Мазмұнға өту

Жаңа

Зауыт демалысқа шығады

Ақтаудағы «ҚазАзот» зауыты 15 шілдеден бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үш айға уақытша жабылады. 1967 жылы ашылған зауытта әлі күнге дейін күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген екен. Оған қоса, құрал жабдықтарының 89 пайызы тозған.

Зауыттан 2-ші рет өрт шыққаннан кейін облыс әкімі шұғыл түрде зауыт басшылығын жинап, өндіріс қаншалықты маңызды болғанымен, халықтың өмірі одан да маңызды екенін айтып, егер техникалық талап бұзылатын болса, зауыт Заңға сәйкес жабылатынын ескертті.

Апат 17 маусым күні таңғы сағат 07:00 шамасында болған. Осы кезде зауыттың үстінде сары түсті бұлт (түтін) тәрізді бірнәрсе тұрған еді. "ҚазАзот" ЖШС директоры К.Орақовтың айтуынша, оқиға мамандардың техникалық талаптарды өрескел бұзуынан болған.

1
0
461

Доңғалақты дәмхана

Алматыда сұлудың қос бұрымындай қатар тізілген трамвай жолдары жұртқа етене таныс болғанмен, әлі күнге дейін аталмыш қоғамдық көлікке аяқ баспаған адамдар бар. Біреулер трамвайды Алматының өткенін ойға салатын «етжеңді» көлігіне балап жатады. «Етжеңді» деуімізге де себеп бар. Өйткені, 1937 жылдан бастап шаһардың бірнеше көшелерін қақ тіліп өтетін трамвай қызметін әлі күнге дейін тұтынушылар көп. Мәселен, алғаш трамвай пайдалануға берілген кезде небәрі екі апта ішінде 300 мыңға жуық жолаушы тіркеліпті. Ал, метроның миллионыншы жолаушысы үш ай өткеннен кейін белгілі болған-тын. Осыдан-ақ, трамвайдың нағыз алматылықтар үшін керек көлік екендігін аңғаруға болады. Бүгінде Алматыдағы қоғамдық көліктердің қызметін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірі – арлы-берлі зуылдаған автобустар, бі…

2
0
972

Теңіз жағасындағы өзгерістер

Кеше теңіз жағасына барып едім, біраз өзгерістер болып қалыпты. Жағалау көркейтіліп жатыр. Теңіз жағасына заңсыз салынған құрылыстарды бұзу - облыс әкімінің "теңіз жағасы сатылмауы тиіс, Каспийдің жағасында қарапайым халық қыдыратындай жағдай болуы керек" деген тапсырмасынан кейін басталды. Шыны керек, жағалау жекеменшік құрылыстардан көрінбей қалған еді. Қазір Каспийдің жағасында тұрғындардың алаңсыз серуендеп, суға шомылуы үшін барынша жағдай жасалуда. Кейбір кәсіпкерлердің кафелерін қоршап қойған адам өте алмас қоршаулары алынып тасталды. Енді жағалау тазаланып, тегістеліп, жұрттың жүруіне ыңғайлы болуы үшін ұзындығы 800 метр жерге "брусчаткалар" төселіп, жаяу жүргіншіге арналған жолдар салынып жатыр. Жоғарыдағы сурет сол «Астана» сауда орталығы мен «Кораблик» кафесінің аумағындағы жұм…

1
0
1189

Ёсудағы EXPO-2012

Дүниежүзілік көрме өтіп жатқан Ёсу қаласы мұхит пен құрлықтың ұштасқан жерінде, Одонг-до тау сілемдері мен шағын-шағын үз жүз аралда шашырай орналасқан. Cарагосадағы «Су», Лиссабондағы «Теңіз» тақырыптарымен өткен дүниежүзілік көрмелердің заңды жалғасы Ёсудағы «Мұхит және Жағалау» көрмесінің қалашығы шартты түрде үш аймаққа – Қала, Жағалау, және Мұхитқа бөлінген. «Теңіз индустриясы және технология»павильонытеңіз суы арқылы су балдырларынмата, билогиялық этанол алуға пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері сияқты ғылым жаңалықтарынан сыр шертеді. «Теңіз өркениеті» адамзат баласының мұхит шарлауы мен кемелердің тарихы туралы білуге болады «Теңіз қаласы» павильонында тоннелдер арқылы су астындағы қаланы,алып лифтілер арқылы мұхиттың түбімен ашық теңізді және жағалауды байланыстырған болашақтың порт-…

1
3
914

Алматыдағы ғашықтар мекені қайсы?

Ғашықтық сөзіңізді айтуға, сезім білдіруге, үйленуге ұсыныс жасауға, жас арудың сүйріктеу саусағына сақина тағу үшін қай жерді таңдар едіңіз?! Тау төрінде ме, қымбат мейрамханада ма, әлде алабұртқан сезіміңізді іліп әкететін Көктөбе биігінде ме?.. Қатардан қанша ығыстырмақ болғанмен, «Әулие Валентин күнін» асыға күтіп, жаныға атап өтетіндер баршылық. Кездесу кешін белгілеп, шуақты жүздесу өткізу үшін дабырлаған халықты жиі кездестіресіз. Театрлардағы ғашықтық қойылымдарға назар сап, махаббатқа толы ерекше кеш ұйымдастырғысы келетіндер аз емес. Кездесу орнын белгілеп, әуре-сарсаңға түсетіндер қаншама. Гүл құшақтаған, сүйгеніне деген ынтызар сезімін арқалаған жастардың жалынды көздеріне қарап, ғашықтықты қастерлейтін риясыз көңіл әлі де заманның ағысынан қалмай келе жатыр екен-ау деп іштей…

