Мазмұнға өту

Жаңа

Оралда «Ақжайық» футбол клубының ойынын тамашалау ақылы болады

ОРАЛ. 17 шiлде 2013, 18:08. BNews.kz

«Ақжайық» футбол клубының матчына кіруге билет сатылатын болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20-ші шілдеде Ақжайық пен Өскеменнің «Шығысы» кездесуіне алғаш рет билет сатылмақ.

«Билеттің құны ересектерге де балаларға да 100 теңге көлемінде белгіленді. Біз жанкүйерлерімізге ауыр болмауы үшін осындай бағамен билет сатамыз. Басқа қалалардың барлығында ойынды тамашалау ақылы»,- деді «Ақжайық» ФК пресс-атташесі Арсен Губашев.

Сонымен қатар, «Ақжайық» ФК бас директоры Рашит Хуснутдинов өз өтінішімен жұмыстан кеткені хабарланды. Бұл қызметті клуб директорының орынбасары болған Эрик Кенжебаев атқарады

 
0
0
395

Он бірінші күн (соңғы күніміз)

Бүгін біздің экспедициямызды қорытындылайтын күн.Яғни,бүгін біз Ақтөбеге жол жүреміз.Осы қызықты 10 күннің қалай өткенін мәлімдеу үшін біз Астана қаласының ФМБ НЗМ-іне бардық.Бұл жерде біз осы экспедиция бойы алған өз сезімдерімізді баяндап,слайдшоуларымызды,түсірген фотосуреттерімізді көрсеттік.Кешіміздің соңында бізге осы 10 күн бойы өте жақсы қызмет көрсеткен "DANA tour" туристік компаниясы біздің мектепке өз сыйлықтарын сыйлап,жылы лебіздерін білдірді.Содан соң,әр біреуімізге шар беріп,бәріміз естелікке суретке түстік.Сыртқа шыққан соң,сол шарларымызды әуеге ұшырдық.Неше түрлі-түсті шарлар әуеде өте әдемі көрінді)Осылай біз Астана қаласында болған "Туған елге тағзым"атты экспедициямызды өте сәтті аяқтадық.Экспедиция барысында біз тарихымызға үңіліп,қазіргімізге тамсана қарап,болашағымызды жоспарладық,көптеген мәліметтер жинақтап,білімімізді толықтырдық,бір-бірімізбен достаса түстік.Маған осы 10 күннің барлығы есімде ұзаққа қалады деп ойлаймын.Себебі,маған бұл экспедиция барысы өте қатты ұнады әрі артынан көптеген қуанышты естеліктер қалдырды.Міне,енді біз қайта Ақтөбеге кетіп барамыз.Бір жағынан Астананы,қызықты күндерді қимайсың,бір жағынан туған қалаңа да асығасың))Cөз соңында мен осы 10 күн бойы біздің жағдайымызды жасап жүрген "DANA tour" компаниясы мен біздің ағай-апайларымызға,"Туған елге тағзым" бағдарламасының басшысына үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Сіздермен бірге осы күндер бойы болған мен- Санат Ляззат,Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ-інің оқушысы!Келесі көріскенше!!!

10.07.2013  20:00

0
0
626

Тоғызыншы күн

Бәріңе қайырлы кеш!Менің ойымша,бүгінгі күн өз сұлу табиғатымен бәріміздің есімізде қалады .Себебі,бүгін біз Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен-Бурабайға жол тартқан болатынбыз.Экспедициямыздың бірінші аялдамасы-Щучье тарихи-өлкетану музейі болатын. Бұл музей 1998 жылы 9 мамырда ашылған.Музей қала халқының ықпалы негізінде құрылып, қала мәдениет басқармасының үйінде орналасқан болатын.Бірақ,кейін 1998 жылы қалалық мәдениет үйіне көшірілген.Бұл жерде біз сол аймақтың тұрғындарының ерте кездегі өмірлері туралы естіп,олардың қолданған заттарын көрдік.Сонымен қатар,осы жерден шыққан батырлар мен ақын-жазушылар туралы,яғни,осы жердің тарихы мен тұрғыны туралы көптеген мәліметтер білдік.Осы мұражайдан кейін бізді «Бурабай» ұлттық паркінде тағы да бір мұражай күтіп тұрды.Ол-«Табиғат мұражайы» болды.Мұражай 2009 жылы 8 мамырда ашылған.Бұл жерде біз ұлттық парктің флорасы мен фаунасы,ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері туралы кең мағұлмат алдық.Сонымен қатар,осы жерде кездесетін жануарлардың мүсіндерін де тамашаладық.Мұражайдың ішін аралап болған соң,сыртта орналрасқан зообұрышты тамашаладық.Мұнда: елік,бұғы,қабан,аққу,үйрек,тырна ,қасқыр,түлкі сынды жануарлар мен құстарды көрдік.Маған өте қатты ұнады!Сәл тынығып,түскі асымызды ішіп алғаннан соң, біз Бурабайдың өзін аралап,суретке түсіп,табиғатына тамсандық.Содан соң,Абылай ханның отырған тағын жеті рет айналып,өз арман-тілектерімізді айттық.Сол жерде қиын болса да барлығымыз тауға шығып,көңіл көтердік. Үгілу мен желдің әсерінен пайда болған ерекше тас мүсіндерді тамашаладық.Мысалы: «Оқжетпес», «Ұйқыдағы батыр», «Бүркіт» және т.б.Осындай керемет табиғат сұлулығын өз көзіммен көргенде бұл жерге «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеуді босқа бермегеніне көз жеткіздім.Менің ойымша біз бүгін өте жақсы әрі қызықты өткіздік.Бүгінгі күн маған қатты ұнады!

8.07.2013  22:30

Щучье тарихи-өлкетану музейі

"Табиғат мұражайында"түсірілген фотосуреттер

Зоопарктағы аңдар

Жер жаннаты-Бурабай!


0
0
1754

«Көкпар». Ұлттық ойын


«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Көкпардан» Нәби Момынов еске алуға арналған халықаралық турнир. Батыс Қазақстан құрамасы мен «Әулие-ата» командалары арасындағы тартыс. 21 шілде сағат 14:15-те Ұлттық арнада ұлттық ойын - «Көкпар».

0
0
265

Сегізінші күн

Бәріңе сәлем!Бүгінгі күн өте керемет өтті.Бүгін біз жылап та,қуанып та үлгердік.Себебі,бүгін біз шахтерлар қаласы болып табылатын-көмірлі Қарағандыға жол тартқан болатынбыз.Біздің бұл қаладағы ең бірінші аялдамамыз-КарЛаг мұражайы болды.КарЛаг - жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде ұйымдастырылған ГУЛАГ (Қазақ КСР Халық комиссариатына (НКВД) қарасты лагерьлерінің Бас басқармасы) деп жинақтап алынған атымен жүздеген лагерьлердің бірі болған.Бұл лагерде қазақ халқының көптеген аса дарынды және парасатты ұлдары «контрреволюциялық қастандық жасаушы», «террористік әрекеттерді ұйымдастырушы», «Жапонияның тыңшысы», т.б. ойдан шығарылған өтірік айыптаулардың құрбаны болды. Оларды бүкіл елдің алдында «халық жауы» деп қаралап, балаларын ата-анасынан,әйелдерін күйеулерінен айырған. Осындай сұмдық жайттарды естігеннен кейін біз,яғни ХХI ғасыр жастары,бұндай жазықсыз жандарды қырып-жойған саяси зорлық-зомбылық 1930-1959 жылдар аралығында  болып,қазір оның орнында тек ғана тарихи мұражай қалғанына қуанып,бүгінгі күнімізге шүкіршілік айтамыз.Себебі, біздің сол жердегі мүсіндерді көргенімізде кейбіреулеріміздің жүрегіміз шыдамай сыртқа шығып кеттік,ал кейбіреулеріміз күрсіне отырып,көзімізге жас алдық.Бір сөзбен айтқанда,біздің сол жерде сезінген сезімдерімізден кейін біз бақытты,тәуелсіз әрі бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға өте қуанышты болдық,біз үшін қан мен тер төккен ата-бабаларымызға үлкен алғысымызды айттық.Осындай жан түршіктірер жерден кейін біз Қарағанды қаласының ФМБ НЗМ-іне жол тарттық. Біз мектепке кірген кезде,қай жерде не бар екенін біліп тұрдық.Себебі,мектептің архитектурасы тап біздің мектеп секілді.Мектеп іші өте әдемі екен,бәрімізге де ұнады.Бірақ біз бұл жерге тек ғана мектепті тамашалауға келген жоқпыз,біз осы жерге біз секілді экспедицияға келген Семей қаласының оқушылары  мен осы Қарағанды жерінің оқушыларымен спорттық жарысқа қатысуға келдік.Жарыс біз үшін өте сәтті өтті.Себебі,біз жарыста өзіміздің күшіміздің,татулығымыздың,жанкүйерлеріміздің арқасында бірінші орын иегерлері атандық.Жеңіске жеттік!Осылай қонақ үйге қызықты оқиғаларымызбен қатар үлкен жеңіспен оралдық.Менің ойымша,бүгінгі күн бәрінің есінде ұзаққа сақталады.Келесі көріскенше!

7.07.2013 23:00

КарЛаг мұражайы

Біздің жеңіп алған кубок.Бәріміз қуаныштымыз)))


0
0
842

«Құтқарушы»

Әр сенбі және жексенбі күндері, сағат 12:50-де екі бөлімі қатар көрсетілетін телехикая - «Құтқарушы». Ол кешікпейді. Ол келеді. Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.

0
0
239