Алты жасар шахматшы Сұлтан Әбен Азия чемпионатының қола жүлдегері

ТАРАЗ. 17 шiлде 2013, 14:26. BNews.kz time.kz сайтының суреті
Олимпиада резервінің Жамбыл облыстық №4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шахматтан жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушысы Нұргүл Иланбекованың тәрбиеленушісі — алты жасар Сұлтан Әбен — жаңа жұлдыздардың бірі деп жазады Sports.kz.
«Ол өткен жылдан бастап шахматқа ден қойған, интеллектуалдық ойында ол жетістікке жетіп, ойынның алдағы бірнеше қадамын ойластыратын және стратегиялық ойлау қабілетті жоғары екендігін көрсетті», — деп көрсетілген жазбада.
«Біздің шахмат бөлімінде осы жас шамасындағы оншақты бала бар. Сұлтан мектебімізге былтыр ғана келген. Біз онымен жарты жылдай айналысқан уақытта алғашқы нәтижелер пайда болды», дейді Нұргүл Иланбек.
Жас шахматшы қалалалық және облыстық жарыстарда қарсыластарын жеңе берген. Сұлтан облыстық біріншіліктің қола жүлдегері.
Былтыр желтоқсан айында Сұлтан халықаралық аренадағы жарысқа барды. Алайда Индияда өткен оқушылар арасындағы Азия біріншілігінде алғашқы үштікке ілінбеді. Бесінші орын алғанының арқасында Иранның Сари қаласында өткен 2013 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Үндістан, Моңғолия, Иран, Ирак, Вьетнам, Қытай, Филиппин және басқа да Азия елдерінен келген 120 шахматшы 6-18 жас аралығында жеті жасына қарай топта сайысты. Сұлтан осы жарыста сегіз жасқа дейінгілер арасында үшінші орынға көтерілді.
«Бұл аса тартысты әрі қиын ойын еді. Әрбір оқушы тек жеңіске ұмтылды. Бұл жолы да жүлденің көбін Шығыс Азия елдерінің шахматшылары әкетті. Соның ішінде Сұлтан Әбенде жеңімпаз атанды. Жас шахматшыны дайындау өте қиын шаруа. Десек те Сұлтан дарынды, еңбекқор, алған бетінен қайтпайтын бала. Сондықтан болар онымен дайындалу жеңіл. Алдағы уақытта жетістікке жететіне сенімдімін», дейді Нұргүл Иланбек.
