Айдар Қазов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Солтүстікқазақстандық Айдар Қазов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық Айдар Қазов Бішкекте өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Айдар Қазов ҚР спорт шебері, ол Эрик Әлібаев пен Дәулет Әділғазиннің тәрбиеленушісі.
«77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 179 келі нәтижемен Айдар зілтемірді жұлқи көтеруде бірінші болды. Серпе көтеруде Айдар үшінші нәтиже (135 келі) көрсетті. Осылай жалпы 314 келі нәтижемен жалпы есепте үшінші орынды иеленді», — деп хабарлады тілшіге Дарья Тушина.

