінің туған жері, өскен елі. Бірақ, оның терең мәні бар екен. Бірақ, оны сол сәтте ешкімге ашып айтпаса керек. Ел экономикасы еңсесін әлі тіктей қоймаған уақыт, жанындағылар бұ қалай болар екен деп ойлаған көрінеді. Содан не керек, алты жыл бойы кеме жасапты. Бір мың да тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы болса керек, әр саланың бір-бір минситрлігін алып, үкіметін үкілеп, кемені қозғалтса керек. Барар бағыт арқа екен. Тараздың төрінен өтіп, Ш…

0
0
288

Алмагүл мен Нұргүл

Алмагүлдің байы нағыз шөпкетышар. Күйеуінің арқасында жырғап отырған Нұргүл ақкөңіл адам. Мақтансүйгіштігі де жоқ емес. Оның сол қылығын Алмагүл жақсы меңгеріп алған. Күнде таңертеңгісін осы үйге келеді. Өздерінің сауып ішер сиыры жоқ болғасын, осы үйден сүт сұрайды. Сүт сұрауға бала жүгіртіп жіберсе де болады ғой. Жоқ, Алмагүл өйтпейді. Шәшкесін көтеріп өзі келеді. Және бір уақытта келеді. Өйтетін себебі сүт сұрай келіп, шәйға отырады. Нұргүл сиырын сауып болып, есіктің алдында бұрқылдап қайнап тұрған самауырды үйіне көтеріп кіргенде, артыша Алмагүл де сап ете қалады. Әңгіме мен өсекті қатар өрбітіп, сүт қатқан күрең шайдан жібереді-ай кеп. Дастарханда не жоқ дейсің. Өріктің, шиенің варениесі дейсіз бе, май, маңыз дейсіз бе, бәрі бар. «Бысчый сорт» ұнның нанына жақ та жей бер. Алмагүл сө…

0
0
561

Қазақы өкініш

-Біләт нақу, өстіп жүріп бір күні қораны өртейсің,-деп, бастан бір ұрып жібере салған. Содан біз темекінің жалғыз зияны сол, қораның өртеніп кетуіне себеп болады деп ойлағанбыз. Содан не керек, қораны өртеп алмасақ болды деп, аса сақтықпен будақтата бердік. Қорадан алыс кетіп, поля жаққа барып тарттық. Тарап кеткен колxоздың гаражы жаққа барып шектік. Жабылып қалған клубтың артына барып будақтаттық. Бұзау іздей шыққанда сазда жүріп түтіндеттік. Қора өртенбесе болды, шөп өртенбесе болды дедік. Өртенетін шөбі жоқ, қорасы қалаға келгенде сәпсім ашық кеттік... Енді не болды, ал? Жаман болды. Сол кезде ағаларымыз: Біләт нақу өстіп жүріп қораны өртейсің деп қоя салмай, осыншама бейшара қылатынын түсіндіргенде, тереңдемей тұрғанда қоя салар ма едік, кім білсін. Енді міне, жетпістегі әкемнің жарт…

0
0
256

Ей, самолёт, самолёт, Алматыға ала кет

артынан жүгіргенде, ала кетпеген самолётпенен елбасының балалық шағының аспанымен ары-бері ұшқанда, ылғи астынан көріп жүргендіктен қазбауыр бұлт атап кеткен осынау ақша бұлттардың үстімен жүзіп бара жатқанда Ербол, Ерлік, Дарын үшеуі есіме түседі. Үшеуі де күшік күнгі досым ғой. Ала кет, ала кет деп төртеуміз бірге жүгіретінбіз. Ербол, Ерлік мен сендерге айтқам. Бүйтіп бекерге далақтап жүгіре бергенше бір уақ сабақ оқиық дегем. Ей, Дарын, айтшы, сен қулау едің ғой, сезген шығарсың, менің түптің-түбінде әйтеуір бір ұшатыным сол кезде-ақ анық еді ғой, иә. Ал енді сен сәл шыда, бір күні мен тынық мұxитының үстімен ұшып бара жатам. Бірақ, Сен менің өстіп ұшып-қонып жүргенімді көре алмайсың ғой. Ішіңнің тарлығынан емес, Инстаграмға тіркелмегеніңнен. Осы жазбаны ауылдастарымыздың бірі прикол қ…

