ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қазақстандық спортшылар Универсиадада тағы екі медаль жеңіп алды

 

Қазақстандық спортшылар Карина Горичева мен Нұрдәулет Жарманов құрама қоржынына тағы екі медаль салды, деп хабарлайды sports.kz.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлет қызымыз Универсиаданың күмісін иеленді.

Алтын 227 (100+127) келіні көтерген Солтүстік Кореялық Пьон Йон Мидің еншісінде кетсе, қола 226 (98+128) келіні басынан асырған Оңтүстік Кореялық Ким Сукьюнға бұйырды.

Нұрдәулет Жарманов жартылай финалдағы бокс жекпе-жегінде өзбек Азизбек Абдугофуровқа есе жіберді.

Ертең Абдугофуров финалда «украина атаманы» Дмитрий Митрофановпен жұдырық түйістіреді.