Мазмұнға өту

Жаңа

Әлемнің таңғажайып 12 кітапханасы

Мұрағатында 5000000 кітабы бар кітапхана бар екенін білесіз бе? Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бірлеп кітап жинаудан бастаған Джей Уокердің үйі бүгінде әлемдік деңгейдегі ең таңғажайып кітапханалардың бірі. Мұндай кітапханалар әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Төменде ең керемет кітапханалар тізімін ұсынып отырмыз.

1. Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған.

2. Дублиннің Тринити-колледжінің кітапханасы — Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған.

3. Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149-жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 кітап, 1500 мерзімді баспасөз, 2500 қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған.

4. Джей Уокер — америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер. Рriceline.com сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі адамзат тарихындағы ең үлкен көпдеңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар.

5. Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның негізі 1963-жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған.

6. Сиэтл кітапханасы — АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Сиэтл қаласының орталығында орналасқан. Бұл әйнек пен болаттан жасалған әсем ғимараттың негізі 2004-жылы тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион кітап сыйады.

7. Гейзель атындағы кітапхана — Сан-Диегодағы Калифорния университетінің басты кітапханалық ғимараты. Кітапхана сегіз қабаттан тұрады, биіктігі 33,5 м. Аты атақты америкалық балалар жазушысы әрі мультипликатор Теодор Сьюз Гейзельдің құрметіне қойылған.

8. Голландиядағы Делфт технологиялық университетінің кітапханасы. Ол 1997-жылы Mecanoo архитектуралық студиясының жобасы бойынша салынған. Бұл кітапхана шатыры үлкен конуспен аяқталатын ерекше үлгідегі әлемдегі бірден-бір ғимарат.

9. Хосе Васконселос атындағы кітапхана. Мексиканың астанасы Мехиконың орталығында орналасқан бұл кітапхана 2006-жылы ашылған. Кітапхана 1922-1924 жылдары Мексиканың білім министрі болған жазушы әрі пәлсапашы, мемлекет қайраткері Хосе Васконселостың есімімен аталады. Ол ХХ ғасырда Латын Америка философиясының дамуына зор үлесін қосқан тұлға.

10. Ванкувер кітапханасы — параллелепипед тәрізді тоғыз қабатты ғимарат. Сыртқы көрінісі римдегі Колизейді еске түсіреді.

11. Солт-Лейк-Сити кітапханасының басты бөлігі. Бұл бес қабатты керемет ғимарат Ванкувер кітапханасын салған архитектор Моше Сафдинің жобасы бойынша 2003-жылы салынған.

12. Британ музейінің оқырман залы — Ұлыбританиядағы ең үлкен кітапхана. 1997-жылға дейін кітапханаға кәсіби зерттеушілерге ғана кіруге рұқсат етілетін. Мұнда әр кездері Карл Маркс, В.И.Ленин, Махмат Ганди, Дж.Б.Шоу, Герберт Уэллс зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 2000-жылдан бастап кітапхана есігі көпшілікке ашық.

Afisha.ru

Аударған: Айнұр Ракишева

7
1
39052

Көңіл айту

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Арман Массалимов пен Евгений Виссарионовтың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

0
0
1037

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл - халықтың тағдыры, дүниетанымы, салт- дәстүрі. Өз тіліне, айырылған ұлт сол ұлтқа  тән барлық құндылықтарды жогалтып, жеке  өзіндік ойлау жүйесінен  айырылады. Ұлттық тіл, ұлттық рухани байлық, ұлттық мінез- құлықтан айырылған ұлттық болашағы да жоқ.

