Мазмұнға өту

Жаңа

7 сәуір күні әлемнің барлық елдерінде Бүкіләлемдік денсаулық Күні аталып өтпек

Жыл сайын Бүкіләлемдік денсаулық күні Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының пікірінше, барлық әлемдегі медицина қоғамының алдына қойылған маңызды проблеманы айқындайтын белгілі тақырыпта өткізіледі. 2012 жылғы Бүкіләлемдік денсаулық күнінің басты тақырыбы – «Жақсы денсаулық ғұмырға жас қосады» атты ұранымен қарттық пен денсаулық. Бүкіл ғұмыр бойы денсаулықтың жақсы болуы егде ер адамдар мен әйелдердің жасына жас қосып ұзақ жасауымен қатар, олардың барлық деңгейде қоғам тіршілігіне белсенді араласуына септігін тигізетініне көңіл аударылған. Өту мерзімі: 5-сәуір 2012ж.Басталуы: 14.00Өту орны: Мамыр-7,8а үйінде орналасқан «Алматы қалалық ардагерлер үйі»Дөңгелек үстелге қатысушылар:-ДСБ-ң, ДДҰ-ң өкілі-Денсаулық сақтау басқармасы-Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық ортал…

0
0
4500

Кешке қарай ойламастан ұйықтап кеттім

Кешке қарай ойламастан ұйықтап кеттім, шаршаған болдым ба, бірақ, не істегенді білмедім соншама ұйықтайтындай, негізі көп түс көрмеймін. Ұйықтап жатсам, көптен көрмеген түсті де көрдім. Түсімде маған бір кісі келіп; - Әй Владимир бері кел, - дейді, есімім сөйтсе Владимир екен. - Бері кел, әңгіме бар, - Иә, Ассалаумағалейкум,- дедім, қолымды кеудеме салып, ол болса қол созуда. Бір кезде қолын жасырды. Ойласа керек, мына орыс немене мұсылманша амандасып. - Влад, менде әңгіме бар, жүр адам аз жерге барайық. Орындықтарға отырдық, орындықтардың аяқтары жоқ екен, қарап таң қалдым, - Ехехе, ультракүлгін сәулемен жұмыс істейді дейді, әлгі бейтаныс кісі, бір ойландым қалай сонда ультракүлгін сәуле? Ол әншейін ғана сәуле емес пе, деп ойланып қойдым. - Влад, бері қара, ертең бір лауазымды кісі келед…

-4
8
989

Жібек орамалға түйілген жүрегімді...

...Мойнымдағы жібек орамалды көрсем, сені есіме түсірем. Сол кездегі батылдығым да, өзіңнен қатты ұялғаным да есіме түседі. Кейде лақтырып тастағым келеді. Орамалымды. Бірақ қимаймын. Не десеніз де, ол мен үшін жанымның жылуы сынды көрінеді... ...Сол күні мерекелік кешке жібек орамалымды мойныма тағып барғам. Қызықты ойын барысында орамал қажет болып, сен менен оны сұрап алдың. Ойын бітті, алайда сен оны маған қайтармадың. Кеш соңына дейін ол сенің қолыңнан түскен емес. Ешкімге бермедің де. Иа, мен барін байқадым. Тек «кешіміз» аяқталып, жұрт тарқасып жатқанда ғана жаныма келіп, «міне, саған қайтармақшымын» деп қолыма ұсындың. Саған қарап: «қаласаң, өзіңде қалсын» деп қалмасым бар ма (сол кезде жүрегім дүрсілдеп, қатты толқып кеттім...Ұялдым... ). Маған ұзақ қарадың да: «Мен оны қайтем, қ…

3
0
675

Вегастық жігіттер, дем алыңдар, «Х жобасы» іске қосылды

Ескерту! Бассейні бар, ауқымды ауласы бар екі қабатты үйде есті алар музыкамен, көңілді достармен, әдемі қыздармен, нағыз жігіттермен бас қосып елдің аузында жүретін кеш өткізбегендер, не өткізуді армандамағандар бұл фильмді ұнатпауы мүмкін. Былай ғой. Сен қатардағы американдық мектепте оқитын 17 жасқа бүгін толған жасөспірімсің. Сені ешкім елемейді, алып баратын күшің де жоқ, көркің де шамалы. Кирби атты құрбың бар, бірақ, оған деген сезіміңді өзің де түсінбейсің. Тек мектептің нөмірі бірінші қыздарына сырттан тамсана қарайсың. Достарды да «жарытып» беріпті тағдыр – бірі семіз, көзілдірік киген аңқау, екіншісі өзін-өзі мықты көріп, өз басына, онымен қоймай сенің басыңа проблема тауып беріп жүретін түсініксіз біреу. Сонымен, қайтпек керек? Жақын маңдағы (арасында мектепті үш жыл бұрын біт…

4
3
1112

#Актаусуд отырысының екі күні. Есеп

Өткен айдың 27-сі күні Ақтау қаласында Жаңаөзенде 2011 жылдың 16-желтоқсанында орын алған тәртіпсіздікті ұйымдастыру бойынша айыпталып жатқан сотталушылардың үстінен сот ісі басталғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан естімеген адам аз. Оның есесіне, осы платформада Әсет Нұрпейісов пен Бағлан Айдашовтың жазбалары жарық көріп үлгірді. Қазақстан интернет Ассоциациясының (Атап айтқанда, Бағланның) шақыруымен мен Ақтауға іссапар жасап қайтып, сот ісінің екі күндік жұмысына блогер ретінде араласқан болатынмын. Сот ісін тікелей трансляциялау туиттерде #актаусуд хэштегімен жүзеге асырылды.Атап өтетін болсақ, осы хэштег пайда болған күннің өзінде-ақ алдыңғықатарлы хэштегтердің арасында көріне білді. Осы хэштег бойынша терілген бүкіл туиттердің статистикасын Бағланның соңғы жазбасынан көре аласызда…

-4
8
874

Біз асыр салған ойындар қайда қалды?!

Бірде ғаламтордағы соңғы жаңалықтарды қызықтап, электронды поштама келіп түскен хаттарды оқып отырғам. Үнемі қосулы тұратын Mail.Agent-ім шыр ете түсті. Хабарлама келіпті. Бір сырлас досымнан. «... [email protected]: Қайда жүрсің? Көрінбей кеттің ғой. Рокси: Ауылға барып қайттым. [email protected]: Шіркін-ай, қалай екен ауыл? Рокси: Тып-тыныш. Мүлгіген тыныштық. [email protected]: Бұрын біз шулап жүруші ек. Бәрі қайда кеткен? J Рокси: Білмеймін. Шулап демекші, спорт алаңына бардым. Түгі қалмапты. Біздің кезімізде футбол алаңы қалай жайнап тұрушы еді?! [email protected]: Иә, жайнап тұрды. Түгі қалмайтындай жөні бар. Бұрынғыдай қазір ешкім ойнамайды ғой. ЕШКІМ...» ...Ойланып қалдым. Неге? Расымен де, ауылда жүріп, асық ойнаған, доп куалаған балаларды неге сирек кездестіреміз? Тіпті, көрмейміз де. Жооооқ, олар…

5
2
2001

Семейдегі сынақ тауқыметі

Сонымен Сеул саммиті де аяқталды. Жоғары деңгейдегі басқосу нәтижесінде ядролық қауіпсіздік пен ядролық лаңкестік қатерін төмендетуге бағытталған қорытынды құжат - коммюникеге қол қойылды. Болашақта мұндай жиын Астанада өтуі мүмкін. «Бұған біздің ел әрқашан дайын» деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз арасында. Сонымен қатар, Президент «Үлкен сегіздік» елдерін жаппай қырып-жоятын қа­ру­ға қарсы күш біріктіруге үндеп, өзгелерге де арқаны кеңге салып жүре бермей, антиядролық саясатта тездетіп тізе қосуға шақырды. Түрлі құжаттарды сиырқұймышақтатып, көпке созбай, ратификациялау керектігін айтты. Ядролық қарудан бас тарту - атом энергетикасын тоқтату деген сөз емес. Мысалы, қазір әлемнің 40 мемлекеті атомды бейбіт мақсатта қолдану үшін зерттеу жүргізіп жатыр. Ал, 15 шақты ел атом элек…

0
0
669

Қалың қалай, қазақ блоггері?

Ақпараттық технологиялаp дәуірінде ноқтаға басы симайтын, бақылауға көнбейтін ғаламтор деген өзінше бір әлем бар. Жаһанды жаулаған сол ғаламторды дұрыстап игерсек игілігі көп-ақ, алайда, әзірге ол қолдан келмей тұр. Ғаламтор арқылы бейәдеп көріністер көпшілікке таралып жатыр, азаматтарымыздың ар-ожданы тапталып жатыр, ғаламтор арқылы шығармашылық иелерінің авторлық құқығы бұзылып жатыр. Тіпті, әлемдегі түрлі ұлтаралық, дінаралық дүрдараздықтарды қоздыру, ереуіл мен бұлғақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік желілердің ықпалы басым. Сондықтан, көптеген мемлекет ғаламторды бақылауға көшті. Бұл өз кезегінде ақпараттық кеңістікке тыңнан қосылған осынау саланың өркениетті дамуына кепіл болмақ. Тек бостандығын шектемесе болды. Бүгінде телевизия мен мерзімді басылымдардың өзін ығыстырмаққа жанталасып…

0
0
509

Этнопедагогика пәні бойынша пайдаланылған әдебиеттер (Құр.М.Құрсабаев)

ЭТНОПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР (Құрастырған п.ғ.к Құрсабаев М.К) Қазақстан Республикасының Конституциясы. А:1995 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы һәм Қазақстан халқына арнаған Жолдауы. А.2006 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. А.2006 Гумилев Л.Н., - Этносфера: История людей и истроия природы,М.Экопрос,1993, 544с. Бромлей Ю.В.,- Очерки теории этноса,М: Наука, 1983 Орлова Э.А.,- Введение в культурную антропологию,М:МГИК, 1994, 215 с. Кляшторный С.Г.,Султанов Т.И.,- Казахстан: летопись трех тысячелетий,А:Рауан,1992,374 с. Советский Энциклопедический словарь // п/р А.М.Прохорова, М:1982, 1600 с. Педагогическое наследие: Я.О.Коменский, Д.Локк, Ж-Ж.Руссо, И.Г. Песталоцци.,- сост.В.М.Кларин, А.Н.Джу…