0
0
611

Қай жерімнен келеді ойын-күлкім

Арамызды пендешіліктен басқа ештеңе бөлмеген. Әлікүнге сыйлаймын. Қайрош - айына бір мәрте дастарxандас болатын ақ құрдасым. Талантына дауым жоқ. Отырған жерінің сәні. Ал, қоянбаев қоянды жәрмеңкесінде де кездеспеген, жүздеспеген адамым. Сондықтан нұрланға сүйене отырып ойымды ортаға салайын. Алғашқы бағдарламасы шыға салысымен сынға ұшыраған бағдарламаның бүгінгі санын көрдім. Өткен жолғы сыннан қорытынды шығыпты. Айдос Сарым ағам қойыпты... Қуаныштымын. Өте дұрыс. Ағама алғыс. Ендігі күтетін нәтиже... Бағдарламаны жаба салу керек. Не мынау? Швейцарияда ауаны сатып алады екен деп күліп отыр. Біз ше? Біз де солмыз. Мына бағдарламаға кеткен ақша - ауаға кеткен ақша... Біз де ауаны ақшаға сатып алып отырмыз. Немесе желге ұшырып... Бағдарламаның концепциясына Құлап жатып сүрінгенге күлмеу ке…

0
0
265

Ойнақтаған он саусақ

Компютерде асығыс мәтін теріп отырғанда әріптік қате жібергенімізді саусағымыз сезіп қояды. Менде де солай. Саусағым сүрініп кеткенде бірден мониторға қараймын. Расында қате кеткен болып тұрады. Мысалға сағат дегенді сғаат деп жазып қоямын. Көзімізді пернетақтадан мониторға көтеретін сол сүрінген саусағымыз. Қаламмен жазғанда қате жібермейтін едік қой. Бұрынырақта естігенін, көргенін елге айтып қоя беретін адамдарды аузына сөз тұрмайды деуші едік. Сондайлар қазір де бар. Мен оларды саусағына сөз тұрмайды деймін.

Ақпарат көзі

0
0
390

Терғанақ-187

Шындығында мен Дулат ағаның барлық әңгімелерін, повесттерін оқығанмын. Жаңа Сәкен Сыбанбай ағамыздың құттықтауын оқып отырғанда, ол кісі атаған барлық шығармалары мен ондағы кейіпкерлері тұтастай маған таныс екен. Дулаттың кейіпкерлерін жақсы көрмеу мүмкін емес. Және оларды санаңнан сызып тастай алмайсың. Жауһар мен қоқыс араласқан жан дүниеңнің бір түкпірінде олар (Исабеков кейіпкерлері) да өмір сүріп жатады. Көңіліңнің түкпірінде Секс.. Секс... деп селкілдеп, кекештеніп Сексенбаев тұрады. Бәрі аяулы. Бірақ, Дулат ағамыз драматургияның ауылына біржола көшіп алды. Соңғы жылдары қандай әңгіме, нендей повест жазғанынан хабарым жоқ. Кейде ойлаймын, ол кісі енді әңгіме жазса не жазар екен, қалай жазар екен деп. Барлық оқырмандар үшін қызық деп ойлаймын. Осыдан он төрт-он бес жыл бұрын «Қазақ…

0
0
380

Сауат ашу сабағы

Бұрын: Алфабиттің А тұрады басында, Әрқашан да Ә тұрады қасында, Байқадың ба? Б тұрады үшінші, Осылардың сыры неде?... түсінші. А – деген ол аналар ғой, ардақты Ә – деген ол әкелер ғой, салмақты Б – деген ол балалар ғой ойнақты. Біздің елде үшеуі де кәделі Сондықтан да, алшақ кетпей расында Тұрады олар алфавиттің басында. Әбдіраштың Жарасханы

Қазір: Алфабиттің А тұрады басында, Үтірі бар А тұрады қасында. Бұрынғыдай Б тұрмайды үшінші, В тұрады. Бұның сырын түсінші. А – деген ол Ахметтей бабаң ғой, Ал, А'- деген ақылы аздау әғәң ғой . В - деген ол басы қатқан Bi'ligin', Бұның бәрін сараптайтын санаң ғой. Ноқатты әріп көп ұзамай түзелер, Ал, қазірше мал мен жаның аман ғой.

Ақпарат көзі

0
0
1650