Экологиядағы үлесі үшін Министрдің Кубогына іздену конкурсының қорытындысы
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін (Эколог күні) мерекелеу аясында Министрлікпен экологиядағы үлесі үшін Министрдің Кубогына іздену конкурсы өткізілді.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін (Эколог күні) мерекелеу аясында Министрлікпен экологиядағы үлесі үшін Министрдің Кубогына іздену конкурсы өткізілді.
Әскерлерде жаңа оқу кезеңіннің қарсаңында 2013 оқу жылы қысқы оқу кезеңіндегі қызметтің қорытындысы шығарылды. Таразда өткен кезең қорытындысын шығару мен нұсқама-әдістемелік сабақтарды ұйымдастыруға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов басшылық жасады. Өткен іс-шараға оңтүстік өңірдің әскери полиция жасақтарының бастықтары қатысып, өз гарнизондарындағы әскери тәртіптің жай-күйіне талдау жасады. Жергілікті жердің макетінде жалпы әскери бөлімшелердің іс-қимылдары пысықталып, лауазымды адамдардың техника мен қару-жарақты жазғы пайдалану режиміне көшіру жөніндегі жұмысының алгоритмі зерделенді. Бұдан бөлек діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету саласындағы идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөнінде дәріс өткізілді. Қорытынды шығарардың…
Келеңсіз жайттар мен кедергілерден тұратын шытырман хикаялар өзегіне айналған жәдігерлер дүкені туралы отбасылық фильм жақсылықтан күдер үзбеуге жетелейді.
«Мұражай» телептоптамасында әлемнің әйгілі мұражайлары Сіз үшін есігін айқара ашады.
Үй келбетін заманауи үлгімен, айрықша кескінмен кәсіби безендіру туралы топтама.
Қазақстандық теннисші франциялық әріптесі К.Младеновичпен бірге жұптасып Париждегі бәсекенің 1/8 финалына өтті.
Галина Воскобоева жұптық жарыста маусымның басты турнирі «Ролан Гарростың» 1/8 финалына шықты. Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.
Жерлесіміз франциялық әріптесі Кристина Младеновичпен бірге ресейлік мықты теннисшілердің бірі Светлана Кузнецова мен итальяндық Флавия Пенетта жұбымен кездесті. Алғашқы екі сет тартысты өтті. Біріншісінде 7:5 есебімен қазақстандық-франциялық жұп қарсыластарын тізе бүктірсе, екіншісінде 6:7 есебімен ресейлік-итальяндық жұп басым түсті.
Шешуші кезеңде Воскобоева мен Младенович 6:0 есебімен ұтты. Енді олар ширек финалға шығу үшін польшалық Алисия Росольская және грузиялық Оксана Калашниковамен бақ таластырады.
Әлем әдебиетінің жауһары, Нобель сыйлығының лауреаты, гватемальдық жазушы Мигель Анхель Астуриастың «Көрдегілердің көздері» шығармасы әдебиет саласы мамандарының талдауында.
Фильмде елінің азаттығын аңсаған халық перзенті Мұстафа Шоқайдың ғұмыры, саяси өмір жолы, шет елдердегі эмигранттық тағдыры, айдауға түскенде көрген қиыншылықтары суреттеледі. Елін ойлаған ердің сүйікті жары, опера әншісі Мария Горина жолдасының жанын түсініп, қашанда оның қасынан табылады.
Бүгін Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусында бітіру емтихандары басталды. Биыл Кадет корпусын 200-ден астам кадет бітіріп шықпақ. Екі жыл бойы осы оқу орнында білім алған жас жігіттер мемлекеттік аттестаттау комиссиясынына қол жеткізген кәсіби біліктіліктерін көрсетеді. Олардың отыздан астамы үздік дипломға қол жеткізеді деген нық сенім бар. Атыс және тактикалық даярлық бойынша мемлекеттік емтихандар өткізу үшін Кадет корпусының оқу-жаттығу орталығы дайындалды. Қару-жарақ пен әскери техниканың құрылысы, оны жөндеу мен пайдалану бойынша емтихан зертхана ғимаратында, сондай-ақ дене даярлығы бойынша спорт базасында өткізіледі. Биыл Кадет корпусынан 15 бітірушілер тобы қанат қағады. Құрылғаннан бері бұл оқу орнын 1800-ден астам кәсіпқой сержант бітіріп шығып, әскерл…