Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақша мен билік үшін «АЛҒА!»

Бізде «Алға» атты партия бар. Оны партия деуге де болмайды, себебі заң бойынша тіркелмеген. Өркениетті мемлекеттің заңды талаптары аясында толыққанды партия болу үшін оның кемінде 50 мың мүшесі болуы керек. Ол мүшелер қағылған-соғылған, ішімдік пен есірткіге елтіген біреулер емес, кәдімгі саяси ұстанымы бар, «қалыпты» адамдар болуы шарт. Партия қандай көзқарасты ұстанса да ел заңдарына сәйкес әрекет етуі керек.

Ал, мына «Алғада» мұның біреуі де жоқ. Қайда, қандай мақсатпен ұмтылып, «Алға» деп өзеурейтіні өздеріне ғана мәлім. Негізі көженің қоюын қою, сұйығын сұйық деген ләзім. Алғаның біз білетін сипатын анықтау үшін оның атауының алдына «билік пен байлық үшін» деген анықтауыш қойса, жараса кетер еді.

Сонда «билік пен байлық үшін Алға» деген өздеріне құйып қойғандай жарасымды, әрі Алғалықтардың шынайы бет-бейнесін көрсететін ұран шыға келеді. Тайға таңба басқандай етіп, анықтауышын атап жазуға әзірге олардың батылдары бармай жүр. Бірақ, қуғын келгенде басын ағаштың арасына тығып алып, «к..ін» айпарадай етіп, ұсынып тұратын әлгі бір түйеқұс секілді әрбір әрекетінен «не үшін» «қайда» алға ұмтылатыны бәрібір айқайлап, көрініп қалады. Сондықтан көзі ашық, көкірегі ояу жұрт олардың істеген тірліктеріне, қылған қылықтарына қарап жаңағы анықтауышты әлдеқашан жапсырып та қойған.

Жездің сыртына алтынды қанша жылтыратып жақсаң да оның өзегі, іші жез қалпында қала береді. Алға да солай, әдемі сөздермен, жалған патриоттық ұрандармен қанша әуелетіп-жалаулатқанмен шошқа қорсылынан ақ танылмай ма?!

Сонымен, «Алға» кімнің партиясы? Жауап белгілі! Ол жемқорлардың, алаяқтардың, өзге елдің алдында отанының абыройын айрандай төгіп, сол арқылы саяси ұпай жинағысы келетіндердің, қала берді қазақтың сүрінгенін бағып, мысықтілеумен отырған сыртқы күштердің тастаған кемік сүйегіне бола елдің тыныштығын бұзып, тұрақсыздық орнатқысы келетін опасыздардың, одан қалса жезөкшелердің, екіжүзділердің партиясы.

Дәлел керек пе? Оны алыстан іздеудің керегі жоқ. Ғаламторда толып жүр. Әйтпесе, қазіргі саяси бағытпен көзқарастары қабыспай, мәдениетті түрде оппозицияда болғысы келген кейбір адал ниетті азаматтардың «Алғаның» ортасына барып, дүниеден түңіліп қайтып келгеннен кейінгі айтқандарына құлақ түрсеңіз де жетіп жатыр. «Алғаның» алға шығып жүрген серкелерінің бетперделерін сыпырып, шын келбеттерін ашсаңыз дүниеден баз кешіп кете жаздайсыз.

Алғаның артында тұстастары Муха (кәдімгі сүйкімсіз қара шыбын) деп атайтын әйгілі алаяқ Әбілазов тұрғанының өзі талай жайттың басын ашып береді. Сол шыбын тек соңғы 4 жылда Қазақстандағы тұрақтылық пен тыныштыққа нұқсан келтірудің құралы ретінде ұстап отырған «Алғасын» (оған Қазақстанды жамырай жамандасып, әлемде Әбілазовтан әулие адам жоқ етіп көрсетуге тырысатын өзінің ақпарат құралдары кірмейді) қолдау үшін 10 миллион доллар жұмсады деген дерек бар. Тіпті Алғаның қазіргі белсенділерінің тақымындағы аса қымбат көліктерді айтпағанда, партиясымақтың аймақтық өкілдіктерінің иелігіндегі ақсүйектер класының Мерседестері мен Тойоталарының өзі олардың қалталарының қандай екенін көрсетеді. «Алғаны» жағалағандардың қай-қайсысы да сырттан тасталған майлы сүйектен бір-бір қарбытып қалу үшін туған елімен ырылдасқан төбеттер. Не дені дұрыс саяси тұғырнамасы жоқ, не есі дұрыс бір жетекшісі жоқ, үркердей ғана шағын топтың біресе анда, біресе мында барып елді дүрліктіргеніне тыйым салатын уақыт әлдеқашан жеткен жоқ па?!

«Ниеті бұзыққа күн де қараңғы, түн де қараңғы». Оларды тыңдасаң  Қазақстаннан жиіркенішті, қазіргі биліктен қорқынышты ештеңе жоқ секілді. Қазақ атам «ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді» деген. Рас, бұл биліктің ісінде де қателіктер бар, ол бір басына жетіп артылады. Бұл биліктің  ішінде де түрлі былыққа батқандар баршылық. Ел болғаннан кейін ондайлардың болмауы мүмкін емес. Біреуде аз, біреуде көп көрінетіні болмаса ондай жемқорлар әлемнің барлық елдерінде бар. Мемлекет онымен шамасы келгенше күресуде. Жемқорлардың жайыны да, шабағы да ұсталып, сотталып жатыр.  Келеңсіздікпен күресті жалпы ел болып жалғастыра берсек, алдымен адалдықты адамдардың санасына нық орнықтырып, өзімізді тәрбиелей білсек, ондай келеңсіздіктер біржола тамыр үзбегенмен, біртіндеп азаяр.

Мәселе онда емес. Елдің болашағы, халықтың келешегі деген жалаң ұрандарды жамылып, алты алаштың қолдауына ие болған ата заңымызбен бекітілген мемлекеттік құрылымды өзгерткісі келетіндердің көксегендері не? Баяғы Кеңес Одағы ыдыраған тұстағыдай балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен алмағайып заман ба? Жалақы мен зейнетақы берілмей, дүние түгілі, тамақ табылмай тентіреген күндер ме? Әбден мүмкін. Өйткені, қазақтың бордай тозғаны олардың қолайына жаққалы тұр. Ен байлықты емін-еркін иемденіп, иен-тегін қазынаға қос шеңгелін сонда ғана еркін сала алады олар.

Ешбір төңкеріс елді ұшпаққа шығарған емес. Онда осы оңбағандардың ауыздарына келгенін көкітіп, қасиетті Қазақ елінің абыройын осылардың құсығына былғап қоямыз ба ағайын?

Баяғыда атам жарықтық нарық келе қалғанда қанжыға саудамен байй қап, сонысын зорсынып кердеңдеген балдыздарын тілмен қажап, қалжындасатын. Сонда «өзің диуанасың, кімге пір боласың» деуші еді. Ойлап тұрсам, өте мәнді сөз екен ғой. Алаяқтықпен әл бітіп, жемқорлықпен жал бітіп, енді жанына торсық байлатпай тулап жүрген осы мансапқорлар кімнің шікірәсі боламын деп тыраштанады? Өздерінің сықпыттары анау, бұлар кімге пана, кімге пір боламын деп ойлайды?

1
0
741

Осы тақырып бойынша