Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан АЭС салу барысында өзінің ядролық отынына сенеді

Қазақстан — ядролық отын шығаратын аз елдердің бірі. Отынды отандық бірінші АЭС салуға қолдану жоспарлануда. Бұл туралы «Қазақстандық атом электр стансалары» АҚ директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша бүгін Астанада өтіп жатқан жария талқылау барысында мәлімдеді. «2018 жылы атом стансасын салудың техникалық-экономикалық негіздемесінің бірінші бөлімін әзірледік, онда екі өңірде станса салу мүмкіндіктері қарастырылған. Атап айтқанда, бұл өңірлер - Курчатов, ШҚО, қазір ол Абай облысы, екіншісі Оңтүстік Қазақстан облысы, Балқаш маңындағы Үлкен ауылы, бұл Алматы облысы. АЭХА ұсынымдары бойынша кең ауқымды зерттеу жүргізілді, атап айтқанда, қауіпсіздік, қуатты ядролық нысандарды орналастыру шарттары бойынша және Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтер негізін…

0
0
186

«ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ» ІРІКТЕУДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰХБАТ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің «Құрылымдық сұхбат» кезеңі аяқталды.Аталған резервтің мақсаты – өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарта отырып, өңірде жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылар тобын қалыптастыру.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп өткізілген іс-шараға облыс әкімі, комиссия төрағасы Серік Шәпкенов қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Сұхбатқа қатысқан үміткерлер өздері таңдаған салалық бағыттары бойынша, атап айтқанда экономика және қаржы, индустрия және өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, әлеуметтік салалар бағытында жоба қорғап, комиссия мүше…

0
0
358

Шет елдердегі күмәнді діни оқу орындарының зияны қандай?

Фото: «Дін мен дақпырт» деректі фильмінен кадрКеңес кезінде қаншама жыл бойы діннен ажырап қалған қазақ тәуелсіз ел болғаннан кейін Құдай жолына түсу үшін оның қай түрін де қабылдауға дайын еді. Өйткені діни сауаты жоқ болатын. Шекараның да ашылғанын пайдаланып келген небір миссионерлер жұрттың миын ашытты. Басқа конфессияларды болай қойғанда, қазақ жерінде бұрыннан орныққан исламның да неше түрлі ағымдары пайда болды. Содан көп қазақ адасып, бүгінде соның кері әрі кесірлі нәтижесін көріп отырмыз.Енді 30 жылдан аса уақыт бойы батпандап кірген дертті мысқалдап шығара алмай отырған жайымыз бар. Бұл қауіпті жағдайға шетелдік миссионерлер ғана емес, сол жат жұртта діни оқу тауысып келген өз азаматтарымыз да себепкер болды. Әлі де солай болып жатыр.Әрине, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қаза…

0
0
1618

Қазақстандық көкпаршылар көкбөрі ойынына дайындалып жатыр

Алдағы қыркүйекте Астанада өтетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында қазақстандық көкпаршылар Алматы облысында көкпар және көкбөрі ойындары бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.«ДКО аясында көкпар және көкбөрі ойындары өтеді. Қазір спортшылардың дайындықтары жақсы. Басты қарсылас ретінде Қырғызстан мен Өзбекстанды айтар едім. Егер біз көкпардан жеңісімізге сенімді болсақ, көкбөрі ойынынан мүмкіндіктеріміз тең дәрежеде. Біраз жылдан бері көкбөрі ойнаған жоқпыз. Десе де жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз» - , деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев.Көкпардан ұлттық құрама мүшесі Наурызбай Қалтаев байрақты бәсекеге дайындық жайлы және көкпар мен көкбөрінің айыырмашылықтары турасында айтып берді.«5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген да…

0
0
1136

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы бәйгеге шабатын аттар белгілі болды

Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды.«Осы ат жарыс аясында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы – Кұнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйгеге үздік жылқыларды іріктеп алдық», - деді Республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.Құнан байге бойынша І орынды Сұңқар атты тұлпар, шабандозы Абзал Тұрғанбек иеленді. II келген Бақторы, шабандоз - Ділнұр Нұрмұқаш. Сениорита есімді жылқы үшінші келді. Шабандозы – Абзал Тұрмыс.Топ бәйгеде топ жарған жылқы Зымыран,шабандоз Арнат Мұратхан. II орында Маймақ, шабандоз - Абзал Тұрмыс. Үшінші орын – Ертұран, шабандоз – Исламнұр Еркөс.Жорға жарыс қорытындысы бойынша I орынды Аквамарин, шабандоз - Евгений Чибисов. II о…

0
0
1347

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жаза қолданылды

14 тамызда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қыхмет істері агенттігінің Маңғыстау өңірі бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Жиынды Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасының міндетін атқарушы Дариға Кесікбаева жүргізді. Басқосу барысында күн тәртібіне сәйкес, 4  мәселе қаралды.-2023 және 2024 жылдың 6 айының қорытындылары бойынша Қарақия ауданы әкімі аппараты және оған қарасты дербес мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы туралы аудан әкімі аппараты басшысының есебі, мемлекеттік органдардыңтәртіптік комиссияларын…

0
0
384

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА

  Цифрлық университеттердің моделі әзірленді, ол екі жоғары оқу орнының Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да базасында пилоттық режимде іске қосылды.  Цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған.  2024 жылы 15 отандық жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша Google курстарын енгізуде, 12 000 студент Generative AI жобасына қатысады. Екі жоғары оқу орны (Абай атындағы ҚазҰПУ және Қ.Жұбанов атындағы АӨУ) Google for Education пилоттық жобасына қатысады.  NVIDIA-мен ынтымақтастыққа келетін болсақ, DLI жобасына 12 университет қатысады. 12 сертификатталған елші NVIDIA сертификаттарын алды, 1 оқытушы NVIDIA-дан DLI сертифик…

0
0
1224

130 ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 2024 жылдың І жартыжылдығында бақылау іс-шараларының нәтижесінде 411 заңнама бұзушылығы анықталып, тиісті шаралар қабылданған.Бұл орайда 130 қатардағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, 34 қызметкердің әлеуметтік-еңбек құқықтары қалпына келтірілген екен.Аталған мәселелерді Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов атап өтіп, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылмауы, әлеуметтік құқықтары мен заңнамамен кепілдік берілген төлемақыларының сақталуына үнемі бақылау жүргізіл…

0
0
216

ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет Басшысы Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген Ұлттық даму жоспарында дамудың жаңа моделінде мемлекеттік мүдделер азаматтың айналасында тоғысатындығы айқындалып, оны қалыптастыру игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, адами капиталды дамыту, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілік секілді 7 негізгі қағидатқа негізделген.Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жыл басынан бастап 70-ге жуық арыз-шағымдар құзыреті шегінде қаралып, нәтижесінде 30-ға жуық азаматтардың құқықтары қалпына келтірілген.Бұл туралы Департ…

0
0
236

Көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, журналист Ғали Ормановтың «Өмір дастаны» атты кітабының таныстырылымы өтті

Ақын, жазушы, аудармашы, журналист Ғали Ормановтың «Өмір дастаны» атты кітабының таныстырылымы өтті. Көрнекті қаламгерден мұра болып қалған бұл жәдігердің ерекшелігі, кітаптың түпнұсқасы еліміздің өзге кітапханалары мен музейлерінде сақталмаған. Нағыз ұлттық дарындардың бірі – қазақ әдебиетінен өз орнын тауып, халық жүрегінен орын алған, есейген шағында қазақ поэзиясының өркендеуіне, ұлттық әдебиеттің өркендеуіне ерекше үлес қосқан Ғали Орманов. Ақынның осыдан 76 жыл бұрын араб қарпімен жарық көрген «Өмір дастаны» кітабы енді мұражайға қойылады.Кітап араб графикасында 1948 жылы жарық көрген. Басылып шыққан орны - Қазақтың мемлекеттік баспаханасы, «Қазақ елі» журналының баспасы деп көрсетілген. Жинақта ақынның өлеңдері топтастырылып берілген. Атап айтқанда, «Ана сабағы» дастаны, «Алғашқы а…

0
0
1764