1
0
1696

Қазақ тарихы - жалғасы

сонымен Қазақтар жайлы тарихи зерттеулерді жалғастырамыз. Алдыңғы бетте жазғандай, аталарымыз әлемдегі ең ұлкен мемлекетте тұрған. Сол кездегі аталарымыз қандай болған? Кім болған? Қазіргі заманнан қарайтын болсақ, бізге мәлім тек аңыз бен атадан қалған салт дәстүр. Сол кезден қалған Қазтұған жыраудың әні бар, Бекболат ағамыз айтқан, соны тыңда: Әлқисасын тағы бір түсіндіріп жіберейін, оқиғамыз 15 ғасыр мен 17 ғасыр аралығында болған. Ноғай хандығы мен Қазақ хандығы араздасып, екі ара келісімі мен Қазақтар Еділдің жағалауын тастап көшіп барады. Қарап тұрсаң екі қалың ел арасындағы конфликт болды деп айтуға болады осы уақыттың сөзімен. Сонда аталарымыз қан төгіс болмасын деп, көшуді жөн көрген. Себебі қан төгу үлкен күнә!!! Міне осылай шешілетін даулар. Кетерінде Ноғайларға айтқан есіл жыр…

0
0
1026

5-7 июля в Астане во Дворце Мира и Согласия пройдёт фестиваль тюркской музыки «Астана – Арқау»

Пятый фестиваль тюркской музыки пройдёт в Астане. 5-7 июля в Астане во Дворце Мира и Согласия пройдёт фестиваль тюркской музыки «Астана – Арқау». В рамках фестиваля с концертами выступят представители практически всех тюркских народов: музыканты из Казахстана, Турции, Азербайджана, Алтая, Татарстана, Башкирии, Узбекистана, Кыргызстана, Туркмении, Якутии, Дагестана, Республики Тыва и Хакасии. Они исполнят известные народные композиции, которые восхищают слушателей Запада и Востока. По словам организаторов, для развития тюркской профессиональной музыки необходим внутрикультурный взаимообмен. В ХХ веке связь между тюркскими музыкантами была прервана, говорят специалисты. Фестиваль «Астана-Арқау» призван продемонстрировать единство тюркского мира и тюркской музыкальной цивилизации, частью кот…

0
0
343

Мұнайдың табысы халыққа қашан жетеді?

Деп атапты мақаласын Дат, 27 номерде 155. Не, жетпей жатыр ма сонда халыққа? Әрқайсымызға енді қашан үлестіріп береді деп отырсыздар ма? Қазақстанның сыртқы қарыз жөнінен Ресейді ? адам басына шаққанда 3634 доллар артқа тастады дей келе, ендеше сол сыртқы қарызды төлеуге кетірсін деп ойламайсыңдар ма? Бір топ иеленді ма, не тағы басқа бірдеңелер салды ма бәрібір соның бәрі халыққа бөлінді деп саналады. Тіпті жеп қойған болса да коррупциямен болсын, бәрібір халыққа бөлінген болып саналады, се,бебі халықтың арасынан туған ол бір құбылыс, халық шығарды салт дәстүрімен болса да, қалай болса да, сондықтан халыққа жетті деп саналады. Олар бөліп жармайды халықты, бәрі де халық, үстіндегісі астындағысы дегендей. Халықтың өзі бөліп алады, мынау келімсек, анау жетімек деген сияқты айдар қойып алады…

1
1
515

Өз елімізде, өз жерімізде жүріп, біз неге қарызға батамыз?

№27. Дат(155). Осындайларды оқысаң көңілің құлазып сала береді. Өнердемін, еңбек сіңіргенмін деген сияқтыларын тізе келіп осындайларды айтқанда, осындайларымыз осылай десе, басқаларынан не сұраймыз? Сенген қойым сен болсаң күйсегенің осы ма деген өрескелдеу шығар, өзім ыңғайсызданып отырсам да мәдениетті түрде жеткізгенді түсінер болса ондайды айтпас еді ғой деп ойлайсың. Қызық екен! Сонда өз еліңде қарызға батпауың өз еліңе байланысты ма екен? Әлде өзің де қимылдауың керек па екен? Өзіміздікі еді деп қарызын жаба салады болу керек еді ма? Қалай қалай түсініктері, таң қалып отырғаным. Өз еліңде не тегін үлестіріп бергенге үйренгендер ғана осылай сөйлеп кететін болса керек, себебі үйренді ғой тегінге, ал енді неге ары қарай жалғастыра бермейді дегендей ашу ыза түрінде. Мен өзім білем қанша…

2
0
1252

Таухид деген не өзі?

Таухидтің үш түрі Аллаһқа иман келтіру төрт нәрсені қамтиды: 1) Аллаһтың барлығына иман келтіру; 2) Аллаһтың істеріндегі жалғыздығына иман келтіру; 3) Аллаһтың адамдардың құлшылықтарындағы жалғыздығына иман келтіру; 4) Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығана иман келтіру. Аллаһқа иман келтірудің екінші негізі – бұл оның істерінде жалғыздау. арабша бұл таухид ар-рубубийя деп аталады. бұл Аллаһ тағаланы барлық істерінде жалғыздау, яғни жаратушы, ие, билеуші, тәрбиелеуші, ризық беруші, өлтіруші, тірілтуші, пайда мен зиян әкелуші және басқа да сипаттарға лайықты тек Аллаһ екенін мойындау. Біз адамдардың ішінде, Аллаһпен бірге әлем жаратылысында біреудің қатысқанын немесе Аллаһтың сипаттарына ие біреу бар екенін жариялағандарды білмейміз. Пайғамбарымыз Мухаммедтің (оған Аллаһтың игіл…