Қазақы өкініш
-Біләт нақу, өстіп жүріп бір күні қораны өртейсің,-деп, бастан бір ұрып жібере салған. Содан біз темекінің жалғыз зияны сол, қораның өртеніп кетуіне себеп болады деп ойлағанбыз. Содан не керек, қораны өртеп алмасақ болды деп, аса сақтықпен будақтата бердік. Қорадан алыс кетіп, поля жаққа барып тарттық. Тарап кеткен колxоздың гаражы жаққа барып шектік. Жабылып қалған клубтың артына барып будақтаттық. Бұзау іздей шыққанда сазда жүріп түтіндеттік. Қора өртенбесе болды, шөп өртенбесе болды дедік. Өртенетін шөбі жоқ, қорасы қалаға келгенде сәпсім ашық кеттік... Енді не болды, ал? Жаман болды. Сол кезде ағаларымыз: Біләт нақу өстіп жүріп қораны өртейсің деп қоя салмай, осыншама бейшара қылатынын түсіндіргенде, тереңдемей тұрғанда қоя салар ма едік, кім білсін. Енді міне, жетпістегі әкемнің жарты жасына келместен, жазды күні шілдеде тоқсандағы шал құсап күрк-күрк жөтеліп жүрміз...
Ақпарат көзі