Қоғамдағы мәдениетке жеткізетін, қоғамдық ой- сананы биікке көтеретін, қуатты да құдыретті ана тілі- қазақ тілін біз өз деңгейінде қолданысқа енгізіп келеміз бе? Дәл қазіргі уақытта қазақ елі жаһандану дәуіріне қадам басып келеді. Яғни, соңғы жылдары елімізде шетелдік фирмалармен алыс - беріс жасап, ынтымақтаса жұмыс істеу көбейді. Нарықтық экономиканың халықаралық деңгейдегі сауда - делдалдық, көлік, қаржыландыру мен кредиттеу, жарнамалық қызмет, халықаралық көрмелер, аукциондар, халықаралық экономикалық  қатынастар т.б алуан түрлі салалар жұмысын күшейтті. Демек, дәл осы уақытта өркендеген елде тіліміздің құрылымы мен жүйесі дами түсіп, аса күрделі құбылыстарды дәл бейнелейтін қабілеті арта береді.

Тіл- халықтың дамуымен тарихтың шеруімен, белгілі оқиғаларға орай байып отыруы керек. Жаңа ұғымдар, жаңа терминдер қалыптасу керек. Ол жаңадан енген терминдерді де өзімізден табу мүмкін емес немесе шарт емес. Міне, дәл осылай тіліміз күрделене береді. Қазақ тілі- түпкі табиғатында  ауқымы кең, оралымды, әрі аса бай тіл. Біз осы тілімізді толық иегере алдық па? Толық иегере алмай жатуымыз – сол ұшан байлықтың көрінісі. Оған жаңа терминдерді қосыңыз.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» деген қанатты сөзімен мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру туралы үнемі алға қойып келе жатқан міндеттерін орындау аясында көптеген жұмыстар да атқарылып жатыр.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламы», «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге, қабілеттігін арттырудың 2007- 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы» т.б мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге және дамытуға арналған құжаттар бар. Аталған құжаттардың іс жүзінде орындалуына да көптеген жұмыстар атқарылды және атқарыла бермек. Ескелді аудандық әділет басқармасы осы салада ықпалды жұмыс атқара отырып, іс - жүргізуді толығымен мемлекеттік тілге көшірді.

Ия, қазақ ұлтының қасиетін білгің келсе Абайды оқы, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов т. б. ғұламалардың шығармаларын парақта. «Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміздің мәртебесін көтеру әрбір қазақ шаңырағы өз отбасынан бастау керек. Әр ана мен әке өз баласына оның қазақ екенің, өз ұлтынан биік ұлттың жоқ екенін, қазақ ұлтының салт- дәстүрлерін бойларына сіңіре білсе, ол бала – отан сүйгіш, болып өседі. Демек, нағыз азамат, нағыз қазақ ең бірінші отбасынан алған тәрбиесінің жемісің, игілігін ең бірінші өз отбасына және еліне көрсетеді. Сондықтан, еліміз бен жеріміздің ертеңгі иесі- отаншыл, білімді ұрпақты тәрбиелеп өсіру әлемдік өркениет көшіндегі өз орнымызды анықтау болып табылады.

Қазақстанның гүлденуіне, биіктерден көрінуіне Қазақстандағы әрбір қазақ азаматының ана тілінде сөйлеуіне, жақсы білім алуына, өз құқығын білуіне міндетті. Елдің тірегін берік ұстау тек өзімізге байланысты. Рухымыздың биік, отан сүйгіштік қасиетіміз жоғары болса, тіліміздің де мәртебесі де үстем болмақ!

 
1
0
628

Қазақ фильмдері туралы

Мен осы шығармамды өз тілім Қазақ тілінде жазғым келеді. Болашақта жақсы журналист болуды армандаймын. Сол себепті мен осындай көп шығармалар жазып дайындалуым керек. Және тағы жазарым: Қазақтар және қазақ елінде туратын Өзге Ұлт Өкілдері тек қазақша сөйлеу керек! Кейбіреулері қазақ тілін біледі, бірақ орыс тілінде сөйлейді, жазады. Ал кейбіреулері Қазақстанда турады, бірақ орысша немесе басқа тілмен сөйлейді. Мен соған қарсымын, кім болсын Қазақстанда турсан Қазақ тілін үйреніп алғаны дүрыс. Ал енді менің қазақ тілінде жазылған нағыз керемет Қазақ фильмдері туралы шығармамды оқып өз бағалырынызды берініздерші! Және қателер болса кешірім сұраймын. Қате жок сияқты. Рахмет!

