Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Ей, самолёт, самолёт, Алматыға ала кет

артынан жүгіргенде, ала кетпеген самолётпенен елбасының балалық шағының аспанымен ары-бері ұшқанда, ылғи астынан көріп жүргендіктен қазбауыр бұлт атап кеткен осынау ақша бұлттардың үстімен жүзіп бара жатқанда Ербол, Ерлік, Дарын үшеуі есіме түседі. Үшеуі де күшік күнгі досым ғой. Ала кет, ала кет деп төртеуміз бірге жүгіретінбіз. Ербол, Ерлік мен сендерге айтқам. Бүйтіп бекерге далақтап жүгіре бергенше бір уақ сабақ оқиық дегем. Ей, Дарын, айтшы, сен қулау едің ғой, сезген шығарсың, менің түптің-түбінде әйтеуір бір ұшатыным сол кезде-ақ анық еді ғой, иә. Ал енді сен сәл шыда, бір күні мен тынық мұxитының үстімен ұшып бара жатам. Бірақ, Сен менің өстіп ұшып-қонып жүргенімді көре алмайсың ғой. Ішіңнің тарлығынан емес, Инстаграмға тіркелмегеніңнен. Осы жазбаны ауылдастарымыздың бірі прикол қылып көрсетсе: - Бір күні ұшып бара жатқанда авария болса, күліңді таппай қаларсың,-деп қысқа қайырарсың. Менің де жауабым қысқа: Құдай сақтасын!

Ақпарат көзі

0
0
612

Осы тақырып бойынша

Ей, самолёт, самолёт, Алматыға ала кет - Yvision.kz