Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аяқдоп

Шыңғыс ағамыз айтқанындай: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деп қазақ тілі сыныбында жазылып тұратын. Қазір өткен өміріме шағын бір шолу атсам, мектепте ғана бір Кирилл атты орыс сыныптасым болған еді, одан басқа таныс, жақын орыстар болмаған-ды. Оны жігіттер «аққұлақ» дегенде маған ұнамайтын еді. Қалай, а? Өздері соның тілінде сөйлесіп, оны мазақтаған дұрыс болмас. Енді де, қарасам, айналам өмір бақи қазақтар еді, мен онда неге орысша сөйлесейін? Тілдің атағын шығаруым үшін ең алдымен өзімнен бастап, барлық ойларымды ана тілінде жеткізуге тырыса бастадым. Басында қиын болар ‒ ана тіліңде қатемен сөйлесу ұят емес пе? Бірақ, онсыз да қазақпыз ғой, көптеген сөз санамен-ақ қана түсініледі. Маңыздысы паразит сөздерден (давай, короче, звонить, молодец т.б.) арылу. Ең жиі қолданылатын сөздерді ерінбей аударып алып, соларды қолдана бастау жөн. Мақал-мәтелдерді оқысақ та игі. Тілмен байланысты үзбеу керек. Әйтпесе, одан айрылып қалуымыз да мүмкін. Әсіресе, Солтүстік Қазақстанда. Орыстардың ортасында өз тілдерің ұмытып кеткендер бар ғой. Одан да өкініштісі, сол ұмытқандар балаларына да тілді бере алмайтын болады. Ал бұл болса қауіпті.

Әрбір тіл өз иелерінің талаптарын қамтамасыз етуші еді. Яғни, көшпелі халық болған біз үшін тіліміз ыңғайлы. Байқасаңыз, ең басты зат есімдер бір-екі буыннан ғана құрылған. Мысал ретінде «у» әрпімен екі әріпті сөздерді атайын: су, бу, ру, шу, ну, қу, жу, ту, зу. Себебі, атты адамға қысқа сөздер тиімдірек. Қаласаңыз, осыған ұқсас бірталай сөзді табуға болады. Заманауи болу үшін қазір дамып келе технология салаларында жаңа сөздер қолданысқа кіруде. Соларды қазақшаға аударып, өзімізге тән дыбыстармен айтуға тырысалық. «Құлаққап», мысалы. Дәл сөз емес пе? Әлде, «Аяқдоп». Кейбір білгіштер оны «халықаралық» сөз деп атап, оның аударылуы «керек емес» деген тұжырымға келеді. Тексеріп көріңіз.

 
2
3
1053

Осы тақырып бойынша

Аяқдоп - Yvision.kz