Мазмұнға өту

Жаңа

Мыңбаев мұнайшылар туралы айтты

Маңғыстауға Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында ҚР Мұнай және Газ министрі Сауат Мыңбаев келді. Ол Қаражанбас кен орынында болып, ондағы жұмысшылармен кездесті.
Жұмыссыздықтың алдын алу үшін жасалған шаралар жайында былай деді.
«Ереуіл кезінде жұмыстан босап қалған адамдарға арналған 2070 жұмыс орыны құрылған болатын. Бүгінгі таңда «Өзенмұнайгаз» бен «Қаражанбасмұнай» кен орындарындағы мұнайшыларды еңбекпен қамту жолға қойылуда. Олардың мыңға жуығы жұмысқа алынды. Алайда керекті техникалық құрал жабдықтар алынып, ауысымға арналған орындар шілде айына дейін салынып бітуі тиіс. Мұнан кейін мұнайшылар өз жұмысына кіріседі»,– деді ол.

0
0
536

Ертең елге амал мерекесі келеді

Ертең елдің батыс аймақтарында, әсіресе, Маңғыстау өңірінде Амал мерекесін атап өтеді. Ел арасында "көріс күні" деп аталатын бұл күні барша тұрғындар таң сәріден бір-бірінің үйінің аралап, құшақтасып, қол алысып көрісіп, төс түйістіріп амандасады. Бұл күні бір-біріне өкпелегендер татуласады, егер өкпесін қия алмағандар болса, «Самарқанның көк тасы еріген күні өкпеңді қия алмадың, көк тастан да қатты ма едің?!» деп жатады. Ал, Амал мерекесін, жыл басын Қазақстанның батыс аймақтары неге наурыздың 14-інен бастайды? Жалпы, адамзат баласының жыл деп жүргені – жердің күнді айналуы (365 күн 5 сағат 48 минут), ай дегені – айдың жерді айналуы (29 тәулік 12 сағат 44 минут) және тәулік дегеніміз – жердің өз осінен айналуы (23 сағат 56 минут 4 секунд). Яғни, бір жылда нақты 365 күн болмайды. Б.з.д. 4…

0
0
2753

Тәрбие толғауы

(«Сарыағаш» газетіне «Адам тағдыры» атымен 2009ж қыркүйекте 3 нөмірде басылды.) I-бөлім. Тәрбие бастауы Біраз жасаған адам өмірде де, өз ісінде де ой-тәжірибе топтап, соған сүйеніп, үлкен бір тоқтамдарға келеді екен. Сондықтан өмір бойы бала оқытқан ұстаздың бала тәрбиесі туралы көптеген тұжырымдар жасауы табиғи болса керек. Ауыл баласы және мектебі туралы шын толғай жөнелсек, «Батырлар жырын» күн-түн демей жырлаған жыраулардан кем түспес пе едік, қонар көңіл, тыңдар құлақ болса. Қазіргі әңгіме соның бастауы ғана. Ең алдымен нақты айтатын нәрсе - сабырлы ой еңбегіне бейім бала бар да, оған керісінше, тынымсыз қимыл-қарекетке бейім бала бар. Түбінде бұл екі бейімді бір-біріне қарсы қою қате пікір шығар, бірақ бұл балалардың мінез-құлқы тіптен басқаша екені анық. Ой-қиялға бейім баланың нег…

0
0
2175

Орта білім беру жүйесі туралы кейбір жеке ойлар

Республикалық «Талапкер» газетінің 2008 жылғы 3-санында жарияланды. Мен отыз жылдан астам ауыл мұғалімімін. Сондықтан орта мектептің өткені мен кейінгі хал-ахуалын салыстырып, жақсы-жаманын айта аламын. Ұсақ әңгімеге кетпей, сөзді түйіндеп жеткізуге тырысайын. Ең бірінші талассыз ақиқат – тәуелсіздік орнағалы бері жалпы білім саласын заманға сай етіп реформалауға деген мемлекеттік ынта өте жоғары. Өйткені ғаламдық интеграция процесінде білімге халықаралық талап өте жоғары. Екінші ақиқат – сол реформалар негізінен жоғары білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасауда. Кредиттік жүйе, жаңаша бағалау жүйелері, жаңа оқу бағыттары сияқты халықаралық оқу әдістемелері мен технологиялары енгізілуде. Орта білім жүйесіндегі реформа негізінен жаңа ақпараттық технологияларды оқу процессіне біртіндеп, сы…

0
2
5596

Қазақстандағы ең көрікті көпірлердің бірі — Семей қаласында!!!

Өткен жылы Семей қаласындағы аспалы көпірдің ең жоғарғы нүктесіне көтерілдім. "Біз білмейтін Республика" арнайы айдардың аясында жасалған материалға дайындық еді. Сол 90 метр биіктіктен Семей қаласының келбетін түсіріп, нәтижесін сіздерге ұсынамын.

