Мұнайдың табысы халыққа қашан жетеді?
Деп атапты мақаласын Дат, 27 номерде 155. Не, жетпей жатыр ма сонда халыққа? Әрқайсымызға енді қашан үлестіріп береді деп отырсыздар ма? Қазақстанның сыртқы қарыз жөнінен Ресейді ? адам басына шаққанда 3634 доллар артқа тастады дей келе, ендеше сол сыртқы қарызды төлеуге кетірсін деп ойламайсыңдар ма? Бір топ иеленді ма, не тағы басқа бірдеңелер салды ма бәрібір соның бәрі халыққа бөлінді деп саналады. Тіпті жеп қойған болса да коррупциямен болсын, бәрібір халыққа бөлінген болып саналады, се,бебі халықтың арасынан туған ол бір құбылыс, халық шығарды салт дәстүрімен болса да, қалай болса да, сондықтан халыққа жетті деп саналады. Олар бөліп жармайды халықты, бәрі де халық, үстіндегісі астындағысы дегендей. Халықтың өзі бөліп алады, мынау келімсек, анау жетімек деген сияқты айдар қойып алады…
