Қызық емес ертегі
Университет басшылығы әлгі жігіттің қолына дипломын ұстатыпты да, арт жағынан тепкендей қылып, жатақханадан қуып шығыпты. Бара ғой, айналайын,-депті. Ал, жігітіміздің дәл сол уақытта не тұрақты жұмысы, не тұра қоярлық үйі де болмапты. Ауылға қайтуға мүлде құлқы болмаса керек. Ары ойланып, бері ойланыпты да Алматының іргесінде тұратын ағасының үйіне қарай тартып отырыпты. Ағасының әйелінен қатты қорқатын біле тұра барыпты. Үміт аз енді. Жұмысқа шығып, квартира тауып алғанша тұра тұрайын деп үміттенген ғой. Бірақ, анда-санда бір келгенде қабағын ашпайтын жеңгесінің бұны бірер айға тұрғыза қоюы неғайбыл. Ағасына әсер етіп, жеңгесінің жүрегін жібіту үшін жолай ән шығарған екен. Сол әнді кейіннен, арада біраз жыл өткенде Қайрат Нұртас сөзін өзгертіп орындаған көрінеді... Бірақ, негізгі мәтіні…