Жапондықтар салған бұл аспалы көпірді қалпында ұстап тұру оіңай емес. Оған арнайы мекеме қызмет етеді. Қызметкерлер күнде көтерілетін 90 метрлі пилонның үстіне шығу оңайға соқпаған еді.

Менің естен кетпес сәттерім...

Осы бейнеге қарап, кейде өкініп те қаламын.... Сол бір 2001 жылы мен 9-сынып оқып жүрген кезім еді. Райымбек ауданына тойға қонақ ретінде барып, сол жерде қонаққа барған Мейрамбек Беспаевпен кездестім. Той дүркіркіреп өткен соң келесі күні сол үйге Мейрамбек, оның ата-анасы, менің де ата-анам, бәріміз бірге қонақ болдық. Сонда ямаха аспабыма Мерекеңнің ана музыканы салшы, мына музыканы салшы деп, бір жағы тыңдау қабілетімді тексеріп, бір жағы қызығушылықпен де қарағаны әлі естен кетпейді. Ол уақытта Музарт тобы құрылмаған кез еді. Мейрамбек менің ата-анама: Думанды қалаға алып кетсем деп сұрады. Әкем сәл ойланып, әрине дұрыс-ақ, бірақ балам әлі кішкентай ғой, оған қоса мен әбден балама сүйеніп алғанмын, тойға әнші етіп апарып жүрмін, онсыз тойды өткізе алмаймын, мектеп бітірген соң жолықс…

1
0
718

Исламдағы өзіңді емес ..өзіңдегі исламды сүй....

Әдеттегідей ақылды жәшігімнің алдында отырмын. Қапелімде, маил рудан мезі болған басыма тамаша бір ой келді. Тамаша дегенге таңқалмаңыз. Ньютоннан асып, Новель алу қайда а а а. Біздің ойлар қиыннан қиыспай қарапайым келеді. Анаған бір, мынаған бір жазып күнделікті миссиямды атқарып болған соң, терең ойға кеттім. Шіркін, кәзір осы жәшік болмаса не істер ем? Кім біледі,мүмкін ,жастанып жатып талай кітапты оқып тастар ем. Я , ақындығым ұстап ақ қағазға сыр шертем бе? Онысы бір Аллаға аян. Не де болса да дәл кәзір жетісіп отырмағаным белгілі. Қысыр сөзге ысырап қылған қайран уақытты айтам.Білуімше адам баласының көп жасайтын қателіктерінің бірі де осы. Себебі Алла Тағала сыйлаған құнды нығметті қолданған кезде толықтай еркін емес және алланың ризашылығына лайықты түрде қолдану керек екендігін…

2
3
1257

Шаруалардың шағын несиеге қолы жетті

Қарағанды облысындағы Ағадыр кенті бойынша 7 адам шағын несие алуға өтініш білдірсе, соның 3-і, 3 млн. теңгеден алды. Ауыл адамын жұмыспен қамтуға арналған бағдарламаның аяқалысы оң тәтиже бере бастады. «Алайда, шаруалардың кепілге қоятын мүлкі арзанға бағаланғандықтан, бірқатар жұмыссыз адамдар жеңілдетілген несиеден қағылып отыр»,­ - дейді жергілікті әкімдер. Манаг Сайранды 3 млн. теңге несие алу үшін баспанасымен, шағын дүкенін кепілдікке қойыпты. Алғашқы бір жарым жылда ол несиенің үстеме 5 пайызын ғана, яғни, ай сайын 20 мың тенге ғана төлейді. Одан кейін үш жарым жыл бойы айына 100 мың тенгеден төлеуге міндетті. Манаг Сайранды, шаруа: Жылқы малын алсақ деген ойымыз бар. Аздап қой, сиыр малдарымыз бар ғой. Кішкене үстінен қосып жылқы алып, одан әрі өсіріп, қымызын сатсақ, біраз жұмыс…

0
0
412

«ЕХРО 2017» көрмесіне Астана басты үміткер

«ЕХРО 2017» халықаралық Көрмесінің бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес және Сараптама комиссиясының төрағасы Стин Кристенсен бүгін Астанада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесті. Шетелдік меймандар халықаралық көрмені талапқа сай өткізу үшін алдын ала жасалып жатқан әзірлік шаралары жөнінде әңгімеледі. «ЕХРО 2017» көрмесін ұйымдастыру үшін Қазақстан мен Бельгия бәсекелес. Егер сараптау комиссиясының назары Астана қаласына түссе, қазақ елінің ауқымды шараны өткізуге мүмкіндігі мол. Ол үшін қазірдің өзінде Елорда жанынан 120 гектар жер бөлінген. Құрылыс нысандарын салу үшін 1 жарым миллиард доллар жұмсалады. Висенте Гонсалес Лоссерталес, халықаралық Көрмелер бюросының бас хатшысы: Халықаралық көрмені жоғары деңгейде өткізу үшін сараптау комиссиясы жан-жақты жұмыс істеп жатыр…

0
0
223