"Достық" жазғы жастар лагері
Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен«НИВА» спорттық-сауықтыру кешенінде 2012 жылдың 28-30 маусым аралығында алғаш рет аймақтың жастар ұйымдары мен студент-жастарының басын бір арнаға тоғыстыратын «Достық» жазғы жастар лагері өтті. Лагердің басты мақсаты: Қазақстан Республикасы мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығына жастар атынан үлес қосу, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын насихаттау, мемлекеттік жастар саясатына бағытталған бағдарламалар мен бастамаларды жастар арасында кеңінен насихаттау, жастар ұйымдарының ынтымақтастық бағытындағы тиімді бастамаларын анықтау және қолдау көрсету, жастардың шығармашылық идеяларын жетілдіру, жастар ұйымдары…