ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әділбек Жақсыбеков ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы болып өтті.

Беларусь Республикасының астанасына отырысқа қатысу үшін Қорғаныс министрлі Әділбек Жақсыбеков бастаған қазақстандық делегация келіп жетті. Отырыста тараптар өзара іс-қимыл, сондай-ақ келесі жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары мен іс-шараларын өткізу мәселелерін талқылады.

 

Сондай-ақ жұмыс барысында Қорғаныс министрлерінің кеңесі 1993 жылғы 12 наурызда жасалған Әскери мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін пайдалану және оларды бұдан әрі дамыту туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарады.  Қорғаныс ведомстволарының басшылары биыл «Воин содружества» атты достас армиялардың әскери қызметшілері әскери-кәсіби шеберлігінің Халықаралық конкурсын ұйымдастыруға шешім қабылдады. Отырыс барысында бірнеше баяндама тыңдалды.

 

Қазақстандық делегацияның атынан Қарулы Күштер инженерлік әскерлерінің бастығы – ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасы инженерлік әскерлер басқармасының бастығы полковник Қонысов Нұрлан және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бастығы подполковник Жанғұлов Саят сөз сөйледі.

 

Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктері заң қызметтерінің өзара іс-қимылы туралы баяндады. ҚМК шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне ең үздік журналистік шығармаға жарияланған байқаудың қорытындысы шығарылды.

 

Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында 2017 жылды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Отан қорғаушылар жылы деп жариялау туралы шешім қабылданды.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі