Алматыда жарылыс ұйымдастармақ болған лаңкес құрықталды
Еліміздің Бас прокуратурасы мен Ұлттық Қауіпсіздік комитеті наурыздың 24 күні Алматы қаласында болуы тиіс террорлық әрекеттің алдын алды. Қазірдің өзінде бұл бүлікті кім ұйымдастырмақ болғаны анықталды. Әрі лаңкестік әрекет арқылы нендей мұратқа жетпек болғандардың бар мақсат-жоспары да әшкереленді. Лаңкестікті ұйымдастырмақ болған адам – Александр Павлов. Ол БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың жеке күзетін басқарған. Арам ойын жүзеге асыруды 2011 жылдың қыркүйегінен бастап ойластырған. Радикалды топтармен байланыста болған. Қазір «осы іске қатысы бар» деген күдікпен біраз адам ұсталып, кінәларын мойындап жатыр. Халықты қорқыту мен үрейге бөлеу, аласапыран мен дүрбелең жағдай орнату. Елдің тыныштығын бұзып, ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға жол ашу. Жүзеге асырмақ болған терак…