Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің оқытушылары мен студенттері Ұлт Көшбасшысының «100 нақты қадам» реформасын қолдайды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласының білім беру басқармасымен бірлесе отырып, оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары реформасын іске асыру бойынша Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде семинар-кеңес өткізді. Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанттары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамын, яғни мемлекеттік кәсіби аппаратты қалыптастыру бойынша институционалдық реформаның біреуін түсіндіріп өтті. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры Ерулан Серікұлы Қарағұлов Елбасының Қазақстан халқына…