Мазмұнға өту

Жаңа

Есірткіге елірген теңіз жануарлары

Бразилия жағалауларындағы акулалардың ағзасынан кокаин табылған.Көрнекі фото: Emin Sansar/Anadolu AgencyҒалымдар Рио-де-Жанейроға жақын маңда ұстап алынған 13 сүйіртұмсық акуланың тініне биохимиялық зерттеу жүргізді. Сөйтіп, олардың бұлшық еті мен бауырында көп мөлшерде кокаин бары анықталған.Негізі, осы есірткі мен басқа да психиканы қуаттандырғыш заттардың қалдықтары теңіз жануарларының ағзасынан бұрындары да табылған еді. Бірақ бұл жолғысы тым өзгеше болып тұр. Яғни бүгінгі көрсеткіш бұрынғысынан жүз есе дерлік асып түскен.Судағы алып тіршілік иелерінің елірткіш затты қалай «қабылдағанына» қатысты түрлі болжам бар. Сарапшылардың ойынша, кокаин Атлант мұхитына не оны жасайтын астыртын зертханалардың кәріз жүйесі арқылы, не соны тұтынатын адамдардың нәжісімен келеді.Сондай-ақ ол контраба…

0
0
478

Бишімбаев қай түрмеде жазасын өтейді?

Фото: kaztag.kzӘйелін өлтірді деген айыппен сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу қапасынан шығарылып, ең жоғары қауіпсіздіктегі мекемеге жөнелтілді. Бірақ оның нақты қай түрме екенін Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер (ҚАЖК) хабарлаған жоқ.Десе де, жақында ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібеков Бишімбаев жазасын Ақмола облысында, елордаға жақын жерде өтейтінін айтқан еді. Журналистер бұл Аршалы кенті маңындағы түрме деп топшылап отыр. Өйткені Степногордағы ең жоғары қауіпсіздіктегі колониядан гөрі Астанаға жақынырағы сол.Жәнібеков ол кезде экс-министрдің жазасын өтей жүріп немен айналысатынын да айтып берген болатын. Оның сөзінше, бұрынғы шенеунік ағаш және металл өңдеу бағытында жұмысқа орналаса алады.«Бұл бос жұмыс орнының болуына байланысты ғо…

0
0
416

Алматы облысында кезекті көне қоныс табылды

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары арнайы жоба аясында еліміздің аумағындағы ежелгі қоныстардың орнында қазба жұмыстарын жүргізу ісін жалғастыруда.Жобаға PhD доктор Ринат Жұматаев жетекшілік етеді. Ал америкалық археолог-ғалым Клаудиа Чангтың жетекшілігімен қазіргі Алматы облысының жерінде орналасқан Белбұлақ мекені зерттелген. Ғалымдар соның нәтижесінде осы көне қоныстан бірнеше үйдің орнын тапты.Бұл жер үйсін дәуіріне тиесілі делініп отыр. Өйткені одан сол замандарға телінетін керамика сынықтары мен түрлі жан-жануардың сүйектері табылыпты.Археологтардың жазғы далалық жұмыстары өткен айдың 24-і мен осы айдың 10-ы аралығында жүзеге асырылған. Бұл шаруа келесі далалық маусымда да жалғасады деп күтілуде.Жалпы, Қазақстан аумағында ежелгі қоныстар мен қорымдар көптеп табылып жатады. Мысалы…

0
0
524

Өзбекстанда өткен ауыр атлетикадан орталық Азия чемпионатында жас спортшылар бірнеше рекорд орнатты

19-25 маусым аралығында Өзбекстанда 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Орталық Азия елдерінің ашық чемпионаты өтті.Жарысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан спортшылары қатысты.Жас қазақстандық ауыр атлеттер 8 алтын және 2 қола медаль жеңіп алып, бірнеше рекорд орнатты.Қыздар сәтті өнер көрсетті.Ксения Прозорова (55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) үш алтын медаль еншіледі. Ол жұлқи көтеруде 81 кг, серпе көтеруде 102 кг бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 183 кг көтеріп, рекорд орнатты. Өткен жасөспірімдер Олимпиадасында, қоссайыс сомасында алтын медаль нәтижесі 177 кг. екенін атап өткен жөн.Айғаным Жанболат та (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) үш алтын медаль иеленді. Ол жұлқи көтеруде 92 кг, серпе көтеруде…

0
0
1098

Маңғыстау облысында мектеп директоры өз айыппұлдарын қоластындағыларға төлеткен

Фото: el.kzМұнайлы ауданындағы №3 арнайы мектептің қызметкерлері ай сайын басшылыққа ақша жинап беріп отырған. Онымен қоймай, директордың әкімшілік айыппұлдарын төлеуге мәжбүр болған. Бұл туралы облыс прокуратурасындағылар хабарлады.Аудан прокурорлары аталған білім ошағын тексеру нәтижесінде мекеме басшылығы тарапынан болған бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Олар қоластындағылардан банктердің мобилдік қосымшалары арқылы ай сайын заңсыз қаражат жинап алып отырған.«Бұдан бөлек, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйақылар есептеу негізінде ақшаны заңсыз аудару деректері анықталды. Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағыларды өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген», – делінген прокуратура хабарламасында.Қазір мектептегі лауазымды қызметкерлерге…

0
0
1196

Қазақ аниматорлары неге шулап жүр?

Қазақ киносының төңірегінде үнемі дау болады да жатады. Бәрі дерлік ақшаға, оған мемлекеттен бөлінетін қаржыға байланысты.Фото: КТК кадры2005 жылы экранға шыққан бір «Көшпенділер» фильміне қатысты қаншама дау-дамай болғаны әлі күнге дейін есімізде. Көркем туынды жақсы болып шықты, әрине. Бірақ, әйтеуір, оның айналасындағы түрлі әңгімелердің жаңғырығы 20 жылдай уақытқа жетіп қалды. Бұл аралықта да талай даулардың, соттардың куәсі болдық.Соңғы рет осыдан бір жарым ай уақыт бұрын Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған жоғарыда айтылған «Көшпенділер» фильмінің түсіріліміне арнап Алматы облысында Іле өзенінің жағалауына салынған «Түркістан қаласы» атты жасанды қамалдың ақшасын жымқырды…

0
0
1058

Уақыт белдеуін ауыстыру дұрыс шешім болды ма – дәрігермен сұхбат

Биыл 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өткен еді. Жаңа уақытқа қарсы шыққан тұрғындар петиция жариялап, қажетті 50 мың қолды жинады. Жаңа уақыт белдеуі шынымен ағзаға зиян ба? Бұл сұраққа Астана Медицина университетінің Профилактикалық медицина ҒЗИ ғылыми қызметкері, петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Жанна Нұрберген жауап беріп, агенттік тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.− Жанна Нұрбергенқызы, осы күнге дейін уақыт белдеуіне қатысты түрлі ғалымдарды тыңдап келдік. Енді сіз дәрігер тұрғысынан айтыңызшы, уақыт белдеуін ауыстыру шешімі дұрыс болды ма? Бұл қазақстандықтардың ағзасына қалай әсер етті?− Жалпы уақыттың бір сағатқа шегерілуі ағзаға айтарлықтай көп өзгеріс әкелмейді. Бірақ қазір петиция жарияланып, кей тұрғындар уақытты кері қайтар…

0
0
246

Музыкасы азалы. Әбдіжаппар Әлқожаның қамалғаны жанына қатты батыпты

Әншілер Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің мұндай дау-жанжал, қамалу дегендерге еті үйреніп кеткен сияқты. Ал олардың әріптесі Әбдіжаппар Әлқожаның бұл жағдай жүрегін жаралағандай.Ол қамаудан шықққан соң Instagram-ға киімін өртеген видеосын жариялады. Ырымда бұл бар жамандық осымен кетсін дегенді білдіреді. Сосын оған «Көк бөрі» деген әннің сөзін қосып қойған.Ол мынадай:«Күйін кештім мен бүгінКөкбөрілердің жаралы.Адым сайын аңдығанҚақпаннан сирақ қанады.Арландарым атылып,Бөртелер кезді даланы.Айналамның барлығыШибөрі болып барады».Байқағанымыз, Әбдіжаппар осы жазбасымен бәле-жаланы қуып қана отырған жоқ. Әлдебіреулерге өкпелі екені білініп тұр.Сонда кімге? Айналасындағыларға дейін десең, оны біреу соны жаса деп арандатпаған шығар. Ал полиция ерсі әрекеті үшін ұстады.Иә, қазіргі адамдар…

0
0
518

Елімізде үйге тіркелетін адам санына келесі жылы шектеу қойылуы мүмкін

Заңдарға осыны қарастыратын түзетулер енгізілсе, пәтеріңізге мыңдаған тұрғынды тіркеп қойып отыра алмайсыз.Фото: info.homsters.kz«Көңіл сыйса, бәрі сыяды» дейтін қазақпыз ғой, Астанада тар пәтеріне мыңға жуық адамды «сыйдырып» жіберген «көңілі кең» кісінің сотталғаны туралы жақында жаздық. Мұндай мысалдар бұған дейін де одан да көп көлемде талай болды. Бірақ осы жолы ұсталған азамат 35,7 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтеріне 937 жанды енгізе салған «ақпейілділігі» үшін істі болған жоқ еді. Оған «заңсыз көші-қонды ұйымдастырды» деген айып тағылды.Ал үйіңе адам тіркеуге осы уақытқа дейін құқық жағынан шектеу болған емес. Мұндай шектеу Алматы мен Астанада ғана бар екен. Тек оның өзі мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген және мемлекеттік немесе аймақтық тұрғын үй бағдарламалары бойынша алынған…

0
0
583

Алдағы оқу жылының қалай өтетіні белгілі болды

Бұл жаз да ортасынан асты.Сурет: gov.kzОқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының қай күні басталып, қай күні аяқталатынын және балалардың қанша уақыт оқып, қанша күн демалатынын бекітіп берді.Сонымен, алда мектептегі сабақтар осы жылдың 1 қыркүйегінде басталып, келер жылдың 25 мамырында бітеді.Бірінші тоқсан сегіз аптаға созылмақ. Күзгі каникул 28 қазан мен 3 қараша аралығына белгіленген. Демалыс – бір апта.Балалар екінші тоқсанда да сегіз апта оқиды. Қысқы демалыс 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен  2025 жылдың 8 қаңтары аралығында өтеді. Оқушылар 10 күн демалады.Үшінші тоқсан жылдағыдай ұзақ. Ол кезде он апта сабақ өткізіледі. Каникул – 11 күн (21-31 наурыз аралығы).  Төртінші тоқсанда да оқу сегіз апта екен. Бірақ мамырдағы мамыражай күндермен және оқу жылының аяқталуымен бұл к…

0
0
891