Ертеңге деген сенім бүгіннен басталады
2023 жылдың 16 қарашасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды. Осылайша, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылды.Бағдарлама аясында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ы қазақстандық әр баланың жинақтаушы шотына қаржы аударылады. Қаражат мөлшері 18 жасқа дейінгі балаға теңдей бөлінбек. Балалар кәмелетке толған соң, шоттағы жинақты білімге немесе баспана сатып алуға жұмсайды.Фотоколлаж Azattyq Rýhy2023 жылғы дерек бойынша, елімізде 18-ге толмаған бала саны 6,9 млн болған. Оларға $100,05 аударылған.Астанада 442 502 бала бар. БЖЗҚ-ның мәліметінше, үстіміздегі жылы 18 346 баланың шотына 1 844 139 доллар түскен.Бұл жобаның басты мақсаты – өске…