Емтихан омақа асырды: Коловқа қойылған «екілік»
Саяси сайтан болғыңыз келе ме? Қиын шаруа емес секілді. Алаяқ Әбілазовтың өз қолымен ашып жатқан шынайы бет-бейнесі кімді де селт еткізетіндей жиренішті, адам көргісіз албасты бейне екеніне күн өткен сайын көз жете түсуде. Қолдан жасап, қашықтан ойнатып отырған «Алға» атты алапес партиясының қатарындағы саны да саусақпен санарлық қуыршақ саясаткерлерін қолындағы картасындай қанша сапырғанмен онысынан дені дұрыс бір көзір шығар емес. Әбілазовтың талай мәрте сотты болған қауіпті қылмыскер, бірде бар, бірде жоқ есі де кіресілі-шығасылы, моральдық тұрғыдан сасыған жемтікке айналған Игорь Коловты «Алғаның» аймақтық үйлестірушісі етіп тағайындағанын «сасқан үйректің артымен сүңгігені» демеске лаж жоқ. Қол астындағы қуыршақтарының жүйке жүйесінің шыдамдылығын тексергісі келе ме, әлде біржола жын…