Аяқдоп
Шыңғыс ағамыз айтқанындай: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деп қазақ тілі сыныбында жазылып тұратын. Қазір өткен өміріме шағын бір шолу атсам, мектепте ғана бір Кирилл атты орыс сыныптасым болған еді, одан басқа таныс, жақын орыстар болмаған-ды. Оны жігіттер «аққұлақ» дегенде маған ұнамайтын еді. Қалай, а? Өздері соның тілінде сөйлесіп, оны мазақтаған дұрыс болмас. Енді де, қарасам, айналам өмір бақи қазақтар еді, мен онда неге орысша сөйлесейін? Тілдің атағын шығаруым үшін ең алдымен өзімнен бастап, барлық ойларымды ана тілінде жеткізуге тырыса бастадым. Басында қиын болар ‒ ана тіліңде қатемен сөйлесу ұят емес пе? Бірақ, онсыз да қазақпыз ғой, көптеген сөз санамен-ақ қана түсініледі. Маңыздысы паразит сөздерден (давай, короче, звонить, молодец т.б.) арылу. Ең жиі қолданыла…
