Мазмұнға өту
rollan_kazakh

Роллан Құспан

@rollan_kazakh

Сайтта 2010 ж. 3 желтоқсанКазахстан, Атырау

Туып, өскен Отаным - Қазақстанды шексіз сүйетін, ана тілім - Қазақ тіліне үлкен құрметпен қарайтын, ұлттық нақыштарымыз бен құндылықтарымызды бағалай білетін, салт-дәстүрді сақтап, үлкеннен өнеге ала

рейтинг

100

жазбалар

16

пікірлер

77

тіркелуші

11

жазылымдар

34

«Отансүйгіштік тәрбие: дамудың жаңа парадигмалары»

Қазақстан жастарының Конгресі үстіміздегі жылы республиканың барлық аймақтарында "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасын жүзеге асырды. Жобаның басты мақсаты: жастар арасында патриоттық идеяларды анықтап, Қазақстанның көп жетістігін насихаттау, мемлекеттілігімізді, Қазақстан жастарының бірлігі мен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сынды негізгі құндылықтар аясындағы қоғамның ынтымағын нығайтуды насихаттау болып табылады. Еліміздің барлық аймақтарында, яғни, 14 облыс пен республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында: ел ағалары, қоғам қайраткерлері, ЖОО-ның профессорлары, мәдениет және өнер қайраткерлерімен 16 кездесу; үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының, ЖОО студенттерінің, белсенді жастардың қатысуымен 10 пікірталас алаыңын; қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Көкшетау, Атыра…

0
0
1203

Жер асты жаяу жүргіншілер өтпесінде

Өткен сәрсенбіде, яғни үстіміздегі жылдың 25-ші жұлдызында, «Болашақ бүгіннен басталады» республикалық науқаны аясында, Астана қаласында «Кадмий красный» жастар әлеуметтік көрмесі өтті. Көрмені ұйымдастырушылар: Қазақстан жастарының Конгресі, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты және Астана қаласы суретшілер бірлестігі. Көрмеге 25 дана сурет және бірнеше инсталляциялар қойылды. Көрмеге қойылған жас қылқалам шеберлерінің жұмысы, толығырақ, "Кадмий красный" постында. Жас суретшілер өз жұмыстарында, қазіргі таңдағы жастардың бойындағы проблемалар: жасанды түсік, ішімдік ішу, есірткіқұмарлық, шылым шегуді бейнелеген. Бір қызығы, өз жұмыстарында қазіргі жастардың басындағы өзекті мәселелерді бейнелеген астана суретшілері, көрме өткізу үшін, Конгресс-холлға қарсы орналасқан жер асты жаяу…

6
1
2929

Жаңа 2012 жыл құтты болсын!

Қайырлы кеш құрметті Қазақстандықтар, Отандастар!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Енді бірер сағаттан соң жаңа 2012 жылға қадам басамыз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылға толтырған 2011 жыл Еліміздің деңгейінде көптеген өзгерістер алып келді. Енді одан әрі қадам басып, Қазақстан атты ортақ отанымыздың гүлденіп, көркейуіне  қызмет жасайық! Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа! Баршаларыңызға:

Зор денсаулық, мол бақыт,

Қажымас қайрат, талмас қанат,

Өзендей өмір, үзілмес ғұмыр,

Мөлдір махаббат тілеймін.

Жаңа жыл әр қайсыңыздың жоспарлаған мақсаттарыңыздың орындалуына ықпал етсін. Отбасыларыңыз аман болсын!  Жаңа 2012 жыл тағы да құтты болсын!

Сіздерге деген ізгі тілекпен: Құспан Роллан!

3
1
812

Ардақты аналар, аялу арулар! Баршаларыңызды 8-наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын!

Ардақты аналар, аялу арулар! Баршаларыңызды 8-наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын!  Сіздерге зор денсаулық және әйел бақытын тілеймін! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп, көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!  Сіздерге қандай мақтау, мадақтау айтса да жарасады. Өміріміздің гүлі, отбасының ұйтқысы, адамзаттың анасы!

Сыр өңірінің ақыны Тұрмағанбет:

Әйел көктен түскен жоқ,

Ол - еркектің баласы.

Еркек жерден шыққан жоқ,

Әйел - оның анасы,- дегендей, тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын!

0
8
22441

Жасасын ҚАЗАҚСТАН! Жасасын ҚАЗАҚИЯның намысқой қырандары!

26 алтын, 18 күміс, 15 қоламен Қазақ Елі алғашқы орынға тұрақтады! Намысты қолдан бермеген ұл қыздарымызға үлкен алғыс білдіремін! Мәреге  қолына Көк туымызды желбіретіп жеткен саңлақтарымызды көргенде көзіме еріксіз жас келді! Мен қуаныштымын! Алақай ағайын! Кешегі Азиаданың ашылуынан-ақ бәрі анық болғандай. Жиналған халықтың арманы осы болды! Бәріміздің тілегіміз орындалды, ағайын. Не деген қуаныш десеңші.  Бұл ел болып атқарған еңбектің тәтті жемісі! Ендігі кезек, біздің спорттағы ақсап қалған тұстарымызға көңіл бөліп, келесіде ондай қателіктер жібермеу жолдарын қарастыру керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Аққу, шортан һәм шаян болып біреуіміз өрге, біреуміз көрге тартпағандықтан біз бүгінгі жеңіске жеттік! Ардайымыз биіктен көрінейік! Спортшыларымыздың бүгінгі ерлігі ертеңгі…

0
2
1248

XXV Бүкіләлемдік қысқы универсиададан жаңалықтар Эрзурум қаласы (Түркия)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІІГІ БАСПАСӨЗ-ҚЫЗМЕТІ 010000, Астана қ, 35 к-сі, дом №8, 11 кіреберіс тел: (7172)  74-23-81 www.edu.gov.kz_____________________________________________________ XXV Бүкіләлемдік қысқы универсиададан жаңалықтар Эрзурум қаласы (Түркия) Еліміздің жас спортшылары VII Қысқы Азия ойындарымен қатар келген XXV Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға қатысып, сынға түсуде. Бұл жарыстарда да біздің спортшылар барын салып, оңды нәтижелер көрсетуде. Атап айтар болсақ, 2011 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша медаль иегерлері: Фристайлдан: алтын медаль – Рыбакова Дарья қола медаль – Моисеев Денис 10 км шаңғы жарысынан: қола медаль – Матвиенко Геннадий Қазақстан жас спортшыларының XXV Бүкіләлемдік қысқы универсиададан алдағы уақытта жүлделі орындарға ие болуы…

0
0
528

VIІ-ші Қысқы Азия ойындарының бастамашыл еріктілер тобы «Қазақстан алға!» акциясын өткізді.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ VIІ-ші Қысқы Азия ойындарының бастамашыл еріктілер тобы 2011 жылғы 21 қаңтар сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің мәжіліс залында (оқу-тәжірибе ғимараты, Мұнайтпасов көш № 5) «Қазақстан алға!» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, 7-ші Қысқы Азия ойындарының еріктілерін жігерлендіру, Қазақстандық еріктілер қозғалысының деңгейін көтеру болып табылады. Акцияда ҚР білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбеков, «7-ші Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ-нің вице-президенті А.А. Қапақов, «Қазақстан жастар Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Ш.А.Байманов және Азия ойындарының еріктілері сөз сөйледі. Іс-шара барысында еріктілер 7-ші Қысқы Азия ойындарының экипировкасың шеруі және…

0
0
493