Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мың балада» жоңғарлар қай тілде сөйлейді?

«Мың бала» фильмін Астана күніне орай барлық арналар жарыса беріп жатыр. Алғаш премьерасы ұсынылғанда, Құдай ұрып, орысша нұсқасына ұрынып қалғаным бар. Енді қазақша нұсқасын тағы бір қарап шығуыма мүмкіндік болды.


Фильм жақсы түсірілген. Ең бастысы көрермен көңілінен шықты. Бірақ, Ақан Сатаевтың тарихи фильмдерді енді қолға алғандығы да осы туындысынан байқалады.

«Мың баланы» біреулер аңдатпасында тарихи-драма деп елден сүйінші сұрап жатыр, кеше «Қазақстан» ұлттық арнасында «Қыз-Жібек» фильмінен кейінгі ең үздік туынды!» деп соқты. Апыр-ау, «Қыз-Жібек» деген класссика емес пе? Жетекші арна осылай деп жатса, қалғанынан не сұраймыз? «Мың баланы» қанша семіртіп мақтасақ та, жай ғана тарихи-көркем фильм дегеннен асырып баға беруге келмейді.

Фильмде жас актерлердің  шеберлігін былай қойғанда, тарихи фильмнің хронологиялық тәртібінде де қателер толып жүр. «Аңырақай» шайқасына дайындаламыз!» дейді (Берік Айтжанов) Әбілхайыр хан шімірікпестен. Менің білуімше, «Аңырақай шайқасы», «Қалмақ қырылған» дейтін жер атаулары сол соғыстан кейін солай аталып кеткен жоқ па еді?!

Фильмді қанша мақтасақ, соншалықты кемшін тұстарын атап өтуге болады. Біреулер «Көшпенділерден» артық шығыпты дейді. Шыны керек, бұл фильм қай жағынан алып қарасақ та «Көшпенділердің» жанында жіп есе алмайды. «Көшпенділерде» ең болмаса «Төсекте басымыз қосылмаса да, төскейде малымыз», «Еті сенікі, сүйегі менікі» дейтін көптің есінде қалатын аталы сөздер бар. Бұл – сынағаным емес, көзге көрінген көлденең дүниелерді бір атап өткенім.

Жә, жарар! Осы жерден тек кино сыншыларына тән сөзге біз араласпай-ақ қоялық.

«Мың баланың» «Көшпенділерден» бір ерекшелігі, жоңғар рөлін сомдаған адамдарды өз тілінде сөйлетіпті. Тіпті, жоңғар рөлін сомдаған жандарды көрші Моңғолиядан алдыртса керек. Арасында үнсіз қалатын кейіпкерлердің қатарында жымысқы көзді қазақтарды да көзіміз шалып қалды. Дегенмен, көрерменді, әсіресе қазақ көрермендерін сендіру үшін жоңғар рөліне қазақты емес, моңғолдарды қойып отыр. Бұл идея қаншалықты пайда әкелгендігін білмеймін.

Бірақ, сол жоңғарлардың фильмде ұзын-сонар диалогтарды өз тілінде сөйлетіп жатқандығы елге жұмбақ болып көрінді. Расында, олар қай тілде сөйледі?

Біріншіден, жоңғарлардың өзі талан-таражға түсіп кеткендігін айтайық. Ал, олардың тілі сақталған ба? Әрине сақталған. Халықаралық шахмат федерациясының президенті, қазақтың күйеубаласы саналатын Кирсан Илюмжиновтан бастап жоңғар тілінде (ойрат тілі, жоңғар тілі, ойрат-қалмақ тілі, моңғол-қалмақ тілі және батыс моңғол тілі)  сөйлейтіндердің қатарында Ресейдің Астрахань, Ростов, Ставропольск сынды өңірлерінде 154 мың қалмақ бар. Ал, батыс Қытай мен батыс Моңғолияда 200 мыңға жуық ойраттар бар. Ал, «Мың баладағы» жоңғарлардың қаншалықты қалмақ тіліне жақын сөйлегендігін біз нақты білмейміз. Сол жағы қызықтау болып тұр...

2
0
3020

Осы тақырып бойынша

«Мың балада» жоңғарлар қай тілде сөйлейді? - Yvision.kz