Жаңа
Бүгін — «Кешір мені». Телехикая (Түркия, 2011 ж.).
Махаббатқа толы жүрек аңсауы, сыңар сезім сергелдеңі бүгін «Кешір мені» телехикаясында! Ұлттық арнада сағат 19.30-да!
Бүгін — «Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).
Әзәзіл ниет – әшкере, қитұрқы әрекет – әйгілі болды. Ұлттық арнада «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының жаңа бөлімі – бүгін, сағат 15.55-те!
Бүгін — «Көк тарландары». Телехикая («Қазақстан» ҰТА, 2012 ж.).
Жас жауынгердің талантымен танылуға деген талпынысын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21.50-де тамашалаңыз!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшу жөніндегі Тұжырымдамасы бекітілді
Тұжырымдаманың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз
«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді
«Барыс» хоккей клубы мен финляндиялық маман Ари-Пекка Селин екіжылдық келісімге отырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
50 жастағы шетелдік азамат команданың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Соңғы уақытта Ари-Пекка Селин Финляндияда «HPK» хоккей клубын жаттықтырып келді. Сонымен қатар ол Финляндия құрамасының бас бапкері Юкки Ялоненнің көмекшісі болып табылады.
Сондай-ақ «Барыс» клубының бапкерлік штабына Андрей Шаянов, Раймо Хелминен, Ерлан Сағымбаев пен Александр Ахцигер кіретін болады.
Футбол: Қазақстан-Болгария 1:2
Кеше футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Болгарияны қабылдап, ұтылып қалды. Ойынның басы шиеленісті басталды. Қос команда да жылдам гол салу мақсатында бір-бірінің айып алаңына лап қойды. Қонақтар сәт сайын ойындағы үстемдікті өз қолдарына алды. Бірінші таймның орта тұсында Болгария Сидельников қорғаған қақпадан саңылау тапты. Бірақ бұл гол оффсайдтан соғылып, есептелмеді. Бірінші тайм бойы екі команда алма-кезек соққылармен алмасқанымен, есеп ашылмады.
Қазақстан — Болгария 1:2 (0:0)
Голдар: Илиев Г. 57 (0:1), Иванов 60 (0:2), Шомко 88 (1:2)
Қазақстан: Сидельников (Мокин 46), Киров, Логвиненко (Недашковский 67), Мулдаров, Гурман, Нұрдәулетов (Шахметов 85), Қонысбаев (Шабалин 73) , Дмитренко, Хижниченко (Гридин 46), Нұрғалиев (Шомко 46), Коробкин
Болгария: Илиев П., Минев В., Минев Й., Александров, Иванов, Дяков, Гаджев, Илиев Г. (Златинский 75), Манолев (Делев 71), Божинов (Мицанский 55), Попов
Төреші: Алияр Агаев (Әзірбайжан)
Сымақов пен Лория «Қайратқа» ауысуы мүмкін
Самат Сымақов пен Давид Лория ойнайтын «Ризеспор» биыл Түркия суперлигасына шыққан еді.
Сымақов «Қайратқа» ауысуы туралы: «Әрине, Түркия суперлигасында ойнағым келеді. Бірақ қазір әйелімнің аяғы ауыр. Жақында нәрестелі боламыз. Сондықтан соның қасында болғым келеді. Қазір «Қайрат» пен «Ризеспор» командалары арасында келіссөз жүріп жатыр. Егер екі жақ келіссе, «Қайратқа» ауысамын. Ал «Ризеспор» мені босатпаймыз десе Түркияда ойнай беремін» деді.
С 1 июня АО «Казахтелеком» снижает тарифы на регистрацию доменов, а также объявляет о возможности приобретения доменных имен в зонах: қаз, ком.қаз, қау.қаз, бай.қаз.

Проверить доступность доменного имени и заказать регистрацию возможно по данному адресу.
Стоимость регистрации қаз и kz на год составляет 1 900, в зонах третьего уровня (org.kz, com.kz, ком.қаз, қау.қаз, бай.қаз) – 1 750 тенге с НДС.
Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті
Ассалаумағалейкум жамағат!
Бүгін досым Ерлан екеуміз Бейнеудегі Бекет ата мешітіне барып, бет сипап келдік. Мен ол жерді жұмақ дер ем, ауасы сондай таза бір қасиетті мекен. Осы ауылда өмірден өткендерді де апарып қоятын мәңгілік мекен де сонда...
Фоторепортаж.
Бейнеуден 18 шақырым Ақтау қаласы бағытына қарай шыққанда кездесетін Арқары бар Керуен сарай - бұл Бекет ата мешітінің қақпасы.


Мешіттің сыртқы көрінісі осы. Сыртқы екі есік бар, үстіңгі жағы қауым. Демалыс күндері мұнда адам өте көп болады, жексенбілер құдайы ас, садақалар беріледі. Бергі жағында түнейтін түнеуханасы мен асханасы да салынған. 
Мешіттің бағынан павлинді көрдік, қасына барып ұзақ тамашаладық, бейне бір жұмақ құсындай....
Суретке түсіріп жатырғанын сезгендей, ару құс ажарлана түсті...


Мешітке түсерде Әбіш Кекілбайұлының сөздерімен әрленген сәулет ескерткішінің тасы тұр.
Әлсізге медет, Күштіге айбар, Зарыққанға жебеу, Тарыққанға демеу, Асқанға тосқан, Сасқанға сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа ұран, Ел Иесі, Жер Киесі Пір Бекет атаның Бейнеудегі жер асты мешіті осы. Осы елдің ауруына шипа, сеніміне иман таратып тұрған қасиетті мекен!


