Мазмұнға өту

Жаңа

Астана -арман қала!

Астана қаласындағы экспедициямыз басталды!Сағат 13:20-да Астана қаласының вокзалында бізді "Dana tour" компаниясы өте жылы қарсы алды.Сол сәттен бастап мен осы экспедициямыз өте сәтті өтетініне сенімді болдым.Бізді қарсы алғандарынан кейін елордамыздың ең жақсы деген қонақ үйлерінің бірінде орналастырды."G empire" атты қонақ үй,менің ойымша,барлығының көңілінен шықты.Орналасып болғаннан кейін, біз "Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне" бардық.Бұл мектепте біз алдыңғы жылы біз секілді экпелицияда болған Зарина және Самал атты қыздармен сұқпаттасып,олардан ақыл-кеңес сұрадық,олар да бізге өз білгендерін айтты.Бұл кездесуден кейін біз кешкі Астананы тамашаладық.Маған сол кездегі көргендерімнің бәрі ұнағаны соншалық,мен өскенде осы жерде тұрақтаймын де…

0
0
485

Сегізінші күн

Сегізінші күн.Бүгін ерекше күн болды десем қателеспеймін деп ойлаймын. Қарағанды! Бұрын соңды болмаған, көрмеген қалаға аяқ басамыз. Қарағанды ескі қалаларының бірі. Аса үлкен және зәулім архитектуралары бар қалаға қадам бастық! Біздің ең бірінші соққан жеріміз- Долинка ауылында орналасқан " музей памяти жертв политических репрессий". Аты айтып тұрғандай елдің бостандығы үшін жанын аямаған азаматтар, әйелдердің жатқан абақтысы. Әрине ,Өткен шақ өте ауыр, мұның бәрін түсіну қажет емес. Атап кететін жай- Қарғанды қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бар. Әрине, сыртқы және ішкі көрінісі Ақтөбе қаласына ұқсайды. Іші кең, таза, оқушылары досшыл, ашық. Бұл мектепке барған басты мақсатымыз- мектеп өмірімен танысу, және жарыста жеңу. Осы күні (07.07.13.) Семей, Ақ…

0
0
433

Үшінші күн

Бүгінгі күнімізді ҚР ұлттық мұрағатынан бастадық.Бізге сол жақта Қазақстан және елордамыз Астана туралы көптеген мәлімет айтып, презентацияларды көрсетті. Сосын біз қала бойынша "Астана - город моей мечты" атты экскурсияны бастадық.Бірінші Пирамидаға бардық. Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарайөзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк…

0
0
936

Екінші күн

Бүгінгі күнімізді күндегідей таңғы астан бастадық.Содан кейін Қабанбай батыр атамыздың басына бардық.

Сол жақтағы профессор бізге атамыз туралы көп мәлімет айтты.Мысалы: Қабанбай батыр 1692 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Іржар ауданындағы Барлық деген тауында дуниеге келген .Атмыз батыр, талантты қолбасшы болған. Азан шақырып қойылған аты Ерасыл. Ол Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.1770 жылы дүние салған. Сосын Астананың бір Атамекен деген керемет этно городокқа бардық. Сол жақта әрбір облыстың керемет керемет жерлерін көрдік.

0
0
490

Бірінші күн

Бүгін Астанадағы бірінші күн. Біздерді "Dana tour" компаниясының адамдары жақсы қарсы алды , сосын қонақ үйге келіп жайғастық. Бірінші күнімізді НЗМ-нен бастадық. Мектепте бізді Самал мен Зарина қарсы алды. Олар бізге экскурсия жүргізді.Біз экскурсияға бірінші рет шығып жатқан соң, оның қалай өтетінін бізге таныстырып кетті.Мектептен шыққан соң Астана қаласын аралап шықтық. Сөз жоқ Астаның табиғатына және кереметтігіне.

0
0
367

«Мұхит тұңғиығында». Драма (АҚШ, 1999 ж.)

Олар жоғалған ұлын тапқанымен, отбасын сақтап қала ала ма? Қатал тағдырға қарсы шыққан Мишель Пфайффер пен Трит Уильямс, Вупи Голдберг «Мұхит тұңғиығында» драмасында . Ұлттық арнадан 10 шілде, сағат 00:05-те тамашалаңыздар.

0
0
204