XXI ғасырдың үздік ғалымы
Отандық ғылым саласы әлемді мойындатты. Халықаралық «Сократ» ғылыми комитеті Шымкенттік Әбдімұса Қуатбековті «ХХІ ғасырдың үздік ғалымы» орденімен марапаттады. Отандасымызға бұл атақ химия-техноллогия саласында көптеген тың жаңалықтар ашып, әлемдік ғылымға қосқан айырықша үлесі үшін берілді. Жарты ғасырға жуық ғұмырын химия ілімін терең зерттеуге арнаған ғалым 800-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Әбдімұса Қуатбеков халықаралық Ғылыми комитеттің марапатына ие болған санаулы қазақстандықтардың бірі.
Әбдімұса Қуатбеков, Қазақстан халықтар достығы университетінің президенті, химия ғылымдарының докторы:
Гербицид, пестицид дейді. Сонан соң, медицинада қолданылады. Біз соны аштық. Бұл менің еңбегім деп есептемеймін. Бұл халықтың, Қазақстанның еңбегі. Жиырма жылдық Тәуелсіздіктің ішінде осындай нәрсе ашу, көрсете білу, істете білу.
