Өмір деген жұмбақ екен байқасам,
Әділетсіз сан кезеңмен айқасам.
Мөлдір су боп ағып түсед бір тамшы,
Сезім толған сыр-сандықты шайқасаң.
Өмір деген терең екен бойласам,
Тереңдікті кезіп талай ой асам.
Тұңғиықта қара түнек, қара түн,
Бойыңдағы жамандықты жоймасаң.
Өмір деген биік екен ойласам,
Ал тыңдасаң – сырға толы тоймас ән.
Адам болмай кеткен артық өмірде,
Биіктерді мақсат етіп қоймасам.
22.12.2010. 00:31 Астана