Маған Менің атым Қожа және Шал фильмдері катты унайды. Осы екі фильм туралы жазгым келеді.

Менің атым Қожа фильмі 1957жылғы Соқпақбаев Бердібек-тің шығармасынан. Менің атым Қожа – повесть, фильмі де әрі кітабы да бар. Бұл фильмді жасы да кәрісі де сүйіп көреді. Жас, нагыз ауыл жігіті Қожа туралы.  Қожа Қадыров әкесін жаксы көреді дегенмен Қожа әкесінің қандай адам екенінде білмейді себебі әкесі майданға аттанғанда Қожа екі жаста еді. Екі жасар бала не біледі? Сол кеткеннен абзал әкесі мол кетті. Қожа әжесінің ерке әрі тентек, жалғыз немересі еді. Қожа фильмі комедия жанрындада корсетілген. Бұл фильмнің көрерменге жол тартқанына 50жылға таяған. Көрермен қауымды алғашқыдан бастап өзіне баурап алды.Шетелдіктердің өзі қайран қалып жатты.Нағыз қазақи фильм.

Қожаның рөлін белгілі актер Нұрлан Сегізбаев сомдады.

Нұрлан Сегізбаев
Туылған жылы 28.10.1951 Өскемен қаласындағы Педагогикалық институтының Сценаист мамандағын тәмамдаған. 
Абдулла Қарсақбаевтың киносына байқаусызда келген Нұрлан ағамыз түскен бұл кино бірнеше ғасыр бойы жас ұрпақтың сүйікті киносы болатыны анық.

Кезінде Қожа болып жүрген кезіңізден қандай естеліктер айтып бересіз?
Мені алғаш көргенде, режиссер мені кргенде тілін жұтып қойғандай меңірейді де қалды.Шамасы көөңілінде жүрген баланың табылғанына қуанғаны шығар. Кейін Шәкен Айманов келіп; саған керек бала осы деп кетті. Мен актер емес ежім. Әр баланың бойында бір талант болады. Соның көзін аша білу керек. Фильмге түсу мен үшін оңай болмады. Сабағым да мәз емес еді. Киноға түсем деп кластан қалып қойдым. Қатты шаршайтынмын. Абдолла аға балалардың тілін қатты табатын. Сұлтан екеуміз төбелесіп қалатын жеріміз бар, сол кезде шын төбелесіп, оның мұрнын қанатып қойғанмын. Сұлтан маған фильмде темекі тартуды үйретсе, фильмнен кейін өмірде мен оған үйреткенмін. Қарап отырсам Бұл фильм қазақ киносының классикасына айналды. Киноға түсерде айына тоқсан сом алдым. Он айға тоғыз жүз сом. Ол ақша маған киімдер мен велосипед алып берді.Отбасымыз үлкен, әкем ғана жұмыс жасайды.1999ж анам қайтыс болды, кеңсайға жерледік. Анамды жерлеп жатқанда қарасам, таң қалдым. Тура жанына актриса Бикен Римова жерленген. Кинодағы менің анам. Сөйтіп өмірдегі, фильмдегі аналарым мәңгілік мекендерінде жатыр.

Сұлтан рөлін ойнаған Марат Кәкенов.

Келесі фильм Шал фильмі.

Фильмде бас рөлді 63 жастағы Ерболат Тоғызақов сомдайды. Оның кандидатурасы қатаң іріктеуден кейін мақұлданды

Ермек Тұрсынов наурыз айында жаңа туындысы «Шал» фильмінің жабық көрсетілімін өткізді. Ермек Тұрсынов «Шал» фильмін атақты жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірді. Тікелей шығарманы қайталау емес. Фильмді жасау идеясы Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевқа тиесілі. Картинада санаулы ғана кейіпкер бар. Басты кейіпкер ауыл қарты, оның келіні және немересі. Жалғыз ұлы өмірден озған қарт артынан қалған жалғыз немересін интернатқа қалаға оқуға жібергісі келеді. Атасына ренжіген немересі: «Сен менен тезірек құтылғын келеді» - деп ашуланады. Немересі қалаға оқуға барғысы келмейді. Сол себепті Атасы мен Немересі жиі ренжіседі. Бірак немересі Атасын әрине катты жаксы көреді. Қандай сөздер айтсада атасы мен немерсі бір бірін жақсы көретінін фильм соңында дәлелдейді. Шалдын есімі Қасым. Немересі Ералы. Қасым шалды ауылдын адамдары сыйлайды. Қасым қарт ауылда ешкі, қой бағумен айналысады. Қойларына атақты шетел футболист жұлдыздарының есімдерін береді және әр қойдың өз саны бар. Қасым ата өте сабырлы, мықты ата. Келіні, яғни Ералының анасы өте тәрбиелі келін. Ералы атасына ренжіп қарсы сөйлесе келіні атасын қорғап Ералыға ұрұсады. Соған Ералы ренжиді. Фильмде шал койларын айдап кыстауға апаруға дайындалады. Сонда көршісі келіп оныңда қойларын алып кетуін өтінеді. Шал қарсы болмай бәрін ертіп алып кетеді. Міне, барлық оқиға осыдан басталды. Күн суып, жауын шашын бола бастайды. Шал жолға шығып кетті. Дала суық және Қасым ата адасып кетті. Кеш батты. Жолды бес саусағындай білетін ата лезде адасып кетті. Өзі таңқалып ашуланып жүр. Әрі қарай, Қасым ата аш қасқырлармен қойлары және өзі үшүн шайқасады. Көп қыйындықтардан өтеді. Жолда адасып жүрген аңшыны кездестіріп оны құтқаруға тырысады, бірақ ол кісіден айырылып қалды. Немересі атасын уайымдап жата алмай көршісіне барып көмек сұрайды. Көршісі бірден көмекке келмейді, тек Ералы қоймаған соң ақыры Ералыны ертіп Қасым шалды іздеуге шығады. Бар ауыл іздейді, бірақ ешкім таппай бәрі үмітін үзеді. Тек Ералы ғана атасын іздеуден шаршамай ақыры табады. Шал тірі тек койлары жоқ бір ғана кішкентай қой қалған. Оғанда Шүкүр.

Фильм өте аянышты. Мен ең алғашында Қазақстан Ұлттық телеарнасынан тамашаладым. Фильмді көріп отырып қатты беріліп жыладым. Сондай керемет фильм болды. Барлық достарыма,  таныстарыма осы фильмді көруін өтіндім. Бірі көрсе бірі көрмеген.

Фильм суреттері:

- Қасым шал

- Қасым шал және немересі Ералы.

- Қасым шал және бейтаныс аңшы

Фильм жайлы қызықты мәліметтер:

  1. Баста фильмнің бас кейіпкері Қасым қартты рөлін сомдауға марқұм Қасым Жәкібаев шақырылған. Алайда, актер сырқаттанып, кейін дүниеден озды. Ермек Тұрсынов дара тұлғаның рухына тағзым жасап, кейіпкер есімін Қасым деп өзгерткен.
  2. Фильмге түсіру үшін еліміздегі қолға үйретілген көкжалдардың саны аз болғандықтан, біразы Ресейдің Брянск қаласынан әкелінген. Оларды ұшақ пен пойыз арқылы тасымалдауға рұқсат болмағандықтан, оларды Алматы облысына көлікпен жеткізген.
  3. Түсірілім кезінде тұманды қолдан жасауға тура келген. Кейбір эпизодтарға қарапайым түтін пайдаланған

 

1
0
6138

Нақтырақ Қазақстан мен Қытай қорғаныс ведомстволары арасында ниеттер туралы меморандуға қол қойылды

Бүгін ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Фань Чанлуннің Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы ниеттер туралы меморандумға қол қойылды.

 

 

Аталған құжат Қазақстан мен Қытай қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
305

Нақтырақ Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасарымен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Фань Чанлун мырзамен кездесті.

 


   

Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков:

   

– Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тату көршілік және достық қарым-қатынастық негізінде жемісті дамып келеді. Екі мемлекет басшыларының Боаос Азия форумы барысындағы екіжақты кездесуі үлкен маңызға ие. Мемлекет басшылары барлық бағыттағы, оның ішінде қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты өзара тиімді нығайту мен дамытуға уағдаласты, – деп өтті.

   

Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай әскери ынтымақтастығы жеткілікті қарқынмен дамып келеді. «Бейбіт миссия» террорға қарсы оқу-жаттығуын бірлесіп дайындау және өткізу екі ел Қарулы Күштерінің Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі өзара тығыз іс-қиымылының нақты мысалы бола алады. (2014 жылы оқу-жаттығуларды Қытай аумағында Бейжің қаласының маңында өткізу жоспарланаған).

   

Әділбек Жақсыбеков мәртебелі мейманды 2013 жылғы маусымда Бішкекте өткен ҚХР Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен келіссөздер туралы хабардар етті.

   

– Біз екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселері мен болашағын талқыладық. Әскери-техникалық және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаластық, – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі.

   

Өз кезегінде Фань Чанлун Қазақстан Қарулы Күштерінің белсенді дамуын айта келе екі ел арасындағы әскери саладағы ынтымақтастықтың болашағы Қазақстан мен Қытайдың мүдделеріне әрқашан жауап беретініне сенім білдірді.

   

Қазақстан Қорғаныс министрі мәртебелі мейманды келе жатқан Қытай Халықтық азат ету армиясының құрылған күнімен құттықтап, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуда табыстар тіледі.

   

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Фань Чанлун мырза Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапары аясында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Ақтау қаласындағы бөлімшелерімен танысатын болады.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
348

Алты жасар шахматшы Сұлтан Әбен Азия чемпионатының қола жүлдегері

ТАРАЗ. 17 шiлде 2013, 14:26. BNews.kz time.kz сайтының суреті

Олимпиада резервінің Жамбыл облыстық №4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шахматтан жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушысы Нұргүл Иланбекованың тәрбиеленушісі — алты жасар Сұлтан Әбен — жаңа жұлдыздардың бірі деп жазады Sports.kz.

«Ол өткен жылдан бастап шахматқа ден қойған, интеллектуалдық ойында ол жетістікке жетіп, ойынның алдағы бірнеше қадамын ойластыратын және стратегиялық ойлау қабілетті жоғары екендігін көрсетті», — деп көрсетілген жазбада.

«Біздің шахмат бөлімінде осы жас шамасындағы оншақты бала бар. Сұлтан мектебімізге былтыр ғана келген. Біз онымен жарты жылдай айналысқан уақытта алғашқы нәтижелер пайда болды», дейді Нұргүл Иланбек.

Жас шахматшы қалалалық және облыстық жарыстарда қарсыластарын жеңе берген. Сұлтан облыстық біріншіліктің қола жүлдегері.

Былтыр желтоқсан айында Сұлтан халықаралық аренадағы жарысқа барды. Алайда Индияда өткен оқушылар арасындағы Азия біріншілігінде алғашқы үштікке ілінбеді. Бесінші орын алғанының арқасында Иранның Сари қаласында өткен 2013 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.

Үндістан, Моңғолия, Иран, Ирак, Вьетнам, Қытай, Филиппин және басқа да Азия елдерінен келген 120 шахматшы 6-18 жас аралығында жеті жасына қарай топта сайысты. Сұлтан осы жарыста сегіз жасқа дейінгілер арасында үшінші орынға көтерілді.

«Бұл аса тартысты әрі қиын ойын еді. Әрбір оқушы тек жеңіске ұмтылды. Бұл жолы да жүлденің көбін Шығыс Азия елдерінің шахматшылары әкетті. Соның ішінде Сұлтан Әбенде жеңімпаз атанды. Жас шахматшыны дайындау өте қиын шаруа. Десек те Сұлтан дарынды, еңбекқор, алған бетінен қайтпайтын бала. Сондықтан болар онымен дайындалу жеңіл. Алдағы уақытта жетістікке жететіне сенімдімін», дейді Нұргүл Иланбек.

   
0
0
535

Қызылордалықтар ауыр атлет Александр Зайчиковты әуежайда қошеметпен қарсы алды

Қызылордалықтар Қазанда өткен универсиадаға қатысқан ауыр атлет Александр Зайчиковты әуежайда қошеметпен қарсы алды. Бұл туралы Bnews.kz Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы Ақерке Жоламанова.

«Александр Зайчиков біздің университеттің «Денешынықтыру және спорт» мамандығының  3 курс студентті. Ол Қазанда өткен 7-ші Халықаралық унивесиадада 94 келіге дейін ауыр салмақта жалпы есепте 375 келі салмақ көтеріп (168+207 — Авт.) күміс медаль иеленді. Әуежайда Александр Зайчиковты оқу орнының ректоры Қылышбай Бисенов бастаған университет делегациясы, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, спортшылар мен студенттер салтанатты түрде қошеметтеп қарсы алды. Олар Спортшыны жетістігімен құттықтады», — дейді баспасөз хатшысы.

Спортшының жаттықтырушысы Вилорий Пак оның қазан айында ауыр атлетикадан әлем біріншілігіне қатысатынын айтып өткен. Варшавада өтетін ауыр сынаққа дайындықты спортшы универсиададан тыныққаннан кейін бастайды.

 
0
0
434

Қазақстан құрамасы XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарына қатысады

АСТАНА. 18 шiлде 2013, 08:49. BNews.kz Фото: akipress.org

Қазақстан құрамасы алдағы XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындары қарсаңында соңғы жаттығуларын жүргізуде. Жарыс 1 мен 10 тамыз аралығында Белфаст қаласында (Солтүстік Ирландия) өтеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Бұл жарыста Қазақстан атынан ең нәтижелі атлет Серік Нұрғалиевтің басшылық етуімен 5 спортшы өнер көрсететін болады», — делінген хабарламада.

Команда капитаны әлемнің он дүркін чемпионы әрі рекордсмені, құқық қорғаушы органдар арасында Еуропа чемпионы, күштік құрылымдар арасындағы біріншіліктердің 27 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль иегері болып табылады.

Белфастте өтетін XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер олимпиадасында әлемнің 70-тен астам елінен шақыртылған 25 мыңға жуық көрермен қатысады деп жоспарлануда. Оған қоса 56 спорт түрі бойынша сынға түсетін құқық қорғау органдарының 10 мыңға жуық қызметкері тағы бар.

Үш күштік спорт түрінен (бенчпресс, пушпуллифтинг, армрестлинг) сайысқа түсетін Серік Нұрғалиевтен бөлек, ойындарда ОҚО-дан құқық қорғау органдары арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы Асқар Жандаров (дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес), Астанадан халықаралық деңгейдегі спорт шебері Талғат Қожабаев (дзюдо, грек-рим күресі), Алматыдан Абдусанат Шарафов (бокс, карате), ШҚО-дан ҚР спорт шебері Асхат Елеубаев (дзюдо) сынды спортшылар бақ сынаспақ.

 
0
0
365