Менің «афоризмдерім»
Студенттік жылдарымда қойын дәптеріме түртіп жүрген сөздерім бар екен. Әрине, кезінде өз деңгейімде ұлы сөз айтқандай болған едім. Қазір ақылым толысты ма, тәжірибем ұлғайды ма, білімім артты ма, білмеймін. Бірақ, сонда да қызық болсын деп жариялап отырмын...

Бейпiл сөздер Құранда болмағанмен, араб тiлiнде бар
*****
Жақсылық жасамаудың өзi – жамандық,
Жамандық жасмаудың өзі – жақсылық
*****
Жалқау бастықтың орынбасары көп болады.
*****
Жұмыс аз, бастық көп.
*****
«Қағанат» қарын тойдырады.
*****
Қазiргi қыздардың көкiрегi ашық, көздерi бояу.
*****
Бiрлiгi жақсының тапқаны тапшы болмайды.
*****
Қанша байлығың болса, сонша иманың болғаны дұрыс.
*****
Бiлiмдiлер көп болса, бiлiмсiздер көкiмейдi.
*****
Аялдамада тұрған адамдардың бастары автобус келетiн жаққа қарап тұрады.
*****
Қорлаудың емi – қолдау.
*****
Қасқырдан қорыққан ит үйiне келiп үредi.
*****
Ит адамдық жасай алмайды, ал адам иттiк жасай алады.
*****
Иттің үстемдiгi үргенде
*****
Ит тiсiмен, адам iсiмен бағалы.
*****
Бай жұтаса тәубесiне келедi, ал кедей байыса едәуiр иман керек.
*****
Пiскен алма сiлкiмей-ақ жерге түседi
*****
Асқазан тек тамақты күтедi
*****
Кейде «әйбәт» сөйлеймiз деп «ғайбат» сөйлеп кететiнiмiз бар.
*****
Бабам тiлi, анам тiлi, өз тiлiм,
Бұл күнде ол көре алмай жүр өз күнiн.
*****
Мансапқордың түпкi арманы –Құдай болу.
*****
МАИ азығы мен бөрi азығы жолда.
*****
Пайғамбар да ақын болған, бiле бiлсең,
Құранда да ұйқас бар, сүре бiлсең.
*****
Қиямет жақында, жұмақ алыста
*****
Харамды да Құдай жаратқан
*****
Орман тек қайыңнан тұрмайды
*****
Бiреу саған болмайды өз ағаңдай,
Сол себептi құрмет тұт өз ағаңды-ай!!!
*****
«Қашанда бауыр қымбат»,–
деп оған жылы үн қат
*****
Ұшқыр ой – қаруым,
Сұлу сөз – атар оғым
*****
Туылғанда бәрi мұсылман,
Бiрақ, өлгеннiң көбi – кәпiрлер
*****
«Осторожна, злая собака» деген жазуы бар үйге, бiр кiрсе оралмандар кiруi мүмкiн.
*****
Дiнiм, дiлiм, тiлiм деген сөздер ұйқасқанмен, үйлеспей жатыр
*****
Қуаныш деген – қайғының жамауы
