Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сержанттар тәжірибе алмасты

Астанаға сержант корпусының тәжірибесімен танысу мақсатында Украина Қарулы Күштерінің бас старшинасы Александр Косинский келді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Қарулы күштерінің бас сержанты мастер-сержант Темірбек Халықов украиндық әріптесіне қазақстан армиясындағы сержанттар институтының құрылуы мен даму жолын таныстырды.

Әскерлерді басқару жүйесіндегі бастапқы буын бола тұрып, сержанттар құрамы Қарулы Күштердегі ең көп командалық құрамның бірінен саналады. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы сержанттардың беделіне, олардың жеке басының дайындығына, өзгеге үлгі әрі талап қоя білетіндігіне тікелей байланысты.
Бұл Украина Қарулы Күштерінің бас старшинасының Қазақстанға алғашқы сапары. Украина армиясы сержанттар институтын құруды жаңадан бастап отырғандығын атап өткен жөн. Ал Қазақстан Қарулы Күштерінде бұл құрылым 15 жылдан бері табысты жұмыс істеуде.
– Орталық Азия аймағында бірден бір сержант институтын қ
ұрудан тәжірибесі бар Қазақстан Қарулы Күштері,-деп атап өтті Украина Қарулы Күштерінің бас старшинасы Александр Косинский. – Біздің Қазақстанға бұл сапарымыз өз нәтижесін беретініне, және сіздердің сержант корпусын құрудағы тәжірибелеріңіз бізге көмек болатынына сенімдімін.

Украина Қарулы Күштері бас старшинасының Қазақстанға келуі Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусына сапарымен жалғасты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
443

Осы тақырып бойынша

Сержанттар тәжірибе алмасты - Yvision.kz