Бүгін — «Кешір мені». Телехикая (Түркия, 2011 ж.)
Ғашықтар тосқауылдарға қарсы тұра ала ма? Бүгін «Кешір мені» телехикаясын сағат 19:30-да Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.
Ғашықтар тосқауылдарға қарсы тұра ала ма? Бүгін «Кешір мені» телехикаясын сағат 19:30-да Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.
«Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын, дала дауылындай екпінді де тегеурінді Кенесары хан ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, өршелендіріп жіберетін». Әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Кенесары хан туралы орыс тарихшысы Н.Н.Середа өз зерттеулерінде осылай деп жазды.
Кенесарының тұлғалық бейнесі туралы «Тарих толқынында» бағдарламасын 19.00-де Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.
Ғашықтар тосқауылдарға қарсы тұра ала ма? «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының кезекті бөлімін бүгін Ұлттық арнада сағат 15.55-те көріңіз.
Қатігездік пен әділетсіздік түбі не болмақ? Бүгін Ұлттық арнада сағат 22:45-те.
Қазақстандық спортшы Гүлнұр Ерболова (52 кг) Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиададағы белбеумен күресте қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Үшінші орынға тартыста қазақстандық спортшы Украина өкілі Людмила Матюшенконы шаң қаптырып кетті – 9:2.
Еске сала кетсек, кеше дәл осы жарыста Димаш Молдашев (75 кг) Қазақстан қоржынына күміс жүлдені салса, Аян Ермекбаев (82 кг) қола медальді иеленді
Бүгін Иордания астанасы Амманда бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық мықтыларының басын қосқан бәсекеде Қазақстан құрамасы 6 алтын алып, Азиядағы алып бокс державасы екенін дәлелдеуде. Одан бөлек, бір күміс жүлде бар. Сегізінші жүлденің тағдыры енді шешіледі. Алдымен ең жеңіл салмақтағы үмітіміз Теміртас Жүсіпов үндістандықДевендро Лайшрамды жеңді. Төрешілердің екеуі Теміртасты жеңімпаз деп тапса, біреуі өз даусын үндіске беріпті. Алғашқы алтын! 60 келідегі Берік Әбдірахмановтың да тынысы енді ашылғандай. 2012 жылы өткен Қазақстан чемпионатына дейін отандық бокс жанкүйерлеріне белгісіз болып келген Берік Азия чемпионатының финалында тайландтық Арди Сайломды 2:1 есебімен тізе бүктірді. Екінші алтын! 64 келідегі Мерей Ақшалов та жерлестерінің жеңісті жолын жалғастыр…
Швейцариялық Роджер Федерер Уимлдонда сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты әлемдік ATP рейтингісінде екі саты төмендеді. Уимблдон жарысының өткен жылғы жеңімпазы Федерер осы жылы жарыстың екінші айналымында украиндық Сергей Стаховскийге жеңіліп, жарыс жолын аяқтауға мәжбүр қалған болатын. Нәтижесінде швейцариялық теннисші алдына испандық Давид Феррер мен Рафаэль Надальді жіберіп, рейтингте 3-тен 5-орынға төмендеді. Соңғы рет Федерер осындай көрсеткішке 2003 жылы ие болған еді. Сонымен қатар, Уимлдонның жартылай финалисті аргентиналық Хуан Мартин дель Потро француз теннисшісі Жо-Вильфрид Цонгті рейтингтің 7-нен 8-орынға жылжытты. АТР рейтингісі. 8 шілде күні шыққан нұсқа: 1 (1). Новак Джокович (Сербия) — 12310 ұпай, 2 (2). Энди Маррей (Ұлыбритания) — 9360, 3 (4). Давид Феррер (Испания) — 7220…
«Арсенал» клубы «Ливерпуль» шабуылшысы Луис Суареске 30 миллион фунт ұсынды, бірақ ұсыныс қабылданбады, дейді Daily Telegraph.
Басылымның хабарлауынша, екі клуб арасындағы байланыс өткен аптада болған.
Ақпарат көзіне сенер болсақ, «Ливерпуль» 26 жастағы уругвайлық ойыншыны өз командасы сапында ұстап қалуға ниетті және тек 40 миллион фунт шамасындағы қаражатқа қана клубты Суаресті сатуға ойландыруы мүмкін.
Айта кетсек, Луис қазір Конфедерация Кубогінен соң демалуда және «Ливерпуль» сапына ай соңында қосылады. Бұдан бұрын Суарес Англиядан кету жайлы ниет білдірген болатын.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: sport-xl.net
Былтыр спорттық шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты 2012 жылы спорттық шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бұқаралық спортты дамыту мәселесіне келетін болсақ, жыл сайын өткізілетін бұқаралық спорттық шаралардың саны артып келе жатқанын атап өткен жөн. Өңірлерде халықтың бос уақытын спортпен шұғылдануға арнауға қажетті шарттарды жасауға назар көбірек бөлініп отыр. 2011 жылы 7 мыңға жуық бұқаралық спорттық шара өткізелген болса, 2012 жылы болған бұқаралық спорттық шаралар саны – 18 мың. Ал ол шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық көрсеткіші — 21,6%», — деді Қожағапанов. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТ…