Мазмұнға өту

Жаңа

«Барахолка» неге өртене береді?

Алматыдағы «барахолка» атанып кеткен ірі базарда кеше кешке қарай тағы да алапат өрт болды. «Тағы да» дейтініміз, ресми түрде атасақ, «Алатау» көтерме және бөлшек сауда орталығын қызыл жалынның шарпуы бірінші рет емес.  Құдайға шүкір, аспашамдар сақталған екі қабатты қоймада болған бұл өрт те түнге қарай толық сөндірілді. Адам шығыны жоқ. Ешкім отқа күймеген. Тек тауар күйіп кетті. Қызыл жалын 2300 шаршы метр аумақты шарпыпты.   Әлеуметтік желіні аңдыған жұрттың біразы «бас аман болсын, тауардың орны толар» деп отыр. Солайы солай ғой, бірақ «тас түскен жеріне ауыр» демекші, аспашам сатып күн көріп отырғандарға бұның оңай соқпағаны анық.   Сонымен, тілсіз жау неге тек «барахолканы» ұзағынан шыр айналдырып кетті? Жаңылмасақ, мұнда өрт 2013 жылы күзге қарай жиілей ба…

0
0
538

Еліміздің газы көрші мемлекеттерге көптеп ұрланып жатыр

Қазақстанда алынатын сұйытылған мұнай газы шет елдерге заңсыз әкетіліп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында осыны айтты.Фото: azh.kzБектенов осыған байланысты тиісті орындарға заңсыз экспорттың жолын кесетін жұмыстарды күшейтуді тапсырған.Қазір елде бұл газды автокөлікке отын етіп пайдалану көлемі артқан. Ол алда да арта түсуге тиіс. Сондықтан бұл өнімнің есебін әрдайым біліп отырған жөн. Үкімет басшысы осыны да алға тартты.Премьер-министрдің айтуынша, бізде сұйытылған газдың бөлшек сауда бойынша бағасы Қырғызстанға, Өзбекстанға және Ресейге қарағанда екі есе төмен. Оның сыртқа көптеп ұрлануына осы жағдай себеп екен.«Бағаның төмен болуы ірі көлемде сұйытылған газдың шектес елдерге заңсыз шығарылуына әкеп соқты. Мен бұған дейін тиісті мемлекеттік органдарға сұ…

0
0
458

Рухани құндылыққа, қазақтың салт-дәстүріне діни ағым өкілдері неге жау?

Соңғы кездері осы мәселе күйіп тұр. Кейбір діндарлар әр жерде әртүрлі нәрсені айтып, халықтың түсініспеушілігін, тіпті наразылығын тудыруда. Олардың мұндайды қандай мақсатпен айтатынын біз білмейміз, бірақ жұртқа «адаспаңдар» деп алып, өздерінің шатасып жүргені хақ.Фотоколлаж: adyrna.kzҚазақтың қасиетті домбырасын харам дейді, инабаттылықты дәріптейтін әдемі дәстүрлеріміз – беташарды, келіннің сәлем салуын және тағы басқаларды шариғат заңына қайшы дейді. Әйтеуір, қай-қайсысы да халықты ұлттық құндылықтарымыздан, салт-дәстүрлерімізден аулақ жүруге үндеуге бейіл. Біз осы тұрғыда белгілі этнограф Болат Бопайұлымен әңгімелескен едік. Ол жоғарыда аталған рухани дүниелеріміздің мән-маңызына тоқталып, бұлардың бір күнде пайда болмағанын атап өтті.«Қазақ халқының рухани құндылықтары мен салт-дәст…

1
0
1581

БАӘ-мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріледі

🇰🇿Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне БАӘ өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты.Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды.Сонымен қатар энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.t.me/aqorda_res…

0
0
436

У каждого есть цифровое досье. Как отследить человека по открытым данным

В современном мире практически каждый человек оставляет цифровые следы, которые могут быть использованы для отслеживания его деятельности и даже местоположения. Эти следы образуют своего рода цифровое досье, состоящее из множества данных, доступных в открытых источниках. Рассмотрим, как можно реально отследить человека по открытым данным, какие инструменты и методы для этого используются.1. Социальные сетиОдним из самых богатых источников информации о человеке являются социальные сети. Профили в Facebook, Instagram, Twitter, LinkedIn и других платформах могут содержать огромное количество данных: фотографии, посты, геотеги, список друзей и подписок. Эти данные позволяют не только узнать о повседневной жизни человека, но и составить его социальный круг и интересы.Как использовать:Проанализ…

0
0
455

Бопсалағыш блогерлер

Блогер деген кім өзі? Оның жұмысы тек өтірік ақпарат тарату, теңгеге жалданып мақала жазу, адамдардан алдап немесе бопсалап ақша алу ма?Көрнекі фото: arnapress.kzОлай дейтініміз, соңғы кездері олардың арасында әлгіндей әңгүдік әрекет жасайтындар тым көбейіп кетті. Бүгін ғана сондай жағымсыз жағдай туралы ақпарат тарап жатыр.Қызылордада блогер мен оның әріптесі жергілікті құрылыс салушыдан 10 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталыпты. Бұл ақша ақпаратты таратпау үшін берілуі тиіс ақшаның жартысы көрінеді. Яғни аванс ретінде берілген.Негізі, 44 жастағы азамат кәсіпкерден 20 миллион теңге бопсалапты. Мұншама мол ақшаны ол жұмысқа шетелдіктердің тартылғаны туралы өз арнасында хабарламау үшін талап еткен.Блогер қасындағы 37 жастағы танысымен бірге уақытша ұстау қапасына қамалды.Міне, елде жу…

0
0
518

Семей орманын тонағандар жаппай ұсталды

Ұстау шарасы «Семей орманы» резерватында былтыр жазда болған алапат өртке байланысты жүргізіліп отыр. Өйткені осындай кезде үнемі ағаштарды отау үшін оларға әдейі от қойылады деген әңгіме шығып жатады. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, аталған мекеме филиалының директорынан бастап 20-дан астам адам қолға түскен.«9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топ қызметіне тосқауыл қойды... Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді» – дейді Қуандық Алпыс.Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау қапасына қамалды.…

0
0
484

Астана тұрғыны пәтеріне мыңға жуық адамды тіркеген. Ол сотталды

Оның 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтеріне 937 адамның тіркелгені анықталған. Бұл жайында қала прокуратурасындағылар хабарлады.Фото: total.kzОсыдан кейін «резеңке» пәтердің иесіне қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы органның бұл әрекеті оның өз баспанасына соншама адамды тіркегені үшін жасалып отырған жоқ. Өйткені пәтерге немесе үйге қанша жанды тіркесең де өзің білесің. Яғни елімізде заң бойынша оған шектеу жоқ. Ал мына тұрғынға заңсыз көші-қонды заңсыз ұйымдастырды деген айып тағылған.Сонысы дәлелденген ол ҚР Қылмыстық кодексі 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген.Бір қызығы, прокуратура хабарламасында тұрғынға нақты қандай жаза кесілгені айтылмайды. Бірақ жоғарыда келтірілген 394-баптың 1-бөлігінде былай делінген.«...мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық…

0
0
614

Атыраудағы балабақшада бүлдіршін септикке батып кетті

Баланы үйде ата-анасы, балабақшада тәрбиешісі қараусыз қалдырып жүре беретін заман болды бұл.Фото: astanatv.kzАтырауда төрт жасар бала септикке құлап кеткен. Бұл оқиға бүгін сағат 11-лер шамасында жекеменшік балабақшадағы серуен кезінде болыпты.Осындай өкінішті жағдайды қалалық білім басқармасының басшысы Айнагүл Дүйсекенова растап отыр.«Қайғылы оқиға Құрсай ықшамауданындағы «Чебурашка» жекеменшік балабақшасында болды. Қазір құзырлы органдар мән-жайды анықтап жатыр. Құрылтайшының түсініктемесін күтіп отырмыз. Қаза тапқан баланың отбасына көңіл айтамыз», – дейді ол. Ал Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Нарғыз Әбдірахманованың айтуынша, бүлдіршінді әдеттегідей тәрбиешілер қараусыз қалдырған. Бала сол жерде жан тапсырыпты. Оның денесін септиктен балабақша қызметк…

0
1
1190

Президент олимпиадашыларға туды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды табыстады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.Мемлекет басшысы Ұлттық құрамадағы спортшылармен кездесу кезінде биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтетінін әрі оған төрткүл дүние түгел көз тігіп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ол үздіктердің үздігі бақ сынайтын бұл ойындарға ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын алға тартты.«Біз сіздерге зор үміт артамыз. Бүкіл халқымыз – сіздерге жанкүйер. Жалпы, қазақ спорт мектебінің мәртебесі қашанда биік. Спортшыларымыз әрдайым елге жүлдемен оралып жүр. Осы даңқты жолды абыроймен жалғайсыздар деп сенемін. Шын мәнінде, сіздердің жеңістеріңіз тұтас Қазақстанның жеңісі болмақ. Көк туымыз желб…

0
0
672