Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Қай жерімнен келеді ойын-күлкім

Арамызды пендешіліктен басқа ештеңе бөлмеген. Әлікүнге сыйлаймын. Қайрош - айына бір мәрте дастарxандас болатын ақ құрдасым. Талантына дауым жоқ. Отырған жерінің сәні. Ал, қоянбаев қоянды жәрмеңкесінде де кездеспеген, жүздеспеген адамым. Сондықтан нұрланға сүйене отырып ойымды ортаға салайын. Алғашқы бағдарламасы шыға салысымен сынға ұшыраған бағдарламаның бүгінгі санын көрдім. Өткен жолғы сыннан қорытынды шығыпты. Айдос Сарым ағам қойыпты... Қуаныштымын. Өте дұрыс. Ағама алғыс. Ендігі күтетін нәтиже... Бағдарламаны жаба салу керек. Не мынау? Швейцарияда ауаны сатып алады екен деп күліп отыр. Біз ше? Біз де солмыз. Мына бағдарламаға кеткен ақша - ауаға кеткен ақша... Біз де ауаны ақшаға сатып алып отырмыз. Немесе желге ұшырып... Бағдарламаның концепциясына Құлап жатып сүрінгенге күлмеу керек деген бір жол енгізіңдерші, ең құрымаса. Абай орысты аударғанда, "жас жүрек жайып саусағын, талпынған шығар айға алыс" деп , орыстың өзінен асырып жіберген. Ал, сіздер прожекторперисxиллтонды улица разбитыx фонорей жасадыңыздар. ... Қай жерімнен келеді ойын-күлкім.

Ақпарат көзі

0
0
266

Осы тақырып бойынша