Орта білім беру жүйесі туралы кейбір жеке ойлар
Республикалық «Талапкер» газетінің 2008 жылғы 3-санында жарияланды. Мен отыз жылдан астам ауыл мұғалімімін. Сондықтан орта мектептің өткені мен кейінгі хал-ахуалын салыстырып, жақсы-жаманын айта аламын. Ұсақ әңгімеге кетпей, сөзді түйіндеп жеткізуге тырысайын. Ең бірінші талассыз ақиқат – тәуелсіздік орнағалы бері жалпы білім саласын заманға сай етіп реформалауға деген мемлекеттік ынта өте жоғары. Өйткені ғаламдық интеграция процесінде білімге халықаралық талап өте жоғары. Екінші ақиқат – сол реформалар негізінен жоғары білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасауда. Кредиттік жүйе, жаңаша бағалау жүйелері, жаңа оқу бағыттары сияқты халықаралық оқу әдістемелері мен технологиялары енгізілуде. Орта білім жүйесіндегі реформа негізінен жаңа ақпараттық технологияларды оқу процессіне біртіндеп, сы…











