Мазмұнға өту

Жаңа

«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді

 

«Барыс» хоккей клубы мен финляндиялық маман Ари-Пекка Селин екіжылдық келісімге отырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

50 жастағы шетелдік азамат команданың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Соңғы уақытта Ари-Пекка Селин Финляндияда «HPK» хоккей клубын жаттықтырып келді. Сонымен қатар ол Финляндия құрамасының бас бапкері Юкки Ялоненнің көмекшісі болып табылады.

 

Сондай-ақ «Барыс» клубының бапкерлік штабына Андрей Шаянов, Раймо Хелминен, Ерлан Сағымбаев пен Александр Ахцигер кіретін болады.


0
0
303

Футбол: Қазақстан-Болгария 1:2

Кеше футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Болгарияны қабылдап, ұтылып қалды. Ойынның басы шиеленісті басталды. Қос команда да жылдам гол салу мақсатында бір-бірінің айып алаңына лап қойды. Қонақтар сәт сайын ойындағы үстемдікті өз қолдарына алды. Бірінші таймның орта тұсында Болгария Сидельников қорғаған қақпадан саңылау тапты. Бірақ бұл гол оффсайдтан соғылып, есептелмеді. Бірінші тайм бойы екі команда алма-кезек соққылармен алмасқанымен, есеп ашылмады. «Аламан» ұлттық спорт порталының хабарлауынша, екінші тайм басталғанда Беранек алаңға Сидельниковтың орнына Мокинді шығарып, Нұрғалиевті Шомкоға, Хижниченконы Гридинге алмастырды. Ойынның 57-минутында Георги Илиев айып соққысын тамаша орындап, есепті ашты. Арада екі минут өтпей жатып, Иванов есепті еселеді. Таблодағы есеп 0:2-ге жетке…

0
0
235

Сымақов пен Лория «Қайратқа» ауысуы мүмкін

   

Самат Сымақов пен Давид Лория ойнайтын «Ризеспор» биыл Түркия суперлигасына шыққан еді.

Сымақов «Қайратқа» ауысуы туралы: «Әрине, Түркия суперлигасында ойнағым келеді. Бірақ қазір әйелімнің аяғы ауыр. Жақында нәрестелі боламыз. Сондықтан соның қасында болғым келеді. Қазір «Қайрат» пен «Ризеспор» командалары арасында келіссөз жүріп жатыр. Егер екі жақ келіссе, «Қайратқа» ауысамын. Ал «Ризеспор» мені босатпаймыз десе Түркияда ойнай беремін» деді.

0
0
337

С 1 июня АО «Казахтелеком» снижает тарифы на регистрацию доменов, а также объявляет о возможности приобретения доменных имен в зонах: қаз, ком.қаз, қау.қаз, бай.қаз.

Проверить доступность доменного имени и заказать регистрацию возможно по данному адресу.

Стоимость регистрации қаз и kz на год составляет 1 900, в зонах третьего уровня (org.kz, com.kz, ком.қаз, қау.қаз, бай.қаз) – 1 750 тенге с НДС.

0
0
501

Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті

Ассалаумағалейкум жамағат! Бүгін досым Ерлан екеуміз Бейнеудегі Бекет ата мешітіне барып, бет сипап келдік. Мен ол жерді жұмақ дер ем, ауасы сондай таза бір қасиетті мекен. Осы ауылда өмірден өткендерді де апарып қоятын мәңгілік мекен де сонда... Фоторепортаж. Бейнеуден 18 шақырым Ақтау қаласы бағытына қарай шыққанда кездесетін Арқары бар Керуен сарай - бұл Бекет ата мешітінің қақпасы. Мешіттің сыртқы көрінісі осы. Сыртқы екі есік бар, үстіңгі жағы қауым. Демалыс күндері мұнда адам өте көп болады, жексенбілер құдайы ас, садақалар беріледі. Бергі жағында түнейтін түнеуханасы мен асханасы да салынған. Мешіттің бағынан павлинді көрдік, қасына барып ұзақ тамашаладық, бейне бір жұмақ құсындай.... Суретке түсіріп жатырғанын сезгендей, ару құс ажарлана түсті... Мешітке түсерде Әбіш Кекілбайұлыны…

0
0
7509