Жәбірленушілердің көбі талап арыздарын қайтып алды
Ақтаудағы сот жалғасып жатыр. Үшінші күні біріңғай жәбірленушілер сөз алды. Келтірілген шығынның көптігіне қарамастан, талап арыздарынан бас тартып жатқандар баршылық. Соттың алғашқы күнінде, келушілер көп болып, тіпті, есіктің сыртында бір айыпталушы кіре алмай, қалып қойғаны есіңізде болар. Ал, дәл бүгін сот отырысына қатысқандардың саны аз болды. Үшінші тыңдалымда ереуіл кезінде мүлкі қирап, зардап шеккендер сөйледі көбінесе. 26 жәбірленушінің 20-дан астамы талап арыздарын қайтарып алды. «Ақшадан гөрі, балалардың тағдыры маңызды»,– дейді. Олардың арасында «23 миллион теңгенің орнын толтыру қажет емес» деген адам болды. Ал, қалғандары мекеменің атынан сөйлеп тұрған соң, келтірілген шығыннан бас тарта алмады. Бір жағынан қаржы көлемі де тым ауқымды. БТА банкінің Жаңаөзендегі бөлімшесі оқ…