Әскери қызметшілер балаларға қамқорлық көрсетті
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Балаларды қорғау күнімен шектелмей, балаларға арналған іс-шараларды әлі де жалғастыруда. Жазғы демалыстардың басталуына орай өңірлік қолбасшылықтың Тәрбие мен әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқармасы театрландырылған ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды, іс-шараға әскери қызметшілердің балалары қатысты.
Тараз гарнизоны Офицерлер үйінің қызметкерлері балалар арасында ұғымдылыққа, ептілік пен жылдамдыққа конкурстар көрсететің сайыстар өткізді. Балалардың өздері ән мен би концерттік нөмерлеріне қатысты. Жарқыраған костюмдердегі мультипликациялық кейіпкерлер балалардың көңілін аулап көтерді.
Әскери қызметшілердің балаларымен қатар басқа да балалар қолбасшылықтың қамқорлығына бөленді. Қолбасшылық басқармасының офицерлері Төленовтар көпбалалы отбасына барды. Үй иесі Зульфия екі баласының барына қарамай, 13 баланы балалар интернатынан асырап алды. Асыранды балалардың көбі - мүгедектер. Әскери қызметшілер осы батыр ана туралы ести салысымен, көп балалы отбасын көріп қайтуға барды.
Үй иесі мен балалар қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Ертегі кейіпкерлері билеп, ән салып жатқанда, офицерлер балалар бөлмесінде шын жүректен тарту етілген жаңа компьютер мен принтерді орнатып